"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған 1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бақытжанұлы Бекетаевқа 1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 457 Жарлығымен МАҚҰЛДАНҒАН Жоба |
1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы ХАТТАМА
Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы (бұдан әрi "Уағдаласушы Тараптар" деп аталады)
1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шарттың 79-бабына сәйкес 1997 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) Хаттаманы ескере отырып,
Шартқа мынадай өзгеріс енгізуге келісті:
1-бап
Шарттың 4-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап Байланысу тәртiбi
Құқықтық көмек көрсету кезiнде Уағдаласушы Тараптардың мекемелерi бір-бiрiмен орталық органдар арқылы байланысады. Уағдаласушы Тараптар тағайындалған орталық органдары, олардың функциялары мен байланыс деректері туралы бір-бірін дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.".
2-бап
Осы Хаттама Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады және қажетті мемлекетшілік рәсімдерді Уағдаласушы Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Хаттама Шарттың қолданысының тоқтатылуымен бір мезгілде қолданысын тоқтатады.
202_ жылғы "____"_________ _________ әрқайсысы қазақ және литва тiлдерiнде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.
Әрбір Уағдаласушы Тарапта осы Хаттаманың данасымен бiрге мәтіннің орыс тiлiндегi ресми аудармасы қалады. Осы Хаттама мәтінінің мазмұны бойынша келіспеушіліктер туындаған жағдайларда, Уағдаласушы Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.
Қазақстан Республикасы үшін | Литва Республикасы үшін |