Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 621 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамы;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республика
Президенті
Н. Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2018 жылғы 10 қаңтардағы
№ 621 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Құрамы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 29.06.2024 № 591 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, хатшы

      Комиссия мүшелері:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы

      Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      Қазақстан Республикасының Көлік министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

      Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

      Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін кеңесшісі

      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі

      Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы (келісім бойынша)

      "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы (келісім бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      сарапшылар:

      Ахметов Қайрат Бәкібайұлы – "Көркем Телеком" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы (келісім бойынша)

      Әбдуәлиев Әсет Қуандықұлы – "Silkroad Innovation Hub" компаниясының бас атқарушы директоры (келісім бойынша)

      Бәйменов Әлихан Мұхамедияұлы – Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Боқаев Бауыржан Нұрланұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры (келісім бойынша)

      Бутумбаев Серік Батырханұлы – "Helios soft" (Favorit) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы (келісім бойынша)

      Датбаев Әлібек Амангелдіұлы – "Booking.com" тобының аға әзірлеушісі және басшысы (келісім бойынша)

      Дос Бақытжан Ерланұлы – "Goat.AI" компаниясының бас директоры және негізін бірлесіп қалаушы (келісім бойынша)

      Мусин Бағдат Батырбекұлы – "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      Қанафин Байжан Болатбекұлы – "Documentolog" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы (келісім бойынша)

      Лещенко Сергей Владимирович – "Microsoft" компаниясының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы өңірі бойынша бас директоры (келісім бойынша)

      Ломтадзе Михаил Нугзарович – "Kaspi Bank" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      Мухоряпов Рамиль Радикович – "Chocofamily Holding" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі байқаушы кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

      Сабыржан Арай – "Google" компаниясының инженер-бағдарламашысы (келісім бойынша)

      Төлебаев Дәурен Оңғарбекұлы – "Kazdream Technologies" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы (келісім бойынша)

      Турлов Тимур Русланович – "Freedom Holding Corp." компаниясының бас директоры (келісім бойынша)

      Фабрицио Пессина – "BCG Platinion" компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Латын Америкасы өңірлері бойынша аға серіктесі және бас операциялық директоры (келісім бойынша)

      Шаяхметова Үміт Болатханқызы – "Қазақстан Халық банкі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2018 жылғы 10 қаңтардағы
№ 621 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 07.12.2020 № 465 Жарлығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 07.11.2023 № 397 Жарлығымен.

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Комиссия төрағадан, оның орынбасарынан, хатшыдан, Комиссияның мүшелерінен, Комиссияның сарапшыларынан тұрады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 07.11.2023 № 397 Жарлығымен.

      4. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      5. Комиссия шешімдері ұсынымдық сипатта болады.

      6. Комиссияның шешімімен оның алдына қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында Комиссияның жобалау топтары (бұдан әрі - жобалау топтары) құрылуы мүмкін.

      7. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

2-тарау. Комиссияның міндеттері, функциялары және құқықтары

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 07.11.2023 № 397 Жарлығымен.

      8. Комиссияның негізгі міндеттері Қазақстан Республикасындағы цифрландыру, инновациялық технологиялар және байланыс саласы мәселелері бойынша ұсыныстарды тұжырымдау, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу болып табылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 07.11.2023 № 397 Жарлығымен.

      9. Жүктелген міндеттерді орындау үшін Комиссия:

      1) күн тәртібі шеңберінде ұсынымдар, ұсыныстар және нақты жобалар әзірлейді;

      2) тиісті бастамаларды іске асыру мақсатында жобалау топтарын құрады;

      3) өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды орталық және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарынан сұратады және алады;

      4) алып тасталды – ҚР Президентінің 29.06.2024 № 591 Жарлығымен.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 19.11.2022 № 1077; 29.06.2024 № 591 Жарлықтарымен.

3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 07.11.2023 № 397 Жарлығымен.

      10. Комиссияның қызметіне басшылықты Комиссия төрағасы жүзеге асырады.

      11. Төраға болмаған кезде оның міндеттерін төрағаның орынбасары атқарады.

      12. Комиссия хатшысы:

      1) төрағаның тапсырмалары мен Комиссия отырыстарында қабылданған басқа да міндеттердің орындалуын мониторингтеуді жүзеге асырады;

      2) жекелеген жұмыс түрлерін жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен тиісті сарапшылар мен мамандарды тартады;

      3) төрағаның және төраға орынбасарының тапсырмалары бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      13. Комиссияның жұмыс органы:

      1) Комиссияның қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету мен қолдап отыруды жүзеге асырады;

      2) Комиссия төрағасының атына күн тәртібін енгізеді;

      3) Комиссияның көзбе-көз және сырттай (онлайн) форматтағы отырыстарын дайындау мен өткізуді жүзеге асырады;

      4) Комиссияның көзбе-көз және сырттай (онлайн) форматтағы отырыстарының хаттамасын жүргізеді;

      5) алып тасталды – ҚР Президентінің 07.11.2023 № 397 Жарлығымен;

      6) Комиссияның жұмыс жоспарын қалыптастырады;

      7) Комиссия мүшелерін Комиссия құрамының, ережесінің өзгергені және өзге де өзгерістер туралы хабардар етеді;

      8) Комиссия қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылауды жүзеге асырады;

      9) Комиссияның құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдармен, даму институттарымен, ұйымдармен және басқа да тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      10) Комиссияның жобалық топтарының және онлайн-платформаның жұмыс әдістемесін қалыптастырады;

      11) онлайн-платформаның қызметін қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 07.11.2023 № 397 Жарлығымен.

      14. Комиссияның отырыстары көзбе-көз, сырттай өтуі мүмкін әрі ашық және жабық болып бөлінеді:

      1) ашық отырыстар қажеттігіне қарай Комиссия мүшелерінің және Комиссия сарапшыларының қатысуымен өткізіледі;

      2) жабық отырыстар қажеттігіне қарай және тоқсанына бір реттен сиретпей, Комиссия мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 07.11.2023 № 397 Жарлығымен.

      15. Комиссия төрағасы Комиссия отырысы өткізілетін күнді айқындайды және күн тәртібін Комиссияның жұмыс органына материалдар ұсыну үшін мемлекеттік органдарға жібереді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 07.11.2023 № 397 Жарлығымен.

      16. Егер отырысты шақыру туралы шешімде өзгеше көзделмесе, отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материал дар (анықтамалар, тұсаукесерлер, хаттама жобасы, сөз сөйлеушілер мен қатысушылардың тізімі) отырыс өткізілгенге дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын жұмыс органына ұсынылады.

      17. Комиссия отырысы жоспарланатын отырысқа дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей Комиссия төрағасының бастамасы бойынша шақырылады.

      18. Отырыс күніне дейін кемінде екі жұмыс күні бұрын Комиссия мүшелері мен Комиссия сарапшылары отырысқа өздерінің қатысатынын растайды.

      19. Комиссия отырыстары оның мүшелерінің жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болады. Комиссия мүшелері оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.

      20. Комиссияның шешімдері оның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және жүргізілген стенограмма негізінде хаттамамен ресімделеді. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.

      21. Комиссияның отырысы аяқталғаннан кейін жұмыс органы үш жұмыс күні ішінде Комиссия отырысы хаттамасының жобасын дайындайды. Комиссия хаттамасының көшірмелері Комиссияның барлық мүшесіне, мүдделі мемлекеттік органдарға және тұлғаларға жіберіледі.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 07.11.2023 № 397 Жарлығымен.

      22. Комиссияның отырыстарына Комиссияның мүшелері болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.

      23. Алып тасталды – ҚР Президентінің 29.06.2024 № 591 Жарлығымен.

      24. Қазақстан Республикасының Президенті қажеттігіне қарай Комиссия қызметінің нәтижелері туралы есепті тыңдайды.

      25. Комиссияның сарапшылары Комиссияның ашық отырыстарына хатшының шақыруы бойынша қатысады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 07.11.2023 № 397 Жарлығымен.
      26. Алып тасталды – ҚР Президентінің 07.11.2023 № 397 Жарлығымен.

      27. Комиссияның қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі негізінде тоқтатылады.

Об образовании Комиссии при Президенте Республики Казахстан по вопросам внедрения цифровизации в Республике Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 10 января 2018 года № 621.

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Образовать Комиссию при Президенте Республики Казахстан по вопросам внедрения цифровизации в Республике Казахстан.

      2. Утвердить прилагаемые:

      1) должностной состав Комиссии при Президенте Республики Казахстан по вопросам внедрения цифровизации в Республике Казахстан;

      2) Положение о Комиссии при Президенте Республики Казахстан по вопросам внедрения цифровизации в Республике Казахстан.

      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент
Республики Казахстан
Н. Назарбаев

  УТВЕРЖДЕН
Указом Президента
Республики Казахстан
от 10 января 2018 года № 621

СОСТАВ
Комиссии при Президенте Республики Казахстан по вопросам внедрения цифровизации в Республике Казахстан

      Сноска. Состав - в редакции Указа Президента РК от 29.06.2024 № 591.

      Премьер-Министр Республики Казахстан, председатель

      Министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан, заместитель председателя

      вице-министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан, секретарь

      члены Комиссии:

      Председатель Национального Банка Республики Казахстан

      Генеральный Прокурор Республики Казахстан

      Председатель Комитета национальной безопасности Республики Казахстан

      Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан

      Министр внутренних дел Республики Казахстан

      Министр обороны Республики Казахстан

      Министр иностранных дел Республики Казахстан

      председатель правления акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына" (по согласованию)

      Председатель Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан

      Председатель Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу

      Председатель Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка

      Председатель Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы

      Председатель Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан

      Председатель Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы)

      Министр сельского хозяйства Республики Казахстан

      Министр юстиции Республики Казахстан

      Министр науки и высшего образования Республики Казахстан

      Министр здравоохранения Республики Казахстан

      Министр труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

      Министр транспорта Республики Казахстан

      Министр финансов Республики Казахстан

      Министр культуры и информации Республики Казахстан

      Министр просвещения Республики Казахстан

      Министр промышленности и строительства Республики Казахстан

      Министр торговли и интеграции Республики Казахстан

      Министр водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан

      Министр по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

      Министр туризма и спорта Республики Казахстан

      Министр национальной экономики Республики Казахстан

      Министр экологии и природных ресурсов Республики Казахстан

      Министр энергетики Республики Казахстан

      советник Президента Республики Казахстан, курирующий вопросы цифровизации

      заместитель Секретаря Совета Безопасности Республики Казахстан

      заведующий Отделом информатизации и защиты информационных ресурсов Администрации Президента Республики Казахстан

      Руководитель Судебной администрации Республики Казахстан (по согласованию)

      Управляющий Международным финансовым центром "Астана" (по согласованию)

      председатель правления Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен" (по согласованию)

      эксперты:

      Ахметов Кайрат Бакибаевич – руководитель товарищества с ограниченной ответственностью "Коркем Телеком" (по согласованию)

      Абдуалиев Асет Куандыкович – главный исполнительный директор компании "Silkroad Innovation Hub" (по согласованию)

      Байменов Алихан Мухамедьевич – председатель Управляющего комитета Астанинского хаба государственной службы (по согласованию)

      Бокаев Бауыржан Нурланович – профессор Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан (по согласованию)

      Бутумбаев Серик Батырханович – руководитель товарищества с ограниченной ответственностью "Helios soft" (Favorit) (по согласованию)

      Датбаев Алибек Амангельдиевич – старший разработчик и руководитель группы "Booking.com" (по согласованию)

      Дос Бақытжан Ерланұлы – генеральный директор и сооснователь компании "Goat.AI" (по согласованию)

      Мусин Багдат Батырбекович – председатель правления акционерного общества "Казахтелеком" (по согласованию)

      Канафин Байжан Болатбекович – руководитель товарищества с ограниченной ответственностью "Documentolog" (по согласованию)

      Лещенко Сергей Владимирович – генеральный директор компании "Microsoft" по региону Содружества Независимых Государств (по согласованию)

      Ломтадзе Михаил Нугзарович – председатель правления акционерного общества "Kaspi Bank" (по согласованию)

      Мухоряпов Рамиль Радикович – председатель наблюдательного совета товарищества с ограниченной ответственностью "Chocofamily Holding" (по согласованию)

      Сабыржан Арай – инженер-программист компании "Google" (по согласованию)

      Тулебаев Даурен Онгарбекович – руководитель товарищества с ограниченной ответственностью "Kazdream Technologies" (по согласованию)

      Турлов Тимур Русланович – генеральный директор компании "Freedom Holding Corp." (по согласованию)

      Фабрицио Пессина – старший партнер и главный операционный директор компании "BCG Platinion" по регионам Европа, Ближний Восток и Латинская Америка (по согласованию)

      Шаяхметова Умут Болатхановна – председатель правления акционерного общества "Народный банк Казахстана" (по согласованию)


  УТВЕРЖДЕНО
Указом Президента Республики
Казахстан от 10 января 2018
года № 621

ПОЛОЖЕНИЕ
о Комиссии при Президенте Республики Казахстан по вопросам внедрения цифровизации в Республике Казахстан

      Сноска. Положение - в редакции Указа Президента РК от 07.12.2020 № 465.

Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок главы 1 - в редакции Указа Президента РК от 07.11.2023 № 397.

      1. Комиссия при Президенте Республики Казахстан по вопросам внедрения цифровизации в Республике Казахстан (далее - Комиссия) является консультативно-совещательным органом при Президенте Республики Казахстан.

      2. Комиссия руководствуется в своей деятельности Конституцией, законами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. Комиссия состоит из председателя, его заместителя, секретаря, членов Комиссии, экспертов Комиссии.

      Сноска. Пункт 3 - в редакции Указа Президента РК от 07.11.2023 № 397.

      4. Рабочим органом Комиссии является Министерство цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      5. Решения Комиссии носят рекомендательный характер.

      6. Решением Комиссии в целях реализации поставленных перед ним задач могут создаваться проектные группы Комиссии (далее - проектные группы).

      7. Состав Комиссии утверждается Президентом Республики Казахстан.

Глава 2. Задачи, функции и права Комиссии

      Сноска. Заголовок главы 2 - в редакции Указа Президента РК от 07.11.2023 № 397.

      8. Основными задачами Комиссии являются выработка предложений по вопросам цифровизации, инновационных технологий и области связи в Республике Казахстан, а также мониторинг их реализации.

      Сноска. Пункт 8 - в редакции Указа Президента РК от 07.11.2023 № 397.

      9. Для выполнения возложенных задач Комиссия:

      1) разрабатывает рекомендации, предложения и конкретные проекты в рамках повестки дня;

      2) создает проектные группы с целью реализации соответствующих инициатив;

      3) запрашивает и получает от центральных и местных исполнительных органов областей (города республиканского значения, столицы), районов (городов областного значения) информацию, документы и материалы, необходимые для выполнения возложенных на нее задач;

      4) Исключен Указом Президента РК от 29.06.2024 № 591.
      Сноска. Пункт 9 с изменениями, внесенными указами Президента РК от 19.11.2022 № 1077; от 29.06.2024 № 591.

Глава 3. Организация деятельности Комиссии

      Сноска. Заголовок главы 3 - в редакции Указа Президента РК от 07.11.2023 № 397.

      10. Руководство деятельностью Комиссии осуществляет председатель Комиссии.

      11. В отсутствие председателя его обязанности исполняет заместитель председателя.

      12. Секретарь Комиссии:

      1) осуществляет мониторинг исполнения поручений председателя и других задач, принятых на заседаниях Комиссии;

      2) привлекает в установленном порядке для осуществления отдельных видов работ соответствующих экспертов и специалистов;

      3) осуществляет иные полномочия по поручениям председателя и заместителя председателя.

      13. Рабочий орган Комиссии:

      1) осуществляет информационно-аналитическое обеспечение и сопровождение деятельности Комиссии;

      2) вносит на имя председателя Комиссии повестку дня;

      3) осуществляет подготовку и проведение заседаний Комиссии в очном и заочном (онлайн) формате;

      4) ведет протокол заседаний Комиссии в очном и заочном (онлайн) формате;

      5) Исключен Указом Президента РК от 07.11.2023 № 397.

      6) формирует план работы Комиссии;

      7) уведомляет членов Комиссии об изменении состава, положения Комиссии и иных изменениях;

      8) осуществляет контроль за ходом выполнения принятых Комиссией решений;

      9) осуществляет взаимодействие с государственными органами, институтами развития, организациями и другими лицами в рамках компетенций Комиссии;

      10) формирует методику работы проектных групп Комиссии и онлайн- платформы;

      11) обеспечивает деятельность онлайн-платформы.

      Сноска. Пункт 13 с изменениями, внесенными Указом Президента РК от 07.11.2023 № 397.

      14. Заседания Комиссии могут проходить очно, заочно и делятся на открытые и закрытые:

      1) открытые заседания проводятся с участием членов Комиссии и экспертов Комиссии по мере необходимости;

      2) закрытые заседания проводятся с участием членов Комиссии по мере необходимости и не реже одного раза в квартал.

      Сноска. Пункт 14 с изменениями, внесенными Указом Президента РК от 07.11.2023 № 397.

      15. Председатель Комиссии определяет дату проведения заседания Комиссии и направляет повестку дня государственным органам для предоставления материалов в рабочий орган Комиссии.

      Сноска. Пункт 15 - в редакции Указа Президента РК от 07.11.2023 № 397.

      16. Материалы по вопросам повестки дня заседания (справки, презентации, проект протокола, список выступающих и участников) представляются в рабочий орган не менее чем за пять рабочих дней до проведения заседания, если в решении о созыве заседания не предусмотрено иное.

      17. Заседание Комиссии созывается по инициативе председателя Комиссии не позднее чем за три рабочих дня до планируемого заседания.

      18. Не менее чем за два рабочих дня до дня заседания члены Комиссии и эксперты Комиссии подтверждают свое участие в заседании.

      19. Заседания Комиссии правомочны при наличии двух третей от общего числа ее членов. Члены Комиссии участвуют в ее заседаниях без права замены.

      20. Решения Комиссии принимаются большинством голосов от общего числа ее членов, присутствующих на заседании, и оформляются протоколом на основании произведенной стенограммы. При равенстве голосов членов Комиссии голос председательствующего является решающим.

      21. По окончании заседания Комиссии рабочий орган в течение трех рабочих дней готовит проект протокола заседания Комиссии. Копии протокола Комиссии направляются всем членам Комиссии, заинтересованным государственным органам и лицам.

      Сноска. Пункт 21 - в редакции Указа Президента РК от 07.11.2023 № 397.

      22. На заседания Комиссии могут приглашаться должностные лица, не являющиеся членами Комиссии, а также представители средств массовой информации.

      23. Исключен Указом Президента РК от 29.06.2024 № 591.

      24. Президент Республики Казахстан заслушивает отчет о результатах деятельности Комиссии по мере необходимости.

      25. Эксперты Комиссии участвуют на открытых заседаниях Комиссии по приглашению секретаря.

      Сноска. Пункт 25 - в редакции Указа Президента РК от 07.11.2023 № 397.
      26. Исключен Указом Президента РК от 07.11.2023 № 397.

      27. Деятельность Комиссии прекращается на основании решения Президента Республики Казахстан.