Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 456 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) осы Жарлыққа сәйкес лауазымдары және лауазымдарының санаттары өзгертілген мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мөлшерінің сақталуын қамтамасыз етсін;

      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 5 сәуірдегі
№ 456 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 319-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясы туралы үлгілік ережесінде:

      3-тармақта "облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары мүшелеріне" деген сөздер алып тасталсын.

      2. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      "2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген бөлімде:

      "А" корпусында:

      1-санат пен 2-санат мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-санат

      Орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы

      Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Аппарат басшысы

      Жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы

      2-санат

      Орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары

      3-санат

      Облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкімдері аппараттарының басшылары

      4-санат

      Облыстық маңызы бар қалалардың (облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдерін қоспағанда), облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері";

      "Б" корпусында:

      "А санаттарының тобы" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

      А-1 санаты

      Сектор меңгерушісі

      А-2 санаты

      Инспектор

      А-3 санаты

      Консультант

      А-4 санаты

      Сарапшы

      А-5 санаты

      Референт";

      "В санаттарының тобы" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараттары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның ведомствосы

      В-1 санаты

      "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппараты) басшысының орынбасарлары

      Құрылымдық бөлімшенің басшысы

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның ведомствосы департаменті директоры

      В-2 санаты

      Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының құрылымдық бөлімше басшысы

      Құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті директорының орынбасары

      В-3 санаты

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің көмекшісі, кеңесшісі

      Қазақстан Республикасының Парламенті Палатасы Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі

      Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының бас инспекторы

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның ведомствосы басқармасының (қызметтің) басшысы

      В-4 санаты

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі, кеңесшісі

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының көмекшісі, кеңесшісі

      Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқарушысының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағаларының көмекшісі, кеңесшісі

      Қазақстан Республикасының Парламенті Палатасы Төрағасы орынбасарының көмекшісі

      Қазақстан Республикасының Парламенті Палатасы аппараты басшысының көмекшісі

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппараты басшысының көмекшісі

      Сектор меңгерушісі

      Бас консультант

      В-5 санаты

      Бас сарапшы

      Қазақстан Республикасының Парламенті депутатының көмекшісі

      В-6 санаты

      Сарапшы";

      "С санаттарының тобы" деген бөлімде:

      С-О-1 санаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Басшы";

      "D санаттарының тобы" деген бөлімде:

      D-1 санаты мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Тексеру комиссиясының төрағасы";

      D-2 санаты мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Тексеру комиссиясының мүшесі".

      3. "Азаматтардың "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):

      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары мынадай санаттарға бөлінеді:

      1) орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы; жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы;

      2) орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары;

      3) облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкімдері аппараттарының басшылары;

      4) облыстық маңызы бар қалалардың (облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдерін қоспағанда), облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері.";

      4-10-тармақтар алып тасталсын;

      11-тармақта "бірінші санаттағы" сөздері алып тасталсын;

      12-тармақ алып тасталсын;

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Бірінші санаттың лауазымдарына орналасу үшін:

      1) кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не "А" корпусының лауазымдарында (төртінші санатты қоспағанда), не А-1, В-1, С-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдар комитеттері төрағаларының орынбасарларынан, орталық мемлекеттік органдардың департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

      2) не кемінде алты жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда осы Арнайы біліктілік талаптарының 14-тармағының 1) тармақшасында санамаланған лауазымдарда кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

      3) не кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық даму институттарының атқарушы органдарының басшылары лауазымдарында кемінде бес жыл жұмыс өтілі талап етіледі."

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Екінші санаттың лауазымдарына орналасу үшін:

      1) кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не "А" корпусының лауазымдарында, не А-2, В-2, С-2, С-0-1, D-2, D-0-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдар комитеттері төрағаларының орынбасарларынан, орталық мемлекеттік органдардың департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

      2) не кемінде төрт жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда осы Арнайы біліктілік талаптарының 15-тармағының 1) тармақшасында санамаланған лауазымдарда кемінде бір жарым жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

      3) не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не жылдық орташа штат саны кемінде елу адам болатын республикалық ұйымдардың немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың** басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі талап етіледі;".

      мынадай мазмұндағы 15-1 мен 15-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "15-1. Үшінші санаттың лауазымдарына орналасу үшін:

      1) кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не "А" корпусының лауазымдарында, не А-2, В-2, С-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдар комитеттері төрағаларының орынбасарларынан, орталық мемлекеттік органдардың департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

      2) не кемінде алты жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда осы Арнайы біліктілік талаптарының 15-1-тармағының 1) тармақшасында санамаланған лауазымдарда кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

      3) не кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық даму институттарының атқарушы органдарының басшылары лауазымдарында кемінде бес жыл жұмыс өтілі талап етіледі;

      15-2. Төртінші санаттың лауазымдарына орналасу үшін:

      1) кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не "А" корпусының лауазымдарында, не A-3, В-3, С-3, D-3, D-O-2, Е-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың басқарма басшыларынан, бірінші басшыларының көмекшілерінен, кеңесшілерінен төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басқарма басшыларынан (немесе оларға теңестірілген лауазымдардан) төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың аудандардағы, астана, республикалық маңызы бар қала аудандарындағы және облыстық маңызы бар қалалардағы бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

      2) не кемінде төрт жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда осы Арнайы біліктілік талаптарының 15-2-тармағының 1) тармақшасында санамаланған лауазымдарда кемінде бір жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

      3) не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде департамент басшыларынан және оның филиалдары басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны кемінде елу адам болатын мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің (мемлекеттік органдардан басқа) немесе ірі немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың басшылары орынбасарларынан төмен емес лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі талап етіледі.".

      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағидаларында:

      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) кандидаттарды заңнаманы білу және жеке қасиеттерін бағалау тестінен өткізу;";

      мынадай мазмұндағы 4-1 мен 4-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "4-1. Ұлттық комиссияның шешімімен "А" корпусының кадр резервіне осы мемлекеттік органда, ведомствода немесе өңірде кемінде соңғы екі жылда келесі төмен тұрған мемлекеттік лауазымды атқаратын мемлекеттік қызметшіні алуға болады. Бұл шешім "А" корпусының бос лауазымы болған жағдайда қабылдануы мүмкін".

      Осы Қағидаларда төмен тұрған мемлекеттік лауазым деп мыналар түсініледі:

      "А" корпусының бірінші санатының лауазымдары үшін – осы мемлекеттік органның орталық аппаратының В-1 санатындағы лауазымдар, осы мемлекеттік органның орталық аппараты департаментінің директоры, сондай-ақ бірінші санат лауазымдарының орынбасары лауазымдары;

      "А" корпусының екінші санатының лауазымдары үшін – нақты ведомство төрағасының орынбасары;

      "А" корпусының үшінші санатының лауазымдары үшін – осы өңірдің үшінші санат лауазымдарының орынбасарлары лауазымдары, осы өңірдің D-O-1 санатының лауазымы;

      "А" корпусының төртінші санатының лауазымдары үшін – осы өңірдің, облыстық маңызы бар қаланың төртінші санат лауазымдарының орынбасарлары лауазымдары, осы өңірдің D-O-1 санатының лауазымы.

      Аталған адамдар кадр резервіне "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына сай болған жағдайда алынады.

      Резервке алу туралы шешімді "А" корпусының лауазымына тағайындау мен лауазымнан босату құқығына ие адамның ұсынуы негізінде Ұлттық комиссия қабылдайды.

      Жауапты хатшы мен Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Аппарат басшысы лауазымдарына ұсынуды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі енгізеді.

      Ұлттық комиссияның қарауына осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.

      4-2. Осы Қағидалардың 4-1-тармағының негізінде кадр резервіне алынған адамдар тек қана олар кадр резервіне алынған лауазымдарға тағайындалады.";

      12-тармақтың 4) тармақшасында "А" корпусы лауазымдарының бір санатына (тобына)" деген сөздер алып тасталсын;

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Әңгімелесу өткізуді ұйымдастыруды Ұлттық комиссияның жұмыс органы қамтамасыз етеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың Ұлттық комиссия айқындаған тақырыпқа эссе жазуына болады.".

      3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервін қалыптастыру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ұлттық комиссия шешімімен азаматтар "А" корпусының кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініштерінде өздері көрсеткен "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаты, санатындағы тобы бойынша "А" корпусының кадр резервіне алынады.

      "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағидаларының 4-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Ұлттық комиссия азаматтардың келісімі болған және арнайы біліктілік талаптарына сай келген жағдайда, оларды "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының басқа санаты, санатындағы тобы бойынша кадр резервіне алу үшін ұсыным жасауға хақылы.".;

      5-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл үшін осы тармақтың бірінші абзацында аталған адам босатылған немесе лауазымды өзгерту туралы акт қолданысқа енгізілген күнінен бастап бір ай мерзімде Ұлттық комиссияның жұмыс органына өтініш береді. Өтінішке қызметтік тізім және "А" корпусының нақты санатына резервке алу туралы бұл лауазымға тағайындау құқығына ие адам не ол соңғы атқарған лауазым бойынша бағынысты болған мемлекеттік органның бірінші басшысы не өзгертілген лауазымға тағайындау құқығына ие адам қол қойған ұсынымхат қоса беріледі.";

      8-тармақтың 3) және 9) тармақшаларында "(топ)", "(тобынан)" деген сөздер алып тасталсын;

      4) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларында:

      3-тармақта ", санатындағы тобы" деген сөздер алып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына "А" корпусының резервшілерін тағайындау, олар "А" корпусының кадр резервіне алынған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты шегінде арнайы біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда және олардың келісімімен жүзеге асырылады.

      "А" корпусының резервшілері "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының арнайы біліктілік талаптарына сай болған жағдайда және олардың келісімімен "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының төменгі санатына тағайындалуы мүмкін.

      "А" корпусының резервшілері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның келісімімен, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының арнайы біліктілік талаптарына сай болған жағдайда және олардың келісімімен "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының жоғары санатына тағайындалуы мүмкін.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. "А" корпусы лауазымының міндеттерін үш айдан аспайтын кезеңге конкурстық іріктеуді өткізбей, "Б" корпусының мемлекеттік қызметшісіне уақытша жүктеуге жол беріледі. Бұл ретте міндеттерді жүктеу туралы шешім бір реттен артық қабылданбайды.".

      4. "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 534-құжат):

      1) Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге ротация жүргізу қағидалары мен мерзімі, ротацияға жататын мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдарында:

      35-тармақта ", Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушілері лауазымдарына орналасуға үміткер "А" корпусының қызметшілерін" деген сөздер алып тасталсын;

      38-тармақта "В-3," деген сөздер алып тасталсын;

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. "Б" корпусының қызметшілерін ротациялау әрбір үш жыл сайын жүргізіледі. "Б" корпусының қызметшісі ротациядан жазбаша бас тартқан жағдайда оның осы лауазымда болу мерзімі уәкілетті адамның жазбаша шешімі бойынша тағы үш жылға ұзартылуы мүмкін, бұл мерзім өткен соң "Б" корпусының қызметшісі міндетті түрде ротациялауға жатады. Бұл ретте көрсетілген мерзімдер лауазымдардың атаулары өзгергенде немесе өзгеріске ұшырағанда қайта басталмайды.";

      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларында:

      21-тармақта "Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары мүшелерін, облыстық" деген сөздер "Облыстық" деп жазылып, 22 және 25-тармақтарда "облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары мүшелерінің," деген сөздер алып тасталсын;

      5. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 5 апреля 2017 года № 456.

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Утвердить изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые указы Президента Республики Казахстан.

      2. Правительству Республики Казахстан:

      1) обеспечить сохранение размеров оплаты труда государственных служащих, должности и категории должностей которых преобразованы или изменены согласно настоящему Указу;

      2) принять иные меры, вытекающие из настоящего Указа.

      3. Настоящий Указ вводится в действие по истечении одного месяца со дня подписания.


      Президент
      Республики Казахстан Н. НАЗАРБАЕВ

  УТВЕРЖДЕНЫ
Указом Президента
Республики Казахстан
от 5 апреля 2017 года № 456

Изменения и дополнения,
которые вносятся в некоторые указы Президента Республики Казахстан

      1. В Указе Президента Республики Казахстан от 7 марта 2013 года № 520 "О национальной комиссии по кадровой политике при Президенте Республики Казахстан и кадровых комиссиях областей, столицы, города республиканского значения" (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 19, ст. 319):

      в Типовом положении о кадровой комиссии области, столицы, города республиканского значения, утвержденном вышеназванным Указом:

      в пункте 3 слова "членов ревизионных комиссий областей, столицы, города республиканского значения," исключить.

      2. В Указе Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 150 "Об утверждении Реестра должностей политических и административных государственных служащих (САПП Республики Казахстан, 2015 г., № 70-71, ст. 520):

      в Реестре должностей политических и административных государственных служащих, утвержденном вышеназванным Указом:

      в разделе "2. Административные государственные должности":

      в Корпусе "А":

      Категорию 1 и Категорию 2 изложить в следующей редакции:

      "Категория 1

      Ответственные секретари центральных исполнительных органов

      Руководители аппаратов Конституционного совета, Управления делами Президента Республики Казахстан, Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан, Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета, Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции, руководитель Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарата Верховного Суда Республики Казахстан)

      Секретарь Высшего Судебного Совета Республики Казахстан – руководитель Аппарата

      Руководители аппаратов центральных исполнительных органов, в которых не введена должность ответственного секретаря, руководитель Национального центра по правам человека

      Категория 2

      Председатели комитетов центральных исполнительных органов

      Категория 3

      Руководители аппаратов акимов областей, столицы и города республиканского значения

      Категория 4

      Акимы городов областного значения (за исключением акимов городов, являющихся административными центрами областей), районов областей и районов в городах";

      в Корпусе "Б":

      раздел "Группа категории "А" изложить в следующей редакции:

      "Администрация Президента Республики Казахстан

      Категория А-1

      Заведующий сектором

      Категория А-2

      Инспектор

      Категория А-3

      Консультант

      Категория А-4

      Эксперт

      Категория А-5

      Референт";

      раздел "Группа категории "В" изложить в следующей редакции:

      "Аппараты палат Парламента Республики Казахстан, Канцелярия Премьер-Министра Республики Казахстан, Департамент по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарат Верховного Суда Республики Казахстан), аппарат Конституционного Совета Республики Казахстан, Аппарат Высшего Судебного Совета Республики Казахстан, Управление делами Президента Республики Казахстан, аппарат Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан, Счетный комитет по контролю за исполнением республиканского бюджета, Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции и его ведомство

      Категория В-1

      Заместители руководителя Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарата Верховного Суда Республики Казахстан)

      Руководитель структурного подразделения

      Директор департамента Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции и его ведомства

      Категория В-2

      Руководитель структурного подразделения Аппарата Высшего Судебного Совета Республики Казахстан

      Заместитель руководителя структурного подразделения

      Заместитель директора департамента Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции

      Категория В-3

      Помощник, советник Премьер-Министра Республики Казахстан

      Помощник, советник Председателя Палаты Парламента Республики Казахстан

      Помощник, советник Председателя Верховного Суда Республики Казахстан

      Помощник, советник Председателя Конституционного Совета Республики Казахстан

      Помощник, советник Председателя Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан

      Главный инспектор Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан, Управления делами Президента Республики Казахстан

      Руководитель управления (службы) Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции и его ведомства

      Категория В-4

      Помощник, советник Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан

      Помощник, советник Руководителя Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан

      Помощник, советник Управляющего делами Президента Республики Казахстан, председателей Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета, Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции

      Помощник заместителя Председателя Палаты Парламента Республики Казахстан

      Помощник руководителя аппарата Палаты Парламента Республики Казахстан

      Помощник руководителя аппарата Верховного Суда Республики Казахстан

      Заведующий сектором

      Главный консультант

      Категория В-5

      Главный эксперт

      Помощник депутата Парламента Республики Казахстан

      Категория В-6

      Эксперт";

      в разделе "Группа категории "С":

      категорию С-O-1 изложить в следующей редакции:

      "Руководитель";

      в разделе "Группа категории "D":

      категорию D-1 дополнить строкой следующего содержания:

      "Председатель ревизионной комиссии";

      категорию D-2 дополнить строкой следующего содержания:

      "Член ревизионной комиссии".

      3. В Указе Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 151 "О некоторых вопросах поступления граждан на административную государственную службу корпуса "А" (САПП Республики Казахстан, 2015 г., № 70-71, ст. 521):

      1) в Специальных квалификационных требованиях к административным государственным должностям корпуса "А", утвержденных вышеназванным Указом:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. В соответствии с Реестром должностей политических и административных государственных служащих, утвержденным Указом Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 150, административные государственные должности корпуса "А" подразделяются на следующие категории:

      1) ответственные секретари центральных исполнительных органов; руководители аппаратов Конституционного Совета Республики Казахстан, Управления делами Президента Республики Казахстан, Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан, Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета, Высшего Судебного Совета Республики Казахстан, Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции, руководитель Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарата Верховного Суда Республики Казахстан); руководители аппаратов центральных исполнительных органов, в которых не введена должность ответственного секретаря; руководитель Национального центра по правам человека;

      2) председатели комитетов центральных исполнительных органов;

      3) руководители аппаратов акимов областей, столицы и города республиканского значения;

      4) акимы городов областного значения (за исключением акимов городов, являющихся административными центрами областей), районов областей и районов в городах.";

      пункты 4-10 исключить;

      в пункте 11 слова "первой категории" исключить;

      пункт 12 исключить;

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. Для занятия должностей первой категории требуется:

      1) не менее семи лет стажа работы, в том числе не менее трех лет стажа государственной службы на политических государственных должностях либо на должностях корпуса "А" (за исключением четвертой категории), определенных Реестром должностей политических и административных государственных служащих, либо на должностях не ниже категорий А-1, В-1, С-1, либо на должностях не ниже заместителей председателей комитетов центральных государственных органов, руководителей департаментов центральных государственных органов, либо не ниже руководителей территориальных органов и подразделений центральных государственных органов и их ведомств в областях, столице, городе республиканского значения;

      2) либо не менее шести лет стажа работы, в том числе не менее двух лет стажа государственной службы на должностях, перечисленных в подпункте 1) пункта 14 настоящих Специальных квалификационных требований, при условии завершения обучения по государственным программам подготовки и переподготовки государственных служащих на основании государственного заказа или в зарубежных высших учебных заведениях по приоритетным специальностям, утверждаемым Республиканской комиссией по подготовке кадров за рубежом;

      3) либо не менее семи лет стажа работы, в том числе не менее пяти лет стажа работы на должностях руководителей исполнительных органов национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний, национальных институтов развития.";

      пункт 15 изложить в следующей редакции:

      "15. Для занятия должностей второй категории требуется:

      1) не менее пяти лет стажа работы, в том числе не менее двух лет стажа государственной службы на политических государственных должностях либо на должностях корпуса "А", определенных Реестром должностей политических и административных государственных служащих, либо на должностях не ниже категорий А-2, В-2, С-2, С-O-1, D-2, D-O-1, либо на должностях не ниже заместителей председателей комитетов центральных государственных органов, руководителей департаментов центральных государственных органов, либо не ниже руководителей территориальных органов и подразделений центральных государственных органов и их ведомств в областях, столице, городе республиканского значения;

      2) либо не менее четырех лет стажа работы, в том числе не менее полутора лет стажа государственной службы на должностях, перечисленных в подпункте 1) пункта 15 настоящих Специальных квалификационных требований, при условии завершения обучения по государственным программам подготовки и переподготовки государственных служащих на основании государственного заказа или в зарубежных высших учебных заведениях по приоритетным специальностям, утверждаемым Республиканской комиссией по подготовке кадров за рубежом;

      3) либо не менее пяти лет стажа работы, в том числе не менее четырех лет стажа работы на должностях не ниже руководителей департаментов в национальных управляющих холдингах, национальных холдингах, национальных компаниях, национальных институтах развития, Национальном Банке Республики Казахстан, либо на должностях не ниже руководителей республиканских организаций со среднегодовой штатной численностью не менее пятидесяти человек или юридических лиц, являющихся субъектами крупного предпринимательства**.";

      дополнить пунктами 15-1 и 15-2 следующего содержания:

      "15-1. Для занятия должностей третьей категории требуется:

      1) не менее семи лет стажа работы, в том числе не менее трех лет стажа государственной службы на политических государственных должностях либо на должностях корпуса "А", определенных Реестром должностей политических и административных государственных служащих, либо на должностях не ниже категорий А-2, В-2, С-1, D-2, D-O-1, либо на должностях не ниже заместителей председателей комитетов центральных государственных органов, руководителей департаментов центральных государственных органов, либо не ниже руководителей территориальных органов и подразделений центральных государственных органов и их ведомств в областях, столице, городе республиканского значения;

      2) либо не менее шести лет стажа работы, в том числе не менее двух лет стажа государственной службы на должностях, перечисленных в подпункте 1) пункта 15-1 настоящих Специальных квалификационных требований, при условии завершения обучения по государственным программам подготовки и переподготовки государственных служащих на основании государственного заказа или в зарубежных высших учебных заведениях по приоритетным специальностям, утверждаемым Республиканской комиссией по подготовке кадров за рубежом;

      3) либо не менее семи лет стажа работы, в том числе не менее пяти лет стажа работы на должностях руководителей исполнительных органов национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний, национальных институтов развития.

      15-2. Для занятия должностей четвертой категории требуется:

      1) не менее пяти лет стажа работы, в том числе не менее двух лет стажа государственной службы на политических государственных должностях либо на должностях корпуса "А", определенных Реестром должностей политических и административных государственных служащих, либо на должностях не ниже категорий А-3, В-3, С-3, D-3, D-O-2, Е-2, либо на должностях не ниже руководителей управлений, помощников, советников первых руководителей центральных государственных органов, либо на должностях не ниже руководителей управлений (или на приравненных к ним должностях) в территориальных органах и подразделениях центральных государственных органов и их ведомств в областях, столице, городе республиканского значения;

      2) либо не менее четырех лет стажа работы, в том числе не менее года стажа государственной службы на должностях, перечисленных в абзаце первом пункта 15-2 настоящих Специальных квалификационных требований, при условии завершения обучения по государственным программам подготовки и переподготовки государственных служащих на основании государственного заказа или в зарубежных высших учебных заведениях по приоритетным специальностям, утверждаемым Республиканской комиссией по подготовке кадров за рубежом;

      3) либо не менее пяти лет стажа работы, в том числе не менее четырех лет стажа работы на должностях не ниже руководителей департаментов в национальных управляющих холдингах, национальных холдингах, национальных компаниях, национальных институтах развития, Национальном Банке Республики Казахстан и руководителей его филиалов, либо на должностях не ниже заместителей руководителей государственных предприятий и учреждений (кроме государственных органов) со среднегодовой штатной численностью не менее пятидесяти человек или юридических лиц, являющихся субъектами крупного или среднего предпринимательства.";

      2) в Правилах отбора в кадровый резерв административной государственной службы корпуса "А", утвержденных вышеназванным Указом:

      подпункт 3) пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "3) тестирование кандидатов на знание законодательства и оценку личностных качеств;";

      дополнить пунктами 4-1 и 4-2 следующего содержания:

      "4-1. По решению Национальной комиссии в кадровый резерв корпуса "А" может быть зачислен государственный служащий, занимающий следующую нижестоящую государственную должность не менее двух последних лет в данном государственном органе, ведомстве либо регионе. Данное решение может быть принято в случае вакантной должности корпуса "А".

      Под нижестоящей государственной должностью в настоящих Правилах понимается:

      для должностей корпуса "А" первой категории – должности категории В-1 центрального аппарата данного государственного органа, директоров департаментов центрального аппарата данного государственного органа, а также должности заместителей должностей первой категории;

      для должности корпуса "А" второй категории – заместители председателя конкретного ведомства;

      для должностей корпуса "А" третьей категории – должности заместителей должностей третьей категории данного региона, должность категории D-O-1 данного региона;

      для должности корпуса "А" четвертой категории – должности заместителей должностей четвертой категории данного района, города областного значения, должность категории D-O-1 данного региона.

      Зачисление в кадровый резерв указанных лиц производится при условии их соответствия специальным квалификационным требованиям к административным государственным должностям корпуса "А".

      Решение о зачислении в резерв принимается Национальной комиссией на основании представления лица, имеющего право назначения на должность и увольнения с должности корпуса "А".

      На должности ответственного секретаря и Секретаря Высшего Судебного Совета – руководителя аппарата представление вносится Администрацией Президента Республики Казахстан.

      На рассмотрение Национальной комиссии прилагаются документы, указанные в пункте 11 настоящих Правил.

      4-2. Лица, зачисленные в кадровый резерв на основании пункта 4-1 настоящих Правил, назначаются исключительно на должности, на которые они были зачислены в кадровый резерв.";

      в подпункте 4) пункта 12 слова "на одну категорию (группу) должностей корпуса "А" исключить;

      пункт 42 изложить в следующей редакции:

      "42. Организация проведения собеседования обеспечивается рабочим органом Национальной комиссии. При проведении собеседования допускается написание кандидатами эссе на тему, определенную Национальной комиссией.";

      3) в Правилах формирования кадрового резерва административной государственной службы корпуса "А", утвержденных вышеназванным Указом:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Граждане по решению Национальной комиссии зачисляются в кадровый резерв корпуса "А" по категории административных государственных должностей корпуса "А", указанной ими в заявлении об участии в отборе в кадровый резерв корпуса "А".

      Национальная комиссия вправе рекомендовать граждан для зачисления в кадровый резерв по другой категории административных государственных должностей корпуса "А" при условии согласия граждан и их соответствия специальным квалификационным требованиям, за исключением случаев, предусмотренных пунктом 4-1 Правил отбора в кадровый резерв административной государственной службы корпуса "А".";

      абзац второй пункта 5 изложить в следующей редакции:

      "Для этого лицо, указанное в абзаце первом настоящего пункта, в месячный срок с момента увольнения либо со дня введения в действие акта о преобразовании должности, подает заявление в рабочий орган Национальной комиссии. К заявлению прилагаются послужной список и рекомендательное письмо о зачислении в резерв на конкретную категорию должности корпуса "А", подписанное лицом, имеющим право назначения на данную должность, либо первым руководителем государственного органа, в подчинении которого он находился по последней занимаемой должности, либо лицом, наделенным правом назначения на преобразованную должность.";

      в подпунктах 3) и 9) пункта 8 слова "(группе), (группы)" исключить.

      4) в Правилах проведения конкурса на занятие административной государственной должности корпуса "А", утвержденных вышеназванным Указом:

      в пункте 3 слова ", группе в категории" исключить;

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Назначение резервистов корпуса "А" на административные государственные должности корпуса "А" осуществляется в пределах категории административных государственных должностей корпуса "А", по которым они зачислены в кадровый резерв корпуса "А", при условии соответствия специальным квалификационным требованиям и их согласия.

      Резервисты корпуса "А" могут быть назначены на административную государственную должность корпуса "А" нижестоящей категории административных государственных должностей корпуса "А" при условии соответствия специальным квалификационным требованиям и их согласия.

      Резервисты корпуса "А" с согласия Национальной комиссии по кадровой политике при Президенте Республики Казахстан могут быть назначены на административную государственную должность корпуса "А" вышестоящей категории административных государственных должностей корпуса "А" при условии соответствия специальным квалификационным требованиям и их согласия.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Допускается временное возложение обязанностей должности корпуса "А" на государственного служащего корпуса "Б" без проведения конкурсного отбора на период, не превышающий трех месяцев. При этом решение о возложении обязанностей может быть принято не более одного раза.".

      4. В Указе Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 152 "О некоторых вопросах прохождения государственной службы" (САПП Республики Казахстан, 2015 г., № 72-73-74, ст. 534):

      1) в Правилах и сроках проведения ротации административных государственных служащих, должностях административных государственных служащих, подлежащих ротации:

      в пункте 35 слова ", служащих корпуса "А", претендующих на занятие должностей заведующих секторами Администрации Президента Республики Казахстан" исключить;

      в пункте 38 слова "В-3," исключить;

      пункт 39 изложить в следующей редакции:

      "39. Ротация служащих корпуса "Б" проводится каждые три года. В случае письменного отказа служащего корпуса "Б" от ротации по письменному решению уполномоченного лица срок его пребывания на данной должности может быть продлен еще на три года, по истечении которых служащий корпуса "Б" подлежит обязательной ротации. При этом указанные сроки не возобновляются при изменении наименований должностей либо их преобразовании.";

      2) в Правилах наложения дисциплинарного взыскания на государственных служащих, утвержденных настоящим Указом:

      в пунктах 21, 22 и 25 слова "членов ревизионных комиссий областей, столицы, города республиканского значения," исключить.

      5. Утратил силу Указом Президента РК от 05.05.2018 № 681.