Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 12.02.2019 № 838 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы № 88 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 40, 417-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; 2009 ж., № 3-4, 7-құжат; 2010 ж., № 2, 12-құжат, № 37, 309-құжат, № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 48, 646-құжат; 2012 ж., № 62, 848-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережеде:
7-тармақты мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Мемлекеттік хатшысы, Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Сыртқы істер министрі, Қорғаныс министрі лауазымы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері болып табылады.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н.Назарбаев |