ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 829 Жарлығына:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:
Қарин Ерлан Тынымбайұлы | - | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төраға; |
жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан Қ.Е. Көшербаев шығарылсын;
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы ережеде:
1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы өкімдерін," деген сөздер алып тасталсын;
10-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:
Абаев Дәурен Әскербекұлы | - | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, |
Жазықбаев Дархан Медеғалиұлы | - | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, |
Жүрсінов Рустам Манарбекұлы | - | Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (келісім бойынша), |
Меркель Иоган Давидович | - | Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі, |
Мусин Қанат Сергейұлы | - | Қазақстан Республикасының Әділет министрі, |
Нұрғазиева Бану Ғаниқызы | - | "Қазақстанның Азаматтық альянсы" тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша), |
Омаров Асқар Қуанышұлы | - | Қазақстан Республикасының Ақпарат қоғамдық даму министрі, |
Ударцев Сергей Федорович | - | "Құқық және мемлекет" ғылыми журналының бас редакторы (келісім бойынша); |
аталған Комиссияның құрамынан А.Ғ.Балаева, М.Б.Бекетаев, А.Н.Жаилғанова, Г.Ә.Нәбиева, А.Р.Райымқұлова, М.Таймерденов, Ш.Ә.Өтегенов шығарылсын;
3) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 625 Жарлығына:
2-тармақтың 1) тармақшасындағы "ереже;" деген сөз "ереже бекітілсін." деген сөздермен ауыстырылып, 2) тармақшасы алып тасталсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Кеңестің құрамын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы бекітеді.";
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Кеңестің төрағасы болып табылады.";
4) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесін және құрамыи бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 шілдедегі № 63 Жарлығына:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы ережеде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Ұлттық кеңес Ұлттық кеңестің төрағасынан, оның орынбасарынан және мүшелерінен тұрады.";
7-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық кеңес төрағасының орынбасарына және мүшелеріне тапсырма береді.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Ұлттық кеңестің құрамы белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор өкілдерінің қатарынан қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы өз лауазымы бойынша Ұлттық кеңестің құрамына кіреді және Ұлттық кеңес төрағасының орынбасары болып табылады.
Ұлттық кеңестің құрамын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы бекітеді.";
10-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
11-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Ұлттық кеңес төрағасының орынбасары:";
13-тармақ алып тасталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |