Мемлекеттің кəсіпкерлік қызметке қатысуын қысқарту жəне жекеше секторды дамытуға жағдай жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін, оған мыналар:
1) қызметін əлеуметтік салада жəне (немесе) елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету саласында жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
2) жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру (біріктіру немесе қайта құру) жолымен оңтайландыру шеңберінде құрылатын заңды тұлғалар;
3) жарғылық капиталында дауыс беретін акцияларының елу жəне одан да аз проценті (қатысу үлесі) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі болатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер);
4) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы жəне (немесе) келісімі бойынша құрылатын заңды тұлғалар қосылмайды.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 26.12.2020 № 478 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жергілікті атқарушы органдармен жəне квазимемлекеттік сектор субъектілерімен бірлесіп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар осы Жарлықты іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.ТОҚАЕВ |