Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы №3614 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., №36, 337-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты туралы ережеде:
5-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«- Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Президенті Әкiмшiлiгiнiң Басшысы және оның тиісті орынбасары белгілеген ағымдағы және перспективалық мiндеттердi негiзге ала отырып, өз қызметiн жоспарлауға;»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Институт Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жалпы басшылығымен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тиісті орынбасарының жедел басшылығымен жұмыс істейді.».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Н.НАЗАРБАЕВ. |