Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс |
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 134-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2016 жылғы есеп бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2016 жылғы есепті Қазақстан Республикасының Парламентiне ақпарат тәртібімен ұсынсын;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2016 жылғы есеп және аудит жүргізу нәтижелері туралы ақпараттың мерзімді баспа басылымдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 495 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2016 жылғы ЕСЕП
Мазмұны:
1-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) түсімдері және оның пайдаланылуы туралы 2016 жылғы есеп.
2-тарау. Ұлттық қорды сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) қызметі туралы 2016 жылғы есеп.
3-тарау. Ұлттық қорды басқару жөніндегі 2016 жылғы өзге де деректер.
1-тарау. Ұлттық қордың түсімдері және оның пайдаланылуы туралы 2016 жылғы есеп
Р/с № | Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану | Сомасы (мың теңге) |
1 | 2 | 3 |
1. | Ұлттық қордың есепті кезеңнің басындағы қаражаты | 25754359070* |
2. |
Ұлттық қорға түсетін түсімдер: |
985647524 |
3. |
Ұлттық қорды пайдалану: |
2874382751 |
4. | Ұлттық қордың есепті кезеңнің соңындағы қаражаты | 23865623843** |
Ескертпелер:
* 2016 жылдың басындағы сальдо 10608932 мың теңге мөлшерінде Ұлттық қордың есептелген және мерзімі ұзартылған шығыстарының сомасын және 48 мың теңге – айырма мен сыртқы аудиторлар жасаған өткен жылдардағы қаржылық есептіліктегі дөңгелектеу сомасын және түзету сомасы болып табылатын 2153828706 мың теңге соманы есепке алмай көрсетілген;
** 2016 жылдың соңындағы сальдо 6236340 мың теңге мөлшерінде Ұлттық қордың есептелген және мерзімі ұзартылған шығыстарының сомасын және 49 мың теңге – айырма мен сыртқы аудиторлар жасаған өткен жылдардағы қаржылық есептіліктегі дөңгелектеу сомасын және түзету сомасы болып табылатын 2468833781 мың теңге соманы есепке алмай көрсетілген.
2016 жылғы 1 қаңтарда Ұлттық қордың қаражаты 25754359070 мың теңгені (23589921384 мың теңге – аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу әдісімен), 2016 жылғы 31 желтоқсанға 23865623843 мың теңгені (21390553673 мың теңге – аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу әдісімен) құрады.
Есепті кезеңде облигацияларды сатып алу-сату жөнінде жасалған шарттарға сәйкес Ұлттық қордың бағалы қағаздар портфеліне жалпы сомасы 351500000 мың теңге қазақстандық эмитенттердің облигациялары сатып алынды:
1) "Бәйтерек" ҰБХ" акционерлік қоғамы – 2016 жылдың бірінші тоқсанында 254500000 мың теңге сомаға;
2) "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" акционерлік қоғамы – екінші тоқсанда 97000000 теңге сомаға.
Бұл қаржы құралдары үшін белсенді нарықтың болмауына байланысты бастапқы тануда Ұлттық қор келтірілген құнды есептеуге негізделген бағалау қағидатын қолданды.
Бағалау қағидатына сәйкес сатып алынған облигациялардың әділ бағасы амортизацияланған құн негізінде есептеледі. Аталған бағалы қағаздардың әділ құны мен сатып алу үшін ақшалай өтеудің арасындағы 268740706 мың теңге мөлшеріндегі айырма "Басқа да аударымдар" бабы бойынша Ұлттық қордың ақша қаражатының қозғалысы туралы есептерде көрініс тапқан.
2016 жылы Ұлттық қорға 114071870 мың теңге түсті, оның ішінде: мұнай секторы ұйымдарынан түскен тікелей салықтардың түсімдері есебінен (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда) – 1130056792 мың теңге, оның ішінде 617220278 мың теңгесі (1777242 мың АҚШ долларына барабар) күнбе-күн дәйекті айырбастау/қайта айырбастау операциясын жүргізу жолымен Ұлттық қордың теңгедегі тиісті шотына есептелген шетел валютасындағы түсімдер; мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда) – 7867789 мың теңге және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер – 834978 мың теңге.
"2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2016 жылы республикалық бюджеттен Ұлттық қорға:
- 1537777 мың теңге сомасында республикалық меншіктегі объектілерді жекешелендіруден түскен түсімдер;
- 420834 мың теңге сомасында Ұлттық қордан республикалық бюджетке нысаналы трансферт түрінде тартылған пайдаланылмаған қаражаттың бір бөлігін Ұлттық қорға қайтару аударылған.
Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық шығындар түсімдерінің бағамдық түзетулері ескеріліп есептелген сомасы (-)155070646 мың теңге құрады.
2016 жылы Ұлттық қорға мұнай секторы ұйымдарынан түскен түсімдердің құрылымы мынадай көрсеткіштермен сипатталады:
Салықтық / салықтық емес түсімдердің түрлері | Сомасы (мың теңге) | Жалпы көлемдегі үлесі, (%) |
1 | 2 | 3 |
Заңды тұлғалар – мұнай секторы ұйымдарынан алынатын корпоративтік табыс салығы | 438009207 | 38,49 |
Үстеме пайдаға салынатын салық | 35559846 | 3,12 |
Бонустар | 136604198 | 12,00 |
Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық | 278596788 | 24,48 |
Экспортқа салынатын рента салығы | 118888900 | 10,45 |
Шикізат секторы ұйымдарынан алынатын Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі | 122397853 | 10,76 |
Орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы ұйымдарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 650104 | 0,06 |
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 445794 | 0,04 |
Мұнай секторы ұйымдары келтірген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша табиғат пайдаланушылардан алынған қаражат | 6771679 | 0,60 |
Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсімдер | 212 | 0 |
Барлығы: | 1137924581 | 100 |
Ұлттық қорға мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдердің негізгі бөлігін (38,49 %) заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы мен пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық (24,48 %) құрады, олардың түсімдердің жалпы сомасындағы үлесі 62,97 % болды. Түсімдердің жалпы сомасының 12,00 % – бонустар, 10,76 % – Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі, 10,45 % – экспортқа салынатын рента салығы және 3,12 % – үстеме пайдаға салынатын салық құрады.
Есепті кезеңде Ұлттық Банк Ұлттық қордың тұрақтандыру портфелінен бағалы қағаздарды сату есебінен 335079694 мың теңге сомаға (949907 мың АҚШ долларына балама) Ұлттық қордың валюталық активтерін қайта айырбастауды жүзеге асырды, оның ішінде 2016 жылғы үшінші тоқсанда – 352,75 (KZT/USD) бағамы бойынша 335079694 мың теңге сомаға (949907 АҚШ долларына балама).
Сондай-ақ есепті кезеңде Ұлттық Банк Ұлттық қордың тұрақтандыру портфелінен жалпы сомасы 1324163844 мың теңгеге АҚШ долларын қайта айырбастауды жүзеге асырды (3928550 мың АҚШ долларына балама), оның ішінде:
2016 жылғы үшінші тоқсанда – 341,29 (KZT/USD) бағамы бойынша 500402168 мың теңге сомаға (1466200 мың АҚШ долларына балама);
2016 жылғы төртінші тоқсанда – 334,54 (KZT/USD) бағамы бойынша 823761675 мың теңге сомаға (2462350 мың АҚШ долларына балама) жүзеге асырылды.
"2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2016 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт түрінде ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыруға жоспарланған 2479726312 мың теңгенің орнына 2110000000 мың теңге аударылды, ол жылдық жоспардың 85 %-ын құрайды және нысаналы трансферт түрінде 745574097 мың теңге аударылды, ол 2016 жылға бекітілген соманың 99 %-ын құрайды.
2016 жылы теңгемен номинацияланған бағалы қағаздар эмиссиясының шарттарына сәйкес эмитенттерден жалпы сомасы 32528168 мың теңгеге купондық сыйақы, оның ішінде "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" акционерлік қоғамының облигациялары бойынша – 31795823 мың теңге; "Бәйтерек" ҰБХ" акционерлік қоғамының облигациялары бойынша – 708345 мың теңге; "ҚазАгро" ҰБХ" акционерлік қоғамының облигациялары бойынша – 24000 мың теңге алынды.
Соңғы жылдары трансферттер түрінде де, сондай-ақ республиканың квазимемлекеттік секторының облигациялық қарыз алуы түрінде де Ұлттық қордан қаражат алу ұлғайғанын атап өту керек. Бұл ретте, қазақстандық эмитенттердің бағалы қағазға салған қаражатының құнсыздануы айқын, өйткені қарыздар нарық шарттарынан төмен шарттармен берілді.
Осылайша Ұлттық қордан алулардың ұлғаюы Ұлттық қор активтерінің сарқылуына алып келеді.
Облигациялық қарыздар түрінде бөлінетін қаражатты есепке алмағанда Ұлттық қор қаражатының пайдаланылуы (млрд. теңге)
АҚШ доллары Ұлттық қордың валютасы болып табылатынын атап өткен жөн. Бұл ретте Ұлттық қорға қаражаттың түсуі тікелей мұнай бағасына байланысты. Осыған байланысты соңғы жылдары Ұлттық қорға мұнай секторы ұйымдарынан түсетін салықтар түсімдері мен басқа төлемдердің қысқару үрдiсi байқалады.
Инвестициялық кірісті есепке алмағанда Ұлттық қорға түсетін түсімдер (млрд. теңге)
Мәселен, есепті кезеңде Ұлттық қордың активтері 2015 жылмен салыстырғанда 3,3 %-ға немесе 2,2 млрд. АҚШ долларына қысқарған.
Ұлттық қордың ағымдағы шотында теңгедегі ақшаның қалдығы 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 128194582 мың теңгені құрады.
2-тарау. Ұлттық Банктің Ұлттық қорды сенімгерлік басқару жөніндегі 2016 жылғы қызметі туралы есеп
"Делойт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген Ұлттық қор аудитінің нәтижелері бойынша қаржылық есептілік дұрыс деп танылды және Ұлттық қордың қаржылық жағдайының халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетінін көрсетеді.
2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Ұлттық қордың кредиторлық берешегі мен есептелген төленбеген шығыстарының жалпы сомасы 173669029 мың теңгені құрады, оның ішінде:
1) сатып алынған қаржылық құралдар бойынша кредиторлық берешек – 167432689 мың теңге:
2) Ұлттық қорға көрсетілген қызметтер үшін теңгедегі кредиторлық берешек – 6236340 мың теңге, оның ішінде:
5491630 мың теңге – активтерді басқарғаны үшін комиссия, оның ішінде:
3041393 мың теңге – сыртқы басқарушылардың көрсететін қызметтері үшін комиссия;
2450237 мың теңге – Ұлттық Банктің комиссиялық сыйақысы;
744710 мың теңге – өзге де есептелген шығыстар, оның ішінде:
734810 мың теңге – кастодиандық қызметтер көрсеткені үшін;
9900 мың теңге – Ұлттық қордың сыртқы аудитін жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін.
1-нысан |
Ұлттық қордың активтерін сенімгерлік басқару бойынша Ұлттық Банктің бухгалтерлік теңгерімі (мың теңге)
Баптың атауы | 2016 жылы | 2015 жылы |
Активтер | ||
Ақшалай қаражат және оның баламасы | 984910062 | 1724438604 |
Туынды қаржы құралдарын қоспағанда, пайда немесе зиян арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдары | ||
Ұлттық қордың меншігінде тұрған | 19706662734 | 21078481392 |
РЕПО мәмілелері бойынша кепіл ауыртпалығы бар | 0 | 0 |
Өтеу мерзіміне дейін ұсталатын инвестициялар | 865121400 | 795475298 |
Туынды қаржы құралдары | 22479752 | 15755167 |
Дебиторлық берешек | 93451 | 10788409 |
Активтер жиыны | 21579267399 | 23624938870 |
Міндеттемелер | ||
Туынды қаржы құралдары | 15044697 | 12520401 |
Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар | 173669029 | 22497085 |
Міндеттемелер жиыны | 188713726 | 35017486 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотын құрайтын таза активтер | 21390553673 | 23589921384 |
2016 жылғы 31 желтоқсанға инвестициялық операциялар бойынша шетел валютасындағы дебиторлық берешекті білдіретін Ұлттық қордың дебиторлық берешегінің жалпы сомасы 93451 мың теңгені құрады.
2-нысан |
Ұлттық қордың активтерін сенімгерлік басқару бойынша Ұлттық Банктің пайдалары мен шығындары туралы есеп (мың теңге)
Баптың атауы | 2016 жылы | 2015 жылы |
1 | 2 | 3 |
Кірістер | ||
Сыйақы түріндегі кірістер | 311879982 | 172958867 |
Дивидендтер түріндегі кірістер | 77895677 | 53555222 |
Форвардтық валюталық келісімшарттарды қоспағанда,пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдарынан түсетін таза кіріс / (шығын) | 157045363 | (90203376) |
Форвардтық валюталық келісімшарттардан түсетін таза кіріс / (шығын) | 11245857 | (322676) |
Валюталық активтер мен міндеттемелерді қайта бағалаудан түсетін таза кіріс / (шығын) | (271486265) | (809785781) |
Кірістердің жиыны | 286580614 | (673797744) |
Шығыстар | ||
Активтерді басқарғаны үшін комиссиялар | (13522564) | (14851007) |
Кастодиандық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар | (899196) | (1079659) |
Аудиторлық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар | (9900) | (9900) |
Кәсіби көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар | 0 | 0 |
Бағдарламалық өнімдерді және ақпараттық дерекқорды пайдаланғаны үшін ақы төлеу бойынша шығыстар | (4403) | (1385) |
Шығыстардың жиыны | (14436063) | (15941951) |
Таза кіріс / (шығын) | 272144551 | (689739695) |
Басқа жиынтық кіріс / (шығыс) | ||
Бағамдық айырма | (441651260) | 10836423663 |
Кезеңдегі жалпы жиынтық кіріс / (шығын) | (169506709) | 10146683968 |
Ұлттық қорды сенімгерлік басқарудың қорытындысы бойынша 2016 жылғы негізгі көрсеткіштер:
1) басқару нәтижелері бойынша кірістер 286580614 мың теңгені;
2) басқарудан болатын шығыстар 14436063 мың теңгені;
3) теңгеге қайта бағалау (қайта есептеу) бойынша теріс айырма 441651260 мың теңгені құрады.
Осылайша 2016 жылы таза кіріс 272144551 мың теңгені, Ұлттық қорды басқарудан болатын шығыстарды шегергенге дейінгі жалпы жиынтық шығын 155070646 мың теңгені, Ұлттық қорды басқарудан болатын шығыстарды шегергеннен кейінгі жалпы жиынтық шығын 169506709 мың теңгені құрады.
Ұлттық қордың жаһандық кастодианының деректері бойынша 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде базалық валюта – АҚШ долларымен есептелген инвестициялық кіріс (іске асырылған және іске асырылмаған) қалыптасты, ол 592976 мың АҚШ долларын құрады. Мәмілелер жасауға арналған шығындарды, сондай-ақ Ұлттық қордың бағалы қағаздары бойынша сыйақылардан бұрын ұсталған салықтардың жаһандық кастодиан қайтарған сомаларын ескере отырып, түзетілген инвестициялық кіріс Ұлттық қордың жаһандық кастодианының деректері бойынша сол кезең ішінде 594194 мың АҚШ долларын құрады.
Ұлттық қордың шотынан 2016 жылдың ішінде Ұлттық қорды басқаруға байланысты жалпы сомасы 18808654 мың теңгеге мынадай шығыстар төленді:
1) 11344773 мың теңге – Ұлттық қорды сенімгерлік басқарғаны үшін Ұлттық Банктің комиссиялық сыйақысы, оның ішінде 2016 жылы көрсетілген қызметтер үшін 6801289 мың теңге және өткен жылдарда көрсетілген қызметтер үшін 4543484 мың теңге;
2) 6325387 мың теңге – Ұлттық қорды сенімгерлік басқару бойынша сыртқы басқарушылардың комиссиялық сыйақысы, оның ішінде 2016 жылы көрсетілген қызметтер үшін 2936265 мың теңге және өткен жылдары көрсетілген қызметтер үшін 3389122 мың теңге;
3) 697296 мың теңге – Ұлттық қордың кастодианы көрсететін қызметтер үшін, оның ішінде 2016 жылы көрсетілген қызметтер үшін 157841 мың теңге және өткен жылдарда көрсетілген қызметтер үшін 539455 мың теңге;
4) 426895 мың теңге – Ұлттық қордың жаһандық кастодианының көрсететін қызметтері үшін, оның ішінде 2016 жылы көрсетілген қызметтер үшін 45663 мың теңге және өткен жылдарда көрсетілген қызметтер үшін 381232 мың теңге;
5) 9900 мың теңге – Ұлттық қордың сыртқы аудитін жүргізу бойынша өткен жылдарда көрсетілген қызметтер үшін;
6) 4194 мың теңге – 2016 жылы "Morgan Stanley Capital International" компаниясы көрсеткен ақпараттық қызметтер үшін;
7) 209 мың теңге – теңгеге номиналданған "Бағалы қағаздарды бірыңғай тіркеуші" акционерлік қоғамы 2016 жылы көрсеткен қызметтер үшін.
Ұлттық қорды басқару бойынша шығыстарды есептеудің жалпы сомасы 2016 жылғы 31 желтоқсанға 14436062 мың теңгені құрады, ол мынадай сомадан тұрады:
1) 9224013 мың теңге – Ұлттық қордың активтерін сенімгерлік басқарғаны үшін Ұлттық Банктің комиссиялық сыйақысы;
2) 4298550 мың теңге – Ұлттық қордың сыртқы басқарушыларының көрсетілген қызметтері үшін;
3) 586188 мың теңге – Ұлттық қордың жаһандық кастодианы көрсеткен қызметтер үшін;
4) 313008 мың теңге – Ұлттық қордың кастодианы көрсеткен қызметтер үшін;
5) 9900 мың теңге – Ұлттық қорға сыртқы аудит жүргізу бойынша көрсетілген қызметтер үшін;
6) 4194 мың теңге – "Morgan Stanley Capital International" компаниясының көрсеткен ақпараттық қызметтері үшін;
7) 209 мың теңге – "Бағалы қағаздарды бірыңғай тіркеуші" акционерлік қоғамы теңгеге номиналданған бағалы қағаздарды есепке алу және сақтау бойынша 2016 жылы көрсеткен қызметтер үшін.
3-нысан |
Ұлттық Банкінің Ұлттық қордың активтерін сенімгерлік басқару бойынша ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (мың теңге)
Баптың атауы | 2016 жылы | 2015 жылы |
1 | 2 | 3 |
Операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы | ||
Таза кіріс / (шығын) | 272144551 | (689739695) |
Түзетулер: | ||
Қазақстандық мемлекеттік компаниялардың облигациялары бойынша (дисконттың) / сыйлықтың амортизациясы | (33151177) | (25618905) |
РЕПО мәмілелері бойынша сыйақы түріндегі шығыстар | 0 | 0 |
Пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдарынан іске асырылмаған (кіріс) / шығын | (161467236) | 264858474 |
Операциялық активтер мен міндеттемелердегі өзгерістерге дейінгі операциялық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы | 77526138 | (450500126) |
Операциялық активтердің (ұлғаюы) / азаюы: | ||
Туынды қаржы құралдарын қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдары | 1091634634 | 2615580189 |
Туынды қаржы құралдары | (6724585) | (4683854) |
Дебиторлық берешек | 10694958 | (532638) |
Операциялық міндеттемелердің ұлғаюы / (азаюы): | ||
Туынды қаржы құралдары | 2524296 | 2977118 |
РЕПО мәмілелері бойынша кредиторлық берешек | 0 | 0 |
Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар | 151171944 | (1373603) |
Ақша қаражатын / қаражатының операциялық қызметте / қызметтен таза пайдалану / түсуі | 1326827385 | 2161467086 |
Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы | ||
Қазақстандық мемлекеттік компаниялардың облигацияларын (сатып алу) / сату немесе өтеу | (82759294) | (399901985) |
Инвестициялық қызметте ақша қаражатының таза (пайдаланылуы) / түсімі | (82759294) | (399901985) |
Қаржы қызметінен түсетін ақша қаражатының қозғалысы | ||
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен түскен түсімдер | 1140718170 | 1631004592 |
Республикалық бюджетке аударымдар | (2855574097) | (2456416963) |
Өзге аударымдар | (268740706) | (667324540) |
Қаржы қызметінен / қызметінде ақша қаражатының таза түсімі / (пайдаланылуы) | (1983596633) | (1492736911) |
Ақша қаражатының және оның баламаларының таза ұлғаюы / (азаюы) | (739528542) | 268828190 |
Жыл басындағы ақша қаражаты және оның баламалары | 1724438604 | 1455610414 |
Кезең соңындағы ақша қаражаты және оның баламалары | 984910062 | 1724438604 |
4-нысан |
Ұлттық Банктің Ұлттық қордың активтерін сенімгерлік басқару бойынша таза активтеріндегі өзгерістер туралы есеп (мың теңге)
Баптың атауы | Түсімдер | Аударымдар | Таза пайда (шығын) | Валютаны қайта бағалау бойынша резерв | Барлығы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
2014 жылғы 31 желтоқсанға қалдық | 21921828561 | (11069534607) | 1178303458 | 2905376915 | 14935974327 |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен түскен түсімдер | 1631004592 | 1631004592 | |||
Республикалық бюджетке аударымдар | (2456416963) | (2456416963) | |||
Өзге де аударымдар | (667324540) | (667324540) | |||
Валютаны қайта бағалаудың таза пайдаға (шығынға) және өзге де аударымдарға әсері | (2077235303) | (2077235303) | |||
Кезеңдегі таза пайда (шығын) | (689739695) | (689739695) | |||
2015 жылғы 31 желтоқсанға қалдық | 23552833153 | (14193276110) | 488563763 | 13741800578 | 23589921384 |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен түскен түсімдер | 1140718170 | 1140718170 | |||
Республикалық бюджетке аударымдар | (2855574097) | (2855574097) | |||
Өзге де аударымдар | (315005075) | (315005075) | |||
Валютаны қайта бағалаудың таза активтердің бастапқы қалдығына әсері | (466234145) | (466234145) | |||
Валютаны қайта бағалаудың таза пайдаға (шығынға) әсері және басқа да қозғалыстар | 24582885 | 24582885 | |||
Кезеңдегі таза пайда (шығын) | 272144551 | 272144551 | |||
2016 жылғы 31 желтоқсанға қалдық | 24693551323 | (17363855282) | 760708314 | 13300149318 | 21390553673 |
Ұлттық қордың таза активтері 2016 жылдың соңында 21390553673 мың теңгені құрады (аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу әдісімен) 9,3 %-ға төмендеу байқалады.
3-тарау. Ұлттық қорды басқару жөніндегі 2016 жылғы өзге де деректер
Ұлттық қордың активтерін бөлу құрылымы мынадай түрге ие болды. Ұлттық қор валюталық портфельдің және қазақстандық эмитенттер облигацияларының теңгелік портфельдің жиынтық нарықтық құны 2016 жылғы 31 желтоқсанда 64198715873 АҚШ долларына тең болды, оның ішінде валюта портфелі – 61218380483 АҚШ долларына балама (95,36 %) және облигациялардың теңгелік портфелі – 2595701642 АҚШ долларына (4.04 %), теңгелік шоттағы қалдығы – 384633748 АҚШ долларына (0.6 %) балама. Ұлттық қор валюталық портфелінің құрамындағы тұрақтандыру және жинақтау портфельдерінің нарықтық құны тиісінше 15159169775 (24.76 %) және 46059210707 (75.24 %) АҚШ доллары болды.
Ұлттық қордың валюталық портфелінің құрамына кіретін бағалы қағаздардың және басқа да қаржы құралдарының нарықтық құны жаһандық кастодианның деректеріне негізделеді.
Ұлттық қордың валюталық активтерін бөлу құрылымы
Атауы | Барлығы | |
Мандат түрі | USD-мен нарықтық құны | % |
Тіркелген кірісті бағалы қағаздар | 35448655806 | 57,91 |
Ақша нарығы | 15159169775 | 24,76 |
Акциялар | 9601881090 | 15,68 |
Жаһандық тактикалық бөлу | 1008673811 | 1,65 |
Барлығы | 61218380483 | 100,0 |
Тұрақтандыру портфелінің активтерін бөлу серпіні
Активтер сыныбы | 2013 | 2014 | 2015 | 2016 |
Ақша нарығының ақшасы мен құралдары | 82,64 % | 82,28 % | 83,18 % | 68,15 % |
Тіркелген кірісті бағалы қағаздар | 17,36 % | 17,72 % | 16,82 % | 31,85 % |
тұрақтандыру портфелінің барлығы | 100,0 % | 100,0 % | 100,0 % | 100,0 % |
Есепті кезеңнің соңында тұрақтандыру портфелінің құрамындағы эталондық индекске кіретін елдердің қолма-қол валютасы мен мемлекеттік бағалы қағаздар үлесі тұрақтандыру портфелі көлемінің шамамен 92,80 %-ына тең болды.
Жинақтау портфелінің активтерін бөлу серпіні
Активтер сыныбы | 2013 | 2014 | 2015 | 2016 |
Тіркелген кірісті бағалы қағаздар | 67,63 % | 71,30 % | 78,97 % | 77,23 % |
Акциялар | 22,66 % | 24,14 % | 19,91 % | 21,19 % |
Ақша және ақша нарығының құралдары | 9,72 % | 4,56 % | 1,12 % | 1,58 % |
Жинақтау портфелінің барлығы | 100,0 % | 100,0 % | 100,0 % | 100,0 % |
2016 жылғы 31 желтоқсанға елдік қатынаста Ұлттық қордың жинақтау портфелінің активтерін бөлуде ең көп үлес мыналарға тиесілі: АҚШ (39,88 %), Еуроаймақ елдері (21,57 %), Жапония (10,06 %), Ұлыбритания (7,47 %), Канада (5,84 %), Аустралия (4,74 %), Оңтүстік Корея (4,76 %) және басқалары (5,68 %).
Ұлттық қордың кірістілігі 2016 жылы 0,84 %-ды құрады.
Ұлттық қордың валюталық активтерімен инвестициялық операцияларды жүргізу нәтижесінде 2016 жылы алынған инвестициялық кіріс 592,98 млн. АҚШ долларын құрады. Құрылғаннан бастап 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңдегі Ұлттық қордың кірістілігі 68,04 %-ды құрады, бұл жылдық мәнде 3,39 %-ды құрайды.
Ұлттық қордың тарихи кірістілігі (АҚШ доллары)
Ұлттық қордың таза активтері мынадай санаттар (инвестициялық портфельдің түрлері) бойынша жіктелген:
1) тұрақтандыру портфелі;
2) жинақтау портфелі:
тіркелген кірісті бағалы қағаздар портфелі;
акциялар портфелі;
активтерді тактикалық бөлу портфелі.
Инвестициялық стратегияға сәйкес Ұлттық қор активтерінің әрбір сыныбы эталондық портфельге (индекске) қатысты басқарылады, оның негізінде олардың кірістілігі бағаланады. Эталондық портфельдер (индекстер) Ұлттық Банк басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысымен бекітілген Ұлттық қордың инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларында айқындалған.
Тұрақтандыру портфелінің кірістілігі 2016 жылы 0,576 % құрады, осы кезеңде эталондық портфелін (Merrill Lynch 6-month US Treasury Bill Index) кірістілігі 0,673 % құрады. Осылайша тұрақтандыру портфелінің активтерін басқару нәтижесінде 2016 жылы 0,10 % мөлшерінде теріс үстеме кірістілік алынды.
Жинақтау портфелінің кірістілігі 2016 жылы 1,08 % құрады, осы кезеңде эталондық портфельдің кірістілігі (80 % - облигациялардың композиттік индексі (45 % - Merrill Lynch US Treasuries; 20 % - All Euro Government Index, DE, FR, NL, AT, LU, FI; 10 % - Merrill Lynch UK Gilts; 10 % - Merrill Lynch Japan Governments; 5 % - Merrill Lynch Australian Governments; 5 % - Merrill Lynch Canadian Governments; 5 % - Merrill Lynch South Korean Government Index) және 20 % - әлемнің дамыған елдерінің компаниялары акцияларының индексі MSCI World) 1,07 % болды. Осылайша 0,003 % мөлшерінде оң үстеме кірістілік алынды.
Облигациялардың "Ауқымды облигациялар" қосалқы портфелін басқарудан 2016 жылы түскен кірістілік (-)0,62 % құрады. Бұл қосалқы портфельдің эталондық портфелінің кірістілігі (-)0,71 % құрады. Осылайша мандаттың осы түрін басқарудың нәтижесінде алынған кірістілік 0,09 % болды. 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мандаттың осы түрі бойынша басқаруды 8 сыртқы басқарушы және Ұлттық Банк жүзеге асырды.
"Ауқымды акциялар" мандатының түрі бойынша активтерді басқарудан түсетін кірістілік - 7,92 %, ал бенчмарктың кірістілігі 8,17 % құрады. Осылайша мандаттың осы түрін басқарудың нәтижесінде алынған үстеме кірістілік (-) 0,25 % құрады.
"Активтерді ауқымды тактикалық бөлу" мандатының түрі бойынша активтерді басқару кірістілігі - 0,54 %, ал бенчмарктың кірістілігі 1,07 % құрады. Осылайша мандаттың осы түрі бойынша жинақтау портфелінің активтерін басқару нәтижесінде эталондық портфеліне қатысты мандаттың осы түрі бойынша үстеме кірістілік (-)0,53 % құрады.
2016 жылғы жинақтау портфелінің кірістілігі
2016 жылғы тұрақтылық портфелінің кірістілігі
Ұлттық қорды басқару бойынша 2016 жылы жүргізілген іс-шаралар туралы қосымша ақпарат.
Есепті кезеңде Ұлттық Банк Ұлттық қордың активтерін басқаруды одан әрі жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырды.
Мәселен, "Ауқымды акциялар" мандаты бойынша сыртқы басқарушылардың тиімділігін бағалау қорытындылары бойынша қол жеткізілген оң нәтижелерге сәйкес және комиссиялық шығындар қысқарғанын ескере отырып, Pictet Asset Management басқаруындағы активтердің көлемі Deutsche Asset Management басқаруынан активтердің 50 % жуығын алу есебінен шамамен 250 млн. АҚШ доллар сомасына ұлғайтылды.
Халық арасында Ұлттық қордың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу шеңберінде Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы 2015 жылғы есеп және сыртқы аудит жүргізу нәтижелері туралы ақпарат 2016 жылғы 19 шілдеде "Казахстанская правда" газетінде № 136 (28262) жарияланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің веб-сайтында орналастырылды.
Ұлттық қордың қызметі туралы қажетті ақпарат, есептер, Ұлттық қордың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің веб-сайтында (www.minfin.gov.kz) орналастырылған.