Сот төрелігіне халықаралық қол жеткізу туралы конвенция бойынша Қазақстан Республикасынан орталық және беруші органдарды айқындау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 25 Жарлығы.

      1980 жылғы 25 қазанда Гаагада жасалған Сот төрелігіне халықаралық қол жеткізу туралы конвенцияға (бұдан әрі - Конвенция) сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі Қазақстан Республикасынан орталық және беруші органдар ретінде айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 19.01.2023 № 106 Жарлығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрлігін қабылданған шешім туралы хабардар етсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады