Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы N 88 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 838 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 12.02.2019 № 838 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20)

      тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

      1. Мыналар бекітілсін:

      1) Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы ереже (N 1 қосымша);

      2) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құрамы (N 2 қосымша).

      2. "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 22 қарашадағы N 3237 Жарлығының күші жойылған деп танылсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Президенті



  Қазақстан Республикасы
Президентінің
1999 жылғы 20 наурыздағы
N 88 Жарлығына
N 1 қосымша

Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы
Ереже
I. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі (бұдан былай - Қауіпсіздік Кеңесі) Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік егемендігін, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау, елдегі әлеуметтік-саяси тұрақтылықты ұстап тұру, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі Мемлекет басшысының шешімдерін әзірлеу және өкілеттігін іске асыруына жәрдемдесу үшін Қазақстан Республикасының Президенті құратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Қауіпсіздік Кеңесі қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

II. Қауіпсіздік Кеңесінің негізгі міндеттері

      3. Қауіпсіздік Кеңесінің негізгі міндеттері мыналар:

      1) ұлттық мүдделерді қорғаудың негізгі бағыттарын айқындау, ұлттық қауіпсіздікке төнетін ішкі және сыртқы қатерлерді анықтау, талдау, бағалау және болжамдау, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін таңдау;

      2) елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;

      3) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі, сыртқы және әскери саясат мәселелері бойынша шешімдер қабылдау үшін және осы шешімдерді іске асыру шаралары, сондай-ақ жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар мен ұсынымдар енгізу;

      4) ұлттық қауіпсіздік саласында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және олардың күшін жою жөнінде ұсынымдар дайындау болып табылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2006.06.06 N 131, 2012.07.13 N 355 Жарлықтарымен.

III. Қауіпсіздік Кеңесінің функциялары

      4. Негізгі міндеттеріне сәйкес Қауіпсіздік Кеңесіне мынадай функциялар жүктеледі:

      1) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қатысты әлемдегі және өңірлердегі ахуалдың дамуына кешенді талдауды жүзеге асыру, ұлттық қауіпсіздікке төнетін ішкі және сыртқы қатерлердің туындайтын көздерін айқындау және болжамдау, олардың алдын алу және бейтараптандыру жөнінде шаралар қолдану;

      1-1) елдің дамуындағы аса маңызды бағыттар бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мазмұнын қарау және бағалау;

      1-2) құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру;

      2) қоғамдық, әскери, саяси, экономикалық, ақпараттық, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін қарау;

      2-1) елеулi әлеуметтiк-саяси, экономикалық, әскери, экологиялық және өзге де салдарлармен байланысты дағдарысты жағдайлардың алдын алу жөнiндегi жедел шешiмдердi, соның iшiнде жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi ұсынымдарды дайындау;

      3) құқық қорғау органдарының, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қызметін талдау, мониторинг жасау, инспекциялау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысатын мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және реформалау, Қазақстан Республикасының Президентіне осы қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      3-1) Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер, Әділет министрліктерінің, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің, Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің бірінші басшылары лауазымына тағайындауға ұсынылатын кандидатураларды талқылау;

      3-2) құқық қорғау органдары, Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысатын өзге де мемлекеттік органдар басшыларының есептерін тыңдау;

      4) ұлттық қауіпсіздік саласындағы ішкі, сыртқы және әскери саясат мәселелері жөніндегі орталық және жергілікті атқарушы органдарға арналған негізгі бағдарламалық құжат ретінде Қазақстан Республикасы қауіпсіздігінің жай-күйі туралы Қазақстан Республикасының Президентіне жыл сайынғы Баяндаманы әзірлеу;

      4-1) Мемлекет басшысына ұсыныстар тұжырымдау мақсатында елдің орталық атқарушы органдарының ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметінің нәтижелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайынғы баяндамасын қарау;

      5) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын, мемлекеттік егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Мемлекет басшысы шешімдерінің жобаларын дайындау;

      6) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша елдің стратегиялық ресурстарының пайдаланылу мониторингін әзірлеу;

      6-1) қорғанысқа, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке бағытталатын республикалық бюджет қаражатының мақсатты пайдалануын бақылаудың нәтижелерін талдау;

      7) ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі заң жобаларын талдау, олар бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынымдар табыс ету;

      8) ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, Қауіпсіздік Кеңесі шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру, анықталған кемшіліктерді, олардың туындауына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар енгізу жүктеледі;

      8-1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулердi ұйымдастыру.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2006.06.06 N 131, 2009.01.21 N 728, 2010.09.22 N 1066, 2011.07.22 N 124, 2012.07.13 N 355; 29.08.2014 N 900; 29.12.2015 № 158 Жарлықтарымен.

IV. Қауіпсіздік Кеңесінің құрамы және оны
жасақтау тәртібі

      5. Қазақстан Республикасының Президенті Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы болып табылады.

      6. Қауіпсіздік Кеңесін Қазақстан Республикасының Президенті жасақтайды және ол Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінен және мүшелерінен тұрады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2002.09.24 N 951, 2006.06.06 N 131, 2009.01.21 N 728 Жарлықтарымен.

      7. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Мемлекеттік хатшысы, Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Сыртқы істер министрі, Қорғаныс министрі лауазымы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері болып табылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 15.04.2014 N 797 Жарлығымен.

      8. Лауазымы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып табылады.

      Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері етіп Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының ұсынысын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының ұсынымы бойынша өзге де лауазымды тұлғаларды қосымша тағайындай алады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2009.01.21 N 728 Жарлығымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2010.06.04 № 993, 2012.07.13 N 355; 19.02.2014 N 755 Жарлықтарымен.

V. Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыс тәртібі мен оның
қызметін қамтамасыз ету

      9. Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы, әдетте, Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның тапсыруымен Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің бірінің төрағалық етуімен кемінде үш айда бір рет өткізіледі және хаттамамен ресімделеді. Қажет болған жағдайда Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырыстары өткізілуі мүмкін.

      Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы тек Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің қатысуымен аз құрамда өткізілуі мүмкін.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.01.21 N 728 Жарлығымен.

      10. Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары оның мүшелерінің үштен екісі қатысқан жағдайда, ал аз құрамда өткізілетін отырыстар Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің үштен екісі қатысқан жағдайда құқылы. Отырыстарға Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері мен мүшелерінің қатысуы міндетті, олардың өз өкілеттігін өзге лауазымды адамдарға табыстауына жол берілмейді.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.01.21 N 728 Жарлығымен.

      11. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдері отырысқа қатысқан Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері мен мүшелері жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылданады.

      12. Қауiпсiздiк Кеңесi қабылдаған шешiмдер Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының орындауы үшiн мiндеттi болып табылады. Қажет болған жағдайда Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдері Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметінің актілерімен іске асырылуы мүмкін.

      Аса маңызды мәселелер Президенттiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысының басшылығымен өткізілетін жұмыс бабындағы кеңестерінде алдын ала талқыланады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2006.06.06 N 131 Жарлығымен.

      13. Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін оның аппараты - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы, Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімі, Қауіпсіздік Кенесінің Ахуалдық орталығы, Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі, Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімі қамтамасыз етіп, олардың құрылымы мен штат санын Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының ұсынуы бойынша Президент Әкімшілігінің Басшысы айқындайды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.06.2015 № 40 Жарлығымен.

      14. Қажет болған жағдайда Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету үшін Қауіпсіздік Кеңесінің ведомоствоаралық комиссиялары, инспекциясы мен жұмыс топтары құрылуы мүмкін. Ведомоствоаралық комиссияларды және инспекцияны құру, міндеттері мен лауазымдық құрамы туралы мәселені Президенттiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті шешеді. Ведомствоаралық комиссиялардың, инспекцияның қызметiн үйлестiрудi, дербес құрамын бекітуді, жұмыс топтарының мiндеттерi мен құрамын айқындауды Президенттiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы жүзеге асырады.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2006.06.06 N 131, 2009.01.21 N 728 Жарлықтарымен.

      15. алынып тасталды

      16. Ведомствоаралық комиссиялар, жұмыс топтары Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарына материалдар дайындайды, Қауіпсіздік Кеңесінің немесе Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының тапсыруы бойынша талдау және зерттеу жұмысын орындайды, қоғамдық, әскери, саяси, экономикалық, ақпараттық, экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді және өз қызметінің нәтижелері туралы Қауіпсіздік Кеңесін хабардар етеді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.07.13 N 355 Жарлығымен.

      17. Қауіпсіздік Кеңесінің ведомоствоаралық комиссиялары мен жұмыс топтарының қызметін ақпараттық-талдау және ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді осы комиссиялардың жұмысына өз өкілдері қатысатын мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты жүзеге асырады.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2002.09.24 N 951, 2006.06.06 N 131, 2008.04.24 N 576, 2009.12.29 № 911 Жарлықтарымен.

      18. Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарын дайындауға олардың басшыларымен келісу бойынша Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің және Парламент Палаталары аппараттарының басқа да құрылымдық бөлімшілерінің, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ғылыми-зерттеу мекемелерінің өкілдері тартылуы мүмкін.

      19. Өзара іс-қимыл мен жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында Президенттiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысының ұсынуы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратындағы лауазымдардың бірқатары мемлекеттік органдардың қызметкерлерін іссапарға жіберу жолымен атқарылуы мүмкін.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2006.06.06 N 131, 2009.12.29 № 911 Жарлықтарымен.

VI. Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының өкілеттігі

      20. Президенттiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын лауазымды адам болып табылады. Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2006.06.06 N 131 Жарлығымен.

      20-1. Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының ұсынуы және Президент Әкімшілігі Басшысының келісуі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын, Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасарлары болады.

      Ескерту. Ереже 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2009.12.29 № 911 Жарлығымен.

      21. Президенттiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы:

      1) Қазақстан Республикасының Президентін мемлекеттің қорғаныс қабілеті, сыртқы және ішкі қауіпсіздік мәселелері жөнінде хабардар етеді, Қауіпсіздік Кеңесіне Қазақстан Республикасы қауіпсіздігінің жай-күйі туралы ақпараттық және талдау материалдарын табыс етеді;

      2) Қауіпсіздік Кеңесінің инспекциялық қызметіне, Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Қауіпсіздік Кеңесінің жыл сайынғы жұмыс жоспарларының, Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдері мен оларды іске асыру жөніндегі актілердің жобаларын табыс етеді;

      3-1) орталық атқарушы органдардың ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметінің нәтижелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайынғы баяндамасын қарағаннан кейін Мемлекет басшысына ұсыныстар енгізеді;

      4) Қауіпсіздік Кеңесінің тапсыруы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің іске асырылуына, Қауіпсіздік Кеңесі шешімдерінің орындалуын бақылауды, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдардың жұмысын тексеруді жүзеге асырады. Тексерудің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мен Қауіпсіздік Кеңесіне ұсыныстар енгізеді;

      4-1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң қызметiн қамтамасыз ету, елдегi және шетелдегi iстiң жағдайы туралы оны уақтылы әрi толық хабардар ету, Қауiпсiздiк Кеңесiнiң шешiмдерiн сөзсiз әрi егжей-тегжейлi орындау және олардың орындалуын бақылау мақсатында:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне;

      министрлiктерге және өзге де орталық атқарушы органдарға;

      Жоғарғы Сотқа, Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Мемлекеттік қызмет істері министрлігіне - тиісінше сот төрелігін жүзеге асырумен, қылмыстық қудалау, анықтау, алдын ала тергеу және жедел-іздестіру қызметі Функцияларын жүзеге асырумен байланысты емес мәселелер бойынша;

      Ұлттық Банкке;

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін өзге де мемлекеттік органдарға;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының әкiмдерiне тапсырмалар беруге хақылы;

      5) Қауіпсіздік Кеңесіне қауіпсіздікті қамтамасыз ету күштері мен құралдарын үйлестіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      6) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы саясатты қалыптастыруға тұжырымдамалық көзқарастар әзірлеуді және Қазақстан Республикасының Президентіне ел қауіпсіздігінің жай-күйі туралы жыл сайынғы Баяндаманы дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      7) Мемлекет басшысының ұлттық қауiпсiздiк мәселелерi бойынша қызметiн ақпараттық және талдау материалдарымен қамтамасыз етуге қатысады;

      8) жұмыс топтарын құрады және Мемлекет басшысына ведомоствоаралық комиссиялар мен инспекцияны құру, олардың міндеттері мен лауазымдық құрамы жөнінде ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ олардың дербес құрамын бекітеді;

      9) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралған кезде Үкіметтің және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі құрған басқа да органдардың, министрліктер алқаларының және өзге де орталық атқарушы органдарының отырыстарына қатысуға хақылы;

      10) Қауіпсіздік Кеңесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің халықаралық ұйымдармен, шетелдік үкіметтік және үкіметтік емес құрылымдармен, қоғамдық және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

      11) Қазақстан Республикасының Президенті мен Қауіпсіздік Кеңесінің өзге де тапсырмаларын орындайды.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2002.09.24 N 951, 2006.06.06 N 131, 2008.04.24 N 576, 2009.01.21 N 728, 2009.12.29 № 911, 2011.07.22 N 124, 2012.07.13 N 355; 29.08.2014 N 900; 29.12.2015 № 158 Жарлықтарымен.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
1999 жылғы 20 наурыздағы
N 88 Жарлығына
N 2 қосымша

      Ескерту. Қосымшаның күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.06.06 N 131 Жарлығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады