1980 жылғы 25 қазанда Гаагада жасалған Сот төрелігіне халықаралық қол жеткізу туралы конвенцияға (бұдан әрі - Конвенция) сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі Қазақстан Республикасынан орталық және беруші органдар ретінде айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 19.01.2023 № 106 Жарлығымен.2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрлігін қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |