Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 51 Жарлығы.

      Мемлекеттің кəсіпкерлік қызметке қатысуын қысқарту жəне жекеше секторды дамытуға жағдай жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін, оған мыналар:

      1) қызметін əлеуметтік салада жəне (немесе) елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету саласында жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      2) жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру (біріктіру немесе қайта құру) жолымен оңтайландыру шеңберінде құрылатын заңды тұлғалар;

      3) жарғылық капиталында дауыс беретін акцияларының елу жəне одан да аз проценті (қатысу үлесі) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі болатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер);

      4) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы жəне (немесе) келісімі бойынша құрылатын заңды тұлғалар қосылмайды.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 26.12.2020 № 478 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жергілікті атқарушы органдармен жəне квазимемлекеттік сектор субъектілерімен бірлесіп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар осы Жарлықты іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

      3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.ТОҚАЕВ

О введении моратория на создание субъектов квазигосударственного сектора

Указ Президента Республики Казахстан от 3 июля 2019 года № 51.

      В целях сокращения участия государства в предпринимательской деятельности и создания условий для развития частного сектора ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Ввести до 31 декабря 2021 года мораторий на создание субъектов квазигосударственного сектора, за исключением:

      1) юридических лиц, осуществляющих деятельность в социальной сфере и (или) в области жизнеобеспечения населенных пунктов;

      2) юридических лиц, создаваемых в рамках оптимизации действующих юридических лиц путем их реорганизации (слияния или преобразования);

      3) акционерных обществ (товарищества с ограниченной ответственностью), в уставном капитале которых субъектам квазигосударственного сектора будет принадлежать пятьдесят и менее процентов голосующих акций (долей участия);

      4) юридических лиц, создаваемых по поручению и (или) согласованию с Президентом Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным Указом Президента РК от 26.12.2020 № 478 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      2. Правительству Республики Казахстан совместно с местными исполнительными органами и субъектами квазигосударственного сектора, а также государственным органам, непосредственно подчиненным и подотчетным Президенту Республики Казахстан, принять необходимые меры по реализации настоящего Указа.

      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Президент
Республики Казахстан
К. ТОКАЕВ