Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 807 Жарлығы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 5)12) және 18) тармақшаларына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі мен Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі мен Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының функцияларын атқаратын мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне қосу жолымен;
      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен (бұдан әрі - Қызмет) бірлесіп, бір айлық мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Қызмет туралы ереженің жобасын енгізсін.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі мен Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының штат санын және мүлкін Қызметке беруді қамтамасыз етсін;
      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне осы Жарлықпен енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 116-құжат; 2009 ж., № 24-25, 207-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 10-11, 125-құжат) мынадай өзгерістер:
      аталған Жарлыққа 2-қосымшада:
      "Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы" деген жол алып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі".
      2. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығына:
      Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты берілетін адамдардың тізбесінде:
      мынадай мазмұндағы 18-1-жолмен толықтырылсын:
      "18-1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы және оның орынбасарлары.";
      Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты берілетін адамдардың тізбесінде:
      реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Аумақтық органдардың қызметкерлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) офицер атағы бар қызметкерлері.".
      3. "Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 20, 201 -құжат; 2011 ж., № 31, 388-құжат; 2012 ж., № 49, 666-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлыққа 4-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің
жоғары офицерлік құрамының адамдары атқаруы тиіс
лауазымдар тізбесі

Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-лейтенанты

Қызмет бастығының орынбасары - бірінші департамент бастығы

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры

Қызмет бастығының орынбасары - Президент Күзеті қызметінің бастығы

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры

Қызмет бастығының орынбасары

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры

Қызмет бастығының орынбасары - Объектілерді қорғау қызметінің (Республикалық ұлан) бастығы

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры".

О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 21 апреля 2014 года № 807

      В соответствии с подпунктами 5), 12) и 18) статьи 44 Конституции Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Реорганизовать:
      1) Службу охраны Президента Республики Казахстан и Республиканскую гвардию Республики Казахстан путем слияния в Службу государственной охраны Республики Казахстан как государственный орган, непосредственно подчиненный и подотчетный Президенту Республики Казахстан, выполняющий функции Службы охраны Президента Республики Казахстан и Республиканской гвардии Республики Казахстан;
      2) Внутренние войска Министерства внутренних дел Республики Казахстан путем преобразования в Национальную гвардию Республики Казахстан, входящую в единую систему органов внутренних дел.
      2. Администрации Президента Республики Казахстан в месячный срок внести на рассмотрение Президенту Республики Казахстан совместно со Службой государственной охраны Республики Казахстан (далее - Служба) проект Положения о Службе.
      3. Правительству Республики Казахстан:
      1) обеспечить передачу Службе штатной численности и Имущества реорганизуемых Службы охраны Президента Республики Казахстан и Республиканской гвардии Республики Казахстан;
      2) принять иные меры, вытекающие из настоящего Указа.
      4. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые настоящим Указом вносятся в некоторые акты Президента Республики Казахстан.
      5. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.
      6. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. НАЗАРБАЕВ

      Утверждены      
Указом Президента   
Республики Казахстан  
от 21 апреля 2014 года № 807

ИЗМЕНЕНИЯ И ДОПОЛНЕНИЯ,
которые вносятся в некоторые акты
Президента Республики Казахстан

      1. В Указ Президента Республики Казахстан от 11 марта 2008 года № 552 «0б утверждении Положения об Администрации Президента Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 12-13, ст. 116; 2009 г., № 24-25, ст. 207; 2010 г., № 51, ст. 466; 2011 г., № 10-11, ст. 125) следующие изменения:
      в приложении 2 к названному Указу:
      строку «Республиканская гвардия Республики Казахстан» исключить;
      строку «Служба охраны Президента Республики Казахстан» изложить в следующей редакции:
      «Служба государственной охраны Республики Казахстан».
      2. В Указ Президента Республики Казахстан от 13 января 2014 года № 722 «Об утверждении Правил оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия, учета, хранения и уничтожения дипломатических и служебных паспортов Республики Казахстан и перечня должностных лиц Республики Казахстан, которым выдаются дипломатические и служебные паспорта Республики Казахстан»:
      в Перечне лиц, которым выдается дипломатический паспорт Республики Казахстан:
      дополнить строкой 18-1 следующего содержания:
      «18-1. Начальник Службы государственной охраны Республики Казахстан и его заместители.»;
      в Перечне лиц, которым выдается служебный паспорт Республики Казахстан:
      строку, порядковый номер 5, изложить в следующей редакции:
      «5. Сотрудники Министерства обороны Республики Казахстан, Службы государственной охраны Республики Казахстан, Генеральной прокуратуры Республики Казахстан, Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, Службы внешней разведки Республики Казахстан «Сырбар», Министерства внутренних дел Республики Казахстан, Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан, Агентства Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовой полиции), имеющие офицерские звания, за исключением сотрудников территориальных органов.».
      3. В Указ Президента Республики Казахстан от 12 мая 2000 года № 392 «О перечне должностей, замещаемых лицами высшего офицерского и начальствующего состава» (САПП Республики Казахстан, 2003 г., № 20, ст. 201; 2011 г., № 31, ст. 388; 2012 г., № 49, ст. 666):
      приложение 4 к вышеназванному Указу изложить в следующей редакции:

«Перечень должностей Службы государственной
охраны Республики Казахстан, подлежащих замещению
лицами высшего офицерского состава

Начальник Службы государственной охраны

- генерал-лейтенант Службы государственной охраны Республики Казахстан

Заместитель Начальника Службы
- начальник первого департамента

- генерал-майор Службы государственной охраны Республики Казахстан

Заместитель Начальника Службы
- начальник Службы охраны Президента

- генерал-майор Службы государственной охраны Республики Казахстан

Заместитель Начальника Службы

- генерал-майор Службы государственной охраны Республики Казахстан

Заместитель Начальника Службы
- начальник Службы обороны объектов (Республиканская гвардия)

- генерал-майор Службы государственной охраны Республики Казахстан».