ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 457 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Виктор Валерьевич Темірбаевқа 1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |