"Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 15 қазандағы № 928 Жарлығы

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы №3614 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., №36, 337-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты туралы ережеде:
      5-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «- Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Президенті Әкiмшiлiгiнiң Басшысы және оның тиісті орынбасары белгілеген ағымдағы және перспективалық мiндеттердi негiзге ала отырып, өз қызметiн жоспарлауға;»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Институт Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жалпы басшылығымен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тиісті орынбасарының жедел басшылығымен жұмыс істейді.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ.

О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 13 августа 1997 года № 3614 "Об утверждении Положения о Казахстанском институте стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан"

УКАЗ Президента Республики Казахстан от 15 октября 2014 года № 928

      ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 13 августа 1997 года № 3614 «Об утверждении Положения о Казахстанском институте стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 1997 г., № 36, ст. 337; 2008 г., № 20, ст. 182) следующие изменения:
      в Положении о Казахстанском институте стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан, утвержденном названным Указом:
      абзац второй пункта 5 изложить в следующей редакции:
      «- планировать свою деятельность, исходя из текущих и перспективных задач, поставленных Президентом, Руководителем Администрации Президента Республики Казахстан и соответствующим его заместителем;»;
      пункт 8 изложить в следующей редакции:
      «8. Институт работает под общим руководством Администрации Президента Республики Казахстан и оперативным руководством соответствующего заместителя Руководителя Администрации Президента Республики Казахстан.».
      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.
 
 

      Президент


      Республики Казахстан

Н. НАЗАРБАЕВ