Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 861 Жарлығы

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) туралы ереже;

      2) Агенттіктің құрылымы;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы Жарлық, Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының заңдары қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізілетін Агенттіктің атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және уранды барлау жөніндегі операцияларды реттеу бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша функцияларды жүзеге асыруы жөніндегі нормалар мен ережелерді қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2025 жылғы 28 сәуірдегі
№ 861 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі туралы ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, атом энергиясын пайдалану, уранды барлау және өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану, атом өнеркәсібі, халықтың ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғау, Қазақстан Республикасының аумағында ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз ету, Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру және оның жұмыс істеуі саласындағы (бұдан әрі – реттелетін салалар) мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды және мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

      2. Агенттіктің Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті деп аталатын ведомствосы бар.

      Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша өз бетінше шешім қабылдайды, өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің нормаларын, оның ішінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен келісімдер шеңберіндегі нормаларды басшылыққа алады.

      3. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Агенттіктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Агенттік өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Агенттіктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19.

      10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Агенттіктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынастарға түсуіне тыйым салынады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Агенттікке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Агенттіктің міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру және мемлекеттік реттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде реттелетін салалардағы салааралық үйлестіру;

      2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      3) өз құзыреті шегінде отын-энергетика кешенін дамытуды қамтамасыз етуге қатысу, оның ішінде атом электр станцияларының және ілеспе инфрақұрылымның құрылысын қамтамасыз ету;

      4) ядролық кластерді құру және дамыту;

      5) атом өнеркәсібін, оның ішінде уран өнімін барлауды, өндіруді және қайта өңдеуді дамыту;

      6) реттелетін салалардағы халықаралық ынтымақтастық;

      7) уран ресурстарының ұдайы өндірілуін және оларды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;

      8) реттелетін салаларда мемлекеттік басқару және мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

      9) өз құзыреті шегінде Агенттікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші және сараптама комиссияларын құру;

      мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарынан және жеке тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, Агенттікке жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұрату және алу;

      сотқа жүгіну;

      Қазақстан Республикасының Президентіне Агенттік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу немесе осындай актілердің бастамашылық жобаларын уәкілетті органдардың қарауына беру;

      орталық және жергілікті атқарушы органдарға өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;

      Агенттікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдік және жергілікті сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тарту;

      халықаралық шарттар (келісімдер) жасасу жөнінде ұсыныстар енгізу, шет елдердің тиісті ведомстволарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізу, шарттар (келісімдер) жасасу;

      тексерілетін субъектілерді тексеру санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды жүргізу;

      реттелетін салаларда орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен меморандумдар (келісімдер) жасасу;

      Агенттіктің, оның ведомствосының, ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне қатысты мәселелер бойынша құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде, Қазақстан Республикасының өзге де заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге де құқықтарды пайдалану;

      2) міндеттері:

      өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, Заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, Қазақстан Республикасы азаматтарының петицияларын қабылдау және қарау;

      реттелетін салалардағы мәселелер бойынша білімді насихаттау;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде, Қазақстан Республикасының өзге де заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындау.

      15. Функциялары:

      1) реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді;

      2) реттелетін салаларда стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады;

      3) реттелетін салалардағы мемлекеттік жоспарлау жүйесіне қатысады;

      4) реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

      5) орталық және жергілікті атқарушы органдардың реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

      6) реттелетін салалардағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіні сатып алуға басым құқықты іске асыру туралы шешімінің жобасын әзірлейді;

      8) "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және серіктестіктің Жарғысына сәйкес "Қазақстан атом электр станциялары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – серіктестік) жалғыз қатысушысының (қатысушылардың жалпы жиналысының) айрықша құзыретіне жататын функцияларды жүзеге асырады, оның ішінде:

      серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін, орналасқан жерін және фирмалық атауын өзгертуді қоса алғанда, оның Жарғысын өзгерту немесе серіктестіктің Жарғысын жаңа редакцияда бекіту;

      серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттіктерін немесе атқарушы органның жекелеген мүшесінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестікті немесе оның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау және осындай беру шарттарын айқындау;

      серіктестіктің байқаушы кеңесін және (немесе) ревизия комиссиясын (ревизорын) сайлау және оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің ревизия комиссиясының (ревизорының) есептері мен қорытындыларын бекіту;

      қаржылық есептілікті бекіту және таза кірісті бөлу;

      серіктестіктің өзге де шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға қатысуы туралы шешім;

      серіктестікті қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім;

      9) Агенттіктің қарамағындағы акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) еншілес және тәуелді кәсіпорындар құруы туралы шешім қабылдайды;

      10) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтары Агенттікке берілген акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) алған таза кірісті бөлу туралы және аталған заңды тұлғалардың дивидендтерді (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің таза кірісінің бір бөлігін) акционерлік қоғамның мемлекетке тиесілі акцияларына (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) аудару туралы шешім қабылдайды;

      11) Агенттіктің даму жоспарын әзірлейді және бекітеді;

      12) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      13) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптарды белгілейді;

      14) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын әзірлейді және бекітеді;

      15) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін салаларда тексеру және профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      16) реттелетін салаларда өз құзыреті шегінде лицензиялауды немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асырады;

      17) реттелетін салаларды рұқсат беру бақылауын жүзеге асырады;

      18) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен белгіленген құзырет шеңберінде тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      19) құзыреті шегінде ғылым мен инновациялардың дамуын қамтамасыз етеді;

      20) ғылыми-техникалық кеңесті құрады және оның ережесін бекітеді;

      21) Абай облысының Курчатов қаласында "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының базасында Ғылыми қалашық, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген өзге де ғылыми орталықтар мен кластерлер құруға қатысады;

      22) университеттер, институттар және колледждер базасында реттелетін салаларда білім беру бағдарламаларын дамытуға қатысады, сондай-ақ құзыреті шегінде іргелі және ғылыми-қолданбалы зерттеулерді қолдауды жүзеге асырады;

      23) кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік сыныптамаларды тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды бекітеді;

      24) реттелетін салаларда кадрларға қажеттілікті айқындайды;

      25) реттелетін салаларда қазақстандық қамтуды дамытуға қатысады;

      26) уран өндіру саласындағы, жобалау, құрылыс, жабдықтың пайдалану және техникалық-экономикалық сипаттамалары салаларындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;

      27) жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      28) уран өндіруге қатысты электрондық сатып алу жүйелерінің жұмыстарын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үндестіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      29) уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      30) келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      31) Қазақстан Республикасының уран кен орындарын игеру жөніндегі орталық комиссиясы туралы, оның қызметін ұйымдастыруды, құрамын, жұмыс регламентін және іс қағаздарын жүргізуді айқындайтын ережені әзірлейді және бекітеді;

      32) уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      33) уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының құрамын әзірлейді және бекітеді;

      34) тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезінде есептер нысандары мен оларды ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      35) уран өндіруге арналған үлгілік келісімшартты әзірлейді және бекітеді;

      36) уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      37) уран саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      38) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту бойынша келісімшарттық міндеттемелерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      39) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп өткен жылдың қорытындылары бойынша уран өндіру кезеңінде жер қойнауын пайдаланушы өндіруге жұмсаған шығындардың бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;

      40) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп өткен жылдың қорытындылары бойынша уран өндіру кезеңінде жер қойнауын пайдаланушы өндіруге жұмсаған шығындардың бір пайызы мөлшерінде уран өндіру саласындағы цифландыру жобаларын қаржыландыруды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;

      41) ғылым саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп өткен жылдың қорытындылары бойынша уран өндіру кезеңінде жер қойнауын пайдаланушы өндіруге жұмсаған шығындардың бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;

      42) басым тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      43) аукционды өткізу және оның қорытындылары бойынша уранды барлауға лицензия беру тәртібін айқындайды;

      44) уранды барлауға лицензия береді;

      45) уранды барлауға лицензиялар беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      46) уранды барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған лицензияларды, келісімшарттарды жасасады, мемлекеттік тіркеуді және сақтауды жүзеге асырады;

      47) уранды барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығын береді және тоқтатады, мерзімінен бұрын тоқтатады;

      48) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламаларын келіседі;

      49) жер қойнауының стратегиялық учаскелерінің тізбесін әзірлейді;

      50) уран өндіру бойынша келісімшарттың қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, уран саласындағы ұлттық компаниямен келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шартын жасасады;

      51) уран саласындағы ұлттық компания мен құзыретті орган арасындағы тікелей келіссөздер қорытындылары бойынша немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жасалған келісімшарттар бойынша жобаларды бірлесіп іске асыру үшін стратегиялық әріптесті келіседі;

      52) уран өндіру саласындағы банктік салымның кепіл шартын жасасу тәртібін және оның үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;

      53) жер қойнауын пайдаланушылардың уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауын мониторингтеуді жүзеге асырады;

      54) жер қойнауын пайдаланушылардың уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      55) жер қойнауын пайдаланушылардың уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерді орындауын мониторингтеу тәртібін айқындайды;

      56) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, уранды барлауға арналған лицензия және өндіруге арналған лицензия, жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуына, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат береді;

      57) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының ұсыныстары негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілерді иеліктен шығаруға рұқсат береді;

      58) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жер қойнауын пайдаланушылармен уран өндіру саласындағы кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімдер жасасады;

      59) көмірсутектер және қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер, толықтырулар енгізу және бұзу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын, кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімнің үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;

      60) жер қойнауын пайдаланушылардың электрондық сатып алу жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы ұсынатын мәліметтері негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және көмірсутектер және қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімдер шарттарының орындалуына мониторингті жүзеге асырады;

      61) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, қазақстандық кадрларды тарту, қазақстандық кадрларды оқыту, ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бойынша міндеттемелерді орындауын мониторингтеуді жүзеге асырады;

      62) уран өндіру бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін, осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

      63) уран өндіру саласындағы жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

      64) уран өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      65) уран өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындайды;

      66) көмірсутектер және қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, жер қойнауы ресурстарына залалды экономикалық бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      67) уран өндіруді жүргізу кезінде консервациялау және жою қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      68) уран кен орындарын барлау жөніндегі ең төменгі талаптарды әзірлейді және бекітеді;

      69) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, уранды барлау жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      70) өтініш берушіге уранды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жібереді;

      71) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша мемлекеттік орган қабылдаған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну және есепке алу тәртібін айқындайды;

      72) тәуелсіз сарапшыларды тарту және біліктілік тұрғысынан іріктеу, сондай-ақ уран өндіру саласындағы тәуелсіз сараптамаға ақы төлеу тәртібін айқындайды;

      73) уран өндіру бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, әзірлейді және бекітеді;

      74) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;

      75) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекітеді;

      76) уран өндіруге арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасының мазмұны мен нысанын әзірлейді және бекітеді;

      77) уранды барлау мен өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды реттейді;

      78) уран өндіру жөніндегі жобалау құжаттары ережелерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      79) уранды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауының ұтымды және кешенді пайдаланылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      80) уран өндіруге жасалған келісімшарттардың және уранды барлауға берілген лицензиялардың тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      81) басым құқықты іске асыру туралы мәселені қарау және ол бойынша шешім қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      82) уранды барлау мен өндіру жөніндегі операциялардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      83) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдаланушының үстінен бақылауды өзгерту туралы хабарлама нысандарын әзірлейді және бекітеді;

      84) ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      85) Үкіметке ядролық қондырғылар мен көму пункттері құрылысының ауданы, құрылысы және құрылысын тоқтату туралы ұсыныс енгізеді;

      86) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен атом электр станцияларын, ілеспе инфрақұрылымды, қауіпсіздік жүйелерін салу, ғылыми-зерттеу жұмыстары жобалары, кадрлар және қоршаған ортаны қорғау жүйелерін даярлау бойынша тікелей келіссөздер жүргізеді;

      87) атом электр станциялары мен ілеспе инфрақұрылым салу жобаларын іске асырады;

      88) атом энергиясын пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      89) атом энергиясын пайдалану объектілерінің ядролық, ядролық физикалық және радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      90) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау, су қорын ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға қатысады, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес су объектілерін қорғау, олардың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау жөнінде, сондай-ақ аталған құбылыстардың салдарын жою жөнінде шаралар қабылдайды;

      91) өз құзыреті шегінде пайдаланылған отынмен немесе радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуді мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;

      92) радиоактивті қалдықтар мен пайдаланылған ядролық отынды сақтауды, қайта өңдеуді, кәдеге жаратуды және көмуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      93) ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      94) иондаушы сәулелену көздері мен сақтау пункттерін физикалық қорғау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      95) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      96) ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      97) иондаушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      98) радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      99) ядролық материалдарды, радиоактивті заттар мен радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      100) атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      101) атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      102) атом электр станциялары мен ілеспе инфрақұрылымды жобалау және салу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      103) көліктік буып-түю жиынтықтарының конструкцияларын бекіту тәртібін айқындайды және көліктік буып-түю жиынтықтарының конструкцияларын бекітеді, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының аумағында басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен сертификат-рұқсаттардың күшін қолданады;

      104) радиоактивті қалдықтар мен пайдаланылған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      105) радиоактивті қалдықтарға арналған нормативтерді белгілейді;

      106) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;

      107) иондаушы сәулелену көздерінің болуы, орналасқан жері және орын ауыстыруы туралы алынған ақпаратты талдауды және салыстырып тексеруді жүзеге асырады және оны иондаушы сәулелену көздерінің тізіліміне енгізеді;

      108) "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3-тармағына сәйкес атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттауды жүргізеді;

      109) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуді жүргізеді;

      110) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізеді және оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырады;

      111) ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарына түзетулерді қарайды және келіседі;

      112) пайдаланушы ұйымның оқиғаның, оның мән-жайлары мен салдары, сондай-ақ қабылданған немесе қабылданатын түзету шаралары туралы және рұқсатсыз кіруге әрекетке немесе нақты кіруге, рұқсатсыз алуға немесе диверсияға байланысты оқиғаның себептері туралы есебін қарайды;

      113) пайдаланушы ұйымнан иондаушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғауды қамтамасыз етудің жай-күйі туралы ақпарат алады;

      114) ядролық материалдарды тасымалдаудың арнайы шарттарын келіседі;

      115) радиоактивті заттарды және (немесе) радиоактивті қалдықтарды тасымалдаудың арнайы шарттарын келіседі;

      116) Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес ядролық материалдар мен уран өнімі туралы дерекқорда қамтылған мәліметтерді ұсынады;

      117) жеке және заңды тұлғалар алдын ала хабарламаларда, хабарламалар мен есептерде ұсынатын уран өнімі мен ядролық материалдардың болуы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы деректерді алдыңғы деректермен салыстырып тексеруді жүргізеді;

      118) жеке және заңды тұлғалар алдын ала хабарламаларда, хабарламаларда және есептерде ұсынатын уран өнімі мен ядролық материалдардың болуы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы, жеке немесе заңды тұлғаның тіркеу деректері, атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті қызмет түріне лицензияның болуы, экспортқа немесе импортқа лицензияның болуы туралы ақпаратқа тексеру жүргізеді;

      119) атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналды аттестаттаудан өткізу үшін тест сұрақтарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      120) пайдаланушы ұйым ұсынатын жергілікті жобалық қауіп-қатерді келіседі;

      121) радиациялық қауіпсіздікті бағалауды жүзеге асырады;

      122) радиациялық қауіпсіздікті бағалау нәтижелерін талдайды және бекітеді;

      123) пайдаланушы ұйым белгілеген ықтимал радиациялық қауіптілік санатын және радиациялық объектінің қауіпсіздігін келіседі;

      124) техникалық регламенттер талаптарына немесе халықаралық талаптарға немесе олар шығарылған елде бекітілген талаптарға сәйкес келетін ядролық қондырғылардың конструкциялары, жүйелері мен элементтері үшін қолданылатын инженерлік-техникалық нормалар мен қағидалардың тізбесін келіседі;

      125) қауіпсіздікті талдау жөніндегі алдын ала есепті қарау нәтижелері бойынша қорытынды береді;

      126) қауіпсіздікті талдау жөніндегі есептің құрамы мен мазмұнын белгілейді;

      127) ядролық қондырғыларды пайдаланудың технологиялық регламентін келіседі;

      128) техникалық регламенттердің талаптары қолданылатын жабдықтар мен құбырларды қоса алғанда, ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғылардың қауіпсіздігіне әсер ететін жүйелер мен элементтерді тіркеуді жүзеге асырады, сондай-ақ тіркеуден алады;

      129) ядролық қондырғының жобалау пайдалану құжаттамасын және оған ядролық, радиациялық немесе ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты кез келген өзгерістерді, сондай-ақ ядролық қондырғыларды орналастыру алаңдарын таңдауды негіздейтін материалдарды келіседі;

      130) ядролық қондырғыны физикалық іске қосу процесінде эксперименттер жүргізу әдістемесін келіседі;

      131) ядролық қондырғыны физикалық іске қосу бағдарламасын келіседі;

      132) ядролық қондырғы әкімшілігі әзірлеген энергетикалық іске қосу бағдарламаларын келіседі;

      133) пайдаланушы ұйым дайындаған белгіленген нысандағы ядролық қондырғыға паспортты бекітеді;

      134) бекітілген жобалау құжаттамасынан ауытқуды, атом электр станциясының қауіпсіздігіне әсер ететін құрамның, конструкцияның және (немесе) сипаттамалар мен жүйелердің өзгеруін, сондай-ақ техникалық шешімдермен ресімделген, атом электр станциясының жобасында белгіленген пайдалану шектері мен шарттарының өзгеруін келіседі;

      135) арнайы қабылдап алуға жататын жабдық пен құбырларға конструкторлық құжаттаманы (және оған барлық өзгерістерді) келіседі;

      136) әзірлеуші кәсіпорын белгілеген жабдыққа паспорттардың және өзге де куәліктердің нысандарын келіседі;

      137) қолданыстағы жабдықтар мен құбырларда пайдаланудың технологиялық регламентінде көзделмеген әртүрлі зерттеулер мен эксперименттер жүргізуді келіседі;

      138) атом электр станциясының әкімшілігі бекіткен атом электр станциясының жүйелерін, жабдықтары мен құбырларын пайдалану жөніндегі жөндеу мерзімдерін ауыстыруды және жұмыстар көлемін азайтуды келіседі;

      139) жабдықтар мен құбырларды жұмыс параметрлеріне шығарумен байланысты іске қосу-жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жұмыс параметрлері кезінде атом электр станциялары жүйелерін пайдалануға рұқсат береді;

      140) атом электр станциялары жабдығының белгіленген жұмыс параметрлерін өзгерту туралы техникалық шешімдерді келіседі;

      141) отынды және атом электр станциялары белсенді аймағының құрамдастарын сынақтан өткізу бағдарламаларын келіседі;

      142) ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғылардың қауіпсіздігі үшін сапаны қамтамасыз ету бағдарламаларының үлгілік мазмұнын және оны бекіту тәртібін айқындайды;

      143) радиациялық қауіпсіздікке, ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерін физикалық қорғауға және аварияға қарсы жоспарлауға, есепке алу мен бақылауға қатысты нормалар мен қағидаларды әзірлейді және келіседі;

      144) ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын бекітеді;

      145) Қазақстан Республикасының аумағында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің инспекцияларын ұйымдастыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      146) ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын әзірлейді;

      147) ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын әзірлейді;

      148) ядролық қауіпсіздікке және (немесе) радиациялық қауіпсіздікке және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздікке сараптама жүргізу қағидаларын бекітеді;

      149) Қазақстан Республикасының Үкіметіне халықтың және (немесе) қоршаған ортаның қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда ядролық қондырғыларды пайдаланудан мерзімінен бұрын шығару немесе көму пунктерін жабу туралы ұсыныс енгізеді;

      150) Ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын енгізу туралы шешім қабылдайды;

      151) ядролық материалдарды, иондаушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке қою немесе мемлекеттік есептен шығару туралы шешім қабылдайды;

      152) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның ядролық және арнайы ядролық емес материалдардың, жабдықтардың, қондырғылардың, технологиялардың, иондаушы сәулелену көздерінің, қосарлы қолданылатын (мақсаттағы) жабдықтар мен тиісті тауарлардың және технологиялардың, оларды шығаруға байланысты жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің экспортына және импортына лицензия беруін келіседі;

      153) атом энергиясын пайдалану саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      154) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін осы шараның қолданылу мерзімін (қажет болған кезде) көрсете отырып айқындайды;

      155) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шараларын қолданады;

      156) ядролық қондырғылардың, радиациялық көздердің, радиоактивті материалдарды сақтау пункттерінің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін, ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды бірыңғай мемлекеттік есепке алу мен бақылау жүйелерін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, өндірістік объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін мониторингтеуді ұйымдастыруға қатысады;

      157) радиациялық қауіпсіздік нормалары мен қағидаларының, лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      158) халықтың радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы бақылауды жүзеге асырады;

      159) атом энергиясын пайдалану саласында өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асырады;

      160) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

      161) "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асырады;

      162) ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерінің мемлекеттік есебін жүргізеді;

      163) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін атом энергиясын пайдалану объектісінің Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау әдістері мен тәсілдеріне қатысты әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;

      164) атом энергиясын пайдалану және радиациялық қауіпсіздік саласындағы ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіреді;

      165) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз ету және ядролық сынақтарды мониторингтеу бойынша зерттеулерді ұйымдастырады;

      166) атом энергиясын пайдалану саласында лицензиялануға жататын ядролық материалдар, радиоактивті заттар және электрофизикалық қондырғылар үшін алып қою деңгейлерін белгілейді;

      167) ядролық мұра объектілерін консервациялауды және жоюды жүзеге асырады;

      168) Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру және оның жұмыс істеуі саласындағы қызметті салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

      169) ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарға кешенді экологиялық зерттеп-қарау жүргізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      170) Семей ядролық қауіпсіздік аймағы жер учаскелерінің шекаралары мен аудандарын белгілеуді және оларды өзгертуді негіздейтін кешенді экологиялық зерттеп-қарау материалдарын келіседі;

      171) босалқы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жерлеріне ауыстыру қағидаларын әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады;

      172) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру, оның жер учаскелерінің шекаралары мен алаңдарын белгілеу және өзгерту, босалқы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жерлеріне ауыстыру туралы ұсыныс енгізеді;

      173) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау туралы ұсыныс енгізеді;

      174) Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті ұйымның Семей ядролық қауіпсіздік аймағы жер учаскелерінің шекаралары мен алаңдарын өзгерту туралы ұсыныстарын келіседі;

      175) Семей ядролық қауіпсіздік аймағы аумағының паспортын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      176) Семей ядролық қауіпсіздік аймағы аумағының паспортын тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырады;

      177) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарға кешенді экологиялық зерттеп-қарау жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      178) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ядролық қару сынақтарының салдарынан нормативтен артық радиоактивті ластануға ұшыраған бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонына іргелес аумақтарда кешенді экологиялық зерттеп-қарауды жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      179) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Семей ядролық қауіпсіздік аймағында атмосфералық ауаның, жерасты және жерүсті суларының, топырақ пен өсімдіктердің радиоактивті ластану деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізу, сондай-ақ радионуклидтердің таралу параметрлерін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      180) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асырады;

      181) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      182) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралар кешенінің орындалуын қамтамасыз етеді;

      183) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау іс-шараларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

      184) төтенше жағдайлардың туындауының алдын алу және оларды жою, олар туындаған жағдайда залал мен ысырап мөлшерін азайту, сондай-ақ төтенше жағдайларда объектілердің жұмыс істеуінің орнықтылығы мен қауіпсіздігін арттыру жөнінде жедел шаралар қабылдайды;

      185) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      186) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде, өзге де заңға тәуелді актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. Агенттік төрағасының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Агенттікті басқаруды Агенттіктің төрағасы жүзеге асырады, ол Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Агенттіктің төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Агенттік төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын төрт орынбасары болады.

      19. Агенттік төрағасының өкілеттіктері:

      1) Агенттіктің қызметіне басшылықты, ведомствоның қызметін бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік аппаратының басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады және Агенттіктің және оның ведомствосының жұмыскерлерін (қызметкерлерін) көтермелеу мәселелерін, оның құзыретіне жатқызылған еңбек қатынастарының мәселелерін шешеді;

      4) Қазақстан Республикасының Президентіне Агенттіктің, оның ведомствосы мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының жұмыскерлерін және өзге де адамдарды мемлекеттік наградалармен наградтау және оларға Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын беру туралы ұсынулар енгізеді;

      5) Агенттіктің құқықтық актілеріне қол қояды, қарамағындағы жұмыскерлерге нұсқаулар мен тапсырмалар береді, Агенттіктің құзыретіне жатқызылған мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру бойынша өзге де ұйымдастырушылық-өкімдік шаралар қабылдайды;

      6) Агенттіктің ведомствосы туралы ережені бекітеді;

      7) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жалпы штат санының лимиті шегінде Агенттік ведомствосының құрылымын бекітеді;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қатынастарда Агенттіктің атынан өкілдік етеді;

      9) Агенттік жанынан консультативтік-кеңесші органдар мен сараптама комиссияларын құрады;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      11) Агенттік төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды оны алмастыратын адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      20. Агенттік төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындайды.

      21. Агенттіктің аппаратын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.

4-тарау. Агенттіктің мүлкі

      22. Агенттіктің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Агенттіктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Агенттікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      24. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Агенттік өзіне бекітіп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5-тарау. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      2. "Ядролық физика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      3. "Қазақстандық атом электр станциялары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Агенттіктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің Батыс өңіраралық инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің Оңтүстік өңіраралық инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің Шығыс өңіраралық инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2025 жылғы 28 сәуірдегі
№ 861 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ҚҰРЫЛЫМЫ

      Басшылық

      Төраға хатшылығы

      Ядролық энергетика департаменті

      Атом өнеркәсібі және жер қойнауын пайдалану департаменті

      Ғылым және инновациялар департаменті

      Радиоактивті қалдықтар және қоршаған ортаны қорғау департаменті

      Халықаралық ынтымақтастық департаменті

      Стратегиялық жоспарлау департаменті

      Қазақстандық қамту департаменті

      Заң қызметі департаменті

      Персоналды дамыту және кадрлар даярлау департаменті

      Әкімшілік жұмыс және цифрландыру департаменті

      Бюджет және қаржылық рәсімдер департаменті

      Қауіпсіздік және мемлекеттік құпиялар департаменті

      Ішкі аудит басқармасы

      Жұртшылықпен байланыс басқармасы

      Әдеп жөніндегі уәкіл

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2025 жылғы 28 сәуірдегі
№ 861 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

120

  ".

      2. "Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуір № 371 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесінде:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 7), 9), 12), 13), 19), 20) тармақшалары, 12-бабының 1), 2), 11), 12), 14), 20), 21), 24), 28), 29), 30), 35) тармақшалары, 13-бабының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 8) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;".

      3. "Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның құрамы "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы".

      4. "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін орталық мемлекеттік органдардың тізбесі "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі "Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы" блогы бойынша" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі "Мақсаттарға қол жеткізу" блогы бойынша".

      5. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңес туралы" 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңестің құрамы "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы".

      6. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 823 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңестің құрамы "Қазақстан Республикасының Экология жəне табиғи ресурстар вице-министрі, хатшы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы".

      7. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында:

      "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген 2-тарауда:

      "А" корпусы" деген бөлімде:

      1-санатта:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аппараттарының басшылары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі аппараттарының басшылары";

      "Б" корпусы" деген бөлімде:

      В санаттарының тобында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараттары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты, Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Аппараты, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі және оның ведомствосы, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық";

      В-3 санатында:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігi, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі басқармасының (қызметтің) басшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігi, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі және оның ведомствосы басқармасының (қызметтің) басшысы";

      "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз хатшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің баспасөз хатшысы";

      В-4 санатында:

      "Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқарушысының, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағаларының көмекшісі, кеңесшісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқарушысының, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағаларының көмекшісі, кеңесшісі".

      8. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында 3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі аппараттарының басшылары, орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы;".

      9. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 621 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы".

      10. "Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 266 өкімінде:

      жоғарыда көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің лауазымдық құрамы "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады