Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 10 қазандағы № 559 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасы Президенті мен
Үкіметі актілерінің жинағында және
республикалық баспасөзде жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 28, 424-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 792 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 25, 192-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 164 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 1-2, 2-құжат).

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады