"Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 621 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № 465 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 621 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамы осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республика
      Президенті Н. Назарбаев

  Қазақстан Республикасы Президентінің
2020 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 465 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы Президентінің
2018 жылғы 10 қаңтардағы № 621 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, хатшы

Комиссия мүшелері:

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін орынбасары

      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы

      Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы

      Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы (келісім бойынша)

отандық сарапшылар:

      Ахметов Қайрат Бакибайұлы - "Көркем Телеком" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы (келісім бойынша)

      Әбдірахманов Мұрат Алмасбекұлы - венчурлік инвестор (келісім бойынша)

      Бутумбаев Серік Батырханұлы - "Helios soft" (Favorit) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы (келісім бойынша)

      Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы - "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      Канафин Байжан Болатбекұлы - "Documentolog" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы (келісім бойынша)

      Ломтадзе Михаил Нугзарович - "Kaspi Bank" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      Мухоряпов Рамиль Радикович - "Chocofamily Holding" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі байқау кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

      Төлебаев Дәурен Оңғарбекұлы - "Kazdream Technologies" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы (келісім бойынша)

      Щербинин Евгений Михайлович - "Prime Source" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы (келісім бойынша)

халықаралық сарапшылар:

      Вавилов Валерий - BitfuryGroup көпбейінді блокчейн-компаниясының бас директоры (келісім бойынша)

      Ван Цзянь - "Alibaba Group" компаниясының технологияны дамытуды басқару комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Датбаев Әлібек Амангелдіұлы - Booking.com тобының аға әзірлеушісі және басшысы (келісім бойынша)

      Джефф Мерритт - Дүниежүзілік экономикалық форумның ІоТ және Біріктірілген құрылғылар басшысы (келісім бойынша)

      Канг-так ОХ - Корея Ұлттық ақпараттық қоғамы Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жаһандық ынтымақтастық департаментінің вице-президенті (келісім бойынша)

      Крис Фергюсон - Ұлыбритания Мемлекеттік цифрлық қызметінің директоры (келісім бойынша)

      Ланвин Бруно - INSEAD-тегі атқарушы директор (келісім бойынша)

      Махмуд Ясмин - цифрлық экономиканы трансформациялау жөніндегі консультант (келісім бойынша)

      Сейдахметов Мұхит Өзбекұлы - Delivery Club-тың бас операциялық директоры (келісім бойынша)

      Талло Ивар - e-Govemance электрондық басқару академиясының негізін қалаушы және тұңғыш директоры (келісім бойынша)

      Фэриш Роберт - Ресейдегі және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы IDC вице-президенті (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2020 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 465 Жарлығына
2-ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2018 жылғы 10 қаңтардағы
№ 621 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Комиссия төрағадан, оның орынбасарынан, хатшыдан, Комиссия мүшелерінен, Комиссия сарапшыларынан (отандық және халықаралық) тұрады.

      4. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      5. Комиссия шешімдері ұсынымдық сипатта болады.

      6. Комиссияның шешімімен оның алдына қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында Комиссияның жобалау топтары (бұдан әрі - жобалау топтары) құрылуы мүмкін.

      7. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

2. Комиссияның міндеттері, функциялары және құқықтары

      8. Комиссияның негізгі міндеті ұсыныстарды тұжырымдау, Қазақстан Республикасындағы цифрландыру және инновациялық технологиялар мәселелерін мониторингтеу және іске асыру болып табылады.

      9. Жүктелген міндеттерді орындау үшін Комиссия:

      1) күн тәртібі шеңберінде ұсынымдар, ұсыныстар және нақты жобалар әзірлейді;

      2) тиісті бастамаларды іске асыру мақсатында жобалау топтарын құрады;

      3) өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды орталық және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарынан сұратады және алады;

      4) "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізу үшін ұсыныстар ұсынады.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      10. Комиссияның қызметіне басшылықты Комиссия төрағасы жүзеге асырады.

      11. Төраға болмаған кезде оның міндеттерін төрағаның орынбасары атқарады.

      12. Комиссия хатшысы:

      1) төрағаның тапсырмалары мен Комиссия отырыстарында қабылданған басқа да міндеттердің орындалуын мониторингтеуді жүзеге асырады;

      2) жекелеген жұмыс түрлерін жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен тиісті сарапшылар мен мамандарды тартады;

      3) төрағаның және төраға орынбасарының тапсырмалары бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      13. Комиссияның жұмыс органы:

      1) Комиссияның қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету мен қолдап отыруды жүзеге асырады;

      2) жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды мемлекеттік органдар мен ұйымдардан сұратады;

      3) Комиссияның көзбе-көз және сырттай (онлайн) форматтағы отырыстарын дайындау мен өткізуді жүзеге асырады;

      4) Комиссияның көзбе-көз және сырттай (онлайн) форматтағы отырыстарының хаттамасын жүргізеді;

      5) отырыстарға материалдар, оның ішінде күн тәртібі жобаларын жинауды, дайындауды жүзеге асырады;

      6) Комиссияның жұмыс жоспарын қалыптастырады;

      7) Комиссия мүшелерін Комиссия құрамының, ережесінің өзгергені және өзге де өзгерістер туралы хабардар етеді;

      8) Комиссия қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылауды жүзеге асырады;

      9) Комиссияның құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдармен, даму институттарымен, ұйымдармен және басқа да тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      10) Комиссияның жобалық топтарының және онлайн-платформаның жұмыс әдістемесін қалыптастырады;

      11) онлайн-платформаның қызметін қамтамасыз етеді.

      14. Комиссияның отырыстары көзбе-көз, сырттай өтуі мүмкін әрі ашық және жабық болып бөлінеді:

      1) ашық отырыстар Комиссия мүшелерінің және Комиссия сарапшыларының қатысуымен жарты жылда бір реттен сиретпей өткізіледі;

      2) жабық отырыстар қажеттігіне қарай және Комиссия төрағасы айқындайтын мерзімдерде және құрамда тоқсанына бір реттен сиретпей Комиссия мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.

      15. Комиссияның қарауына шығару үшін ұсынылған мәселелер міндетті түрде мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі.

      16. Егер отырысты шақыру туралы шешімде өзгеше көзделмесе, отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материал дар (анықтамалар, тұсаукесерлер, хаттама жобасы, сөз сөйлеушілер мен қатысушылардың тізімі) отырыс өткізілгенге дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын жұмыс органына ұсынылады.

      17. Комиссия отырысы жоспарланатын отырысқа дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей Комиссия төрағасының бастамасы бойынша шақырылады.

      18. Отырыс күніне дейін кемінде екі жұмыс күні бұрын Комиссия мүшелері мен Комиссия сарапшылары отырысқа өздерінің қатысатынын растайды.

      19. Комиссия отырыстары оның мүшелерінің жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болады. Комиссия мүшелері оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.

      20. Комиссияның шешімдері оның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және жүргізілген стенограмма негізінде хаттамамен ресімделеді. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.

      21. Комиссияның отырысы аяқталғаннан кейін жұмыс органы үш күндік мерзімде Комиссия отырысы хаттамасының жобасын дайындайды. Комиссия хаттамасының көшірмелері Комиссияның барлық мүшесіне, мүдделі мемлекеттік органдарға және тұлғаларға жіберіледі.

      22. Комиссияның отырыстарына Комиссияның мүшелері болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.

      23. Комиссияның төрағасы мемлекеттік органдар есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне қарай ұсынатын деректер негізінде есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде жартыжылдық негізде Қазақстан Республикасының Президентіне жұмыс нәтижелері туралы есеп жібереді.

      24. Қазақстан Республикасының Президенті қажеттігіне қарай Комиссия қызметінің нәтижелері туралы есепті тыңдайды.

      25. Комиссияның халықаралық сарапшылары Комиссияның ашық отырыстарына хатшының шақыруы бойынша қатысады.

      26. Комиссияның мүшелері сияқты Комиссия сарапшыларының да Комиссияның дауыс беруі кезінде дауыс беруге құқығы болады.

      27. Комиссияның қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі негізінде тоқтатылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады