"Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 164 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 10 қазандағы № 559 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 10.10.2017 № 559 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 28, 424-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидаларында:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Әкімдікке кандидаттар ұсынуды аудан (қала) әкімі жергілікті қоғамдастық жиналысымен келіскеннен кейін балама негізде (яғни әкім лауазымына кемінде екі кандидат) жүзеге асырады.

      Жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы сайлауды тағайындаған сәттен бастап жүргізілуі мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы 61-1-тармақпен толықтырылсын:

      "61-1. Жергілікті қоғамдастық жиналысы әкімді қызметтен босату туралы мәселеге бастамашылық жасай алады.".

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президентi

Н.Назарбаев


О внесении изменения и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 24 апреля 2013 года № 555 "О некоторых вопросах проведения выборов акимов городов районного значения, сельских округов, поселков и сел Республики Казахстан, не входящих в состав сельского округа"

Указ Президента Республики Казахстан от 11 января 2016 года № 164. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 10 октября 2017 года № 559

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 10.10.2017 № 559 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 24 апреля 2013 года № 555 "О некоторых вопросах проведения выборов акимов городов районного значения, сельских округов, поселков и сел Республики Казахстан, не входящих в состав сельского округа" (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 28, ст. 424) следующее изменение и дополнение:

      в Правилах избрания на должность, прекращения полномочий и освобождения от должности акимов городов районного значения, сельских округов, поселков и сел Республики Казахстан, не входящих в состав сельского округа, утвержденных вышеназванным Указом:

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. Выдвижение кандидатов в акимы осуществляется акимом района (города) на альтернативной основе (то есть не менее двух кандидатов на должность акима) после согласования с собранием местного сообщества.

      Согласование с собранием местного сообщества может проводиться с момента назначения выборов соответствующей районной (городской) избирательной комиссией.";

      дополнить пунктом 61-1 следующего содержания:

      "61-1. Вопрос об освобождении от должности акима может быть инициирован собранием местного сообщества.".

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня первого официального опубликования.

Президент


Республики Казахстан

Н. НАЗАРБАЕВ