"Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 554 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 12 қазандағы № 1045 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 554 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Әскери доктринасында:

      "1. Кіріспе" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бөлім. Кіріспе";

      5-тармақта:

      2) тармақша алып тасталсын;

      "2. Ағымдағы ахуалды талдау" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау";

      "2.1. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігіне және әскери қатерге ықпал ететін негізгі жағдайлар мен факторлар" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігіне және әскери қатерге ықпал ететін негізгі жағдайлар мен факторлар";

      8-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) әлемде жаппай қырып-жоятын қару ауқымының өрістеуі, сондай-ақ жаңа физикалық қағидаттар негізінде жасалған жаппай әсер ететін қарудың жасалуы;";

      9-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мемлекеттегі жағдайды тұрақсыздандыру, оның әскери және әскери-экономикалық әлеуетін төмендету мақсатында мемлекеттің әскери ұйымының ақпараттық жүйелеріне, елдің күнделікті тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне бағдарламалық-техникалық әсер етудің (кибершабуылдың) жүзеге асырылуы.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қазіргі заманғы жағдайлар мен факторларға сүйенсек:";

      "2.2. Қазіргі заманғы әскери жанжалдар сипаты" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Қазіргі заманғы әскери жанжалдар сипаты";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Әскери-саяси және әскери-стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу мақсатында қарсы тұратын мемлекетті немесе өңір мемлекеттерін "қару-жарақ бәсекесіне" тарту, қарулы қарсы күресте олардың ресурстары мен мүмкіндіктерін сарқылту үшін әскери күш көрсету жүзеге асырылуы мүмкін.

      Әскери жанжал басталғанға дейін және қарулы күрес барысында мемлекеттегі жағдайды тұрақсыздандыру, оның әскери және әскери-экономикалық әлеуетін төмендету мақсатында мемлекеттің әскери ұйымының ақпараттық жүйелеріне, елдің күнделікті тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне бағдарламалық-техникалық әсер ету (кибершабуыл) жүзеге асырылуы мүмкін.

      Әлемдік аренада мемлекет айналасында теріс ахуалды қалыптастыру мақсатында ақпараттық кеңістікте күшейтілген әсер ету жүргізілуі мүмкін.";

      "2.3. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігі саласындағы ағымдағы жағдай" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігі саласындағы ағымдағы жағдай";

      18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Стратегиялық бағыттарда әскерлердің (күштердің), қару-жарақтың, әскери техника мен материалдық құралдар қорларының қажетті жиынтығын жасау есебінен мемлекеттің әскери ұйымының құрлық, әскери-әуе және әскери-теңіз құрауышының жауынгерлік әлеуеті арттырылды.

      Әскерлерде ақпараттық-психологиялық және бағдарламалық-техникалық (кибер) әсер етуге қарсы іс-қимылды ұйымдастыру үшін Қарулы Күштерде бөлімшелер құрылды. Олардың әлеуеті мен мүмкіндіктерін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде.

      Әскери мақсаттағы ақпараттандыру объектілерінде ақпаратты қорғаудың қазіргі заманғы проактивті жүйесін қалыптастыруға бағытталған техникалық және кадрлық әлеуетті дамыту жөнінде жүйелі жұмыс жүргізілуде.

      Аумақтық қорғаныс жүйесін мемлекеттің әскери қауіпсіздігін және қорғанысын қамтамасыз етудің ортақ жүйесіне интеграциялау шеңберінде Қарулы Күштер құрамында аумақтық қорғанысты басқару органы құрылды. Мемлекетке төнетін әскери қатерге жедел ден қоюды қамтамасыз ету мүддесінде Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әуе-көлік мүмкіндігін күшейту жөнінде алдын ала шаралар қабылдануда.

      19. Әскерлердің ұтқырлығын арттыру және әскери қауіпсіздікке төнетін қазіргі заманғы қатерге барабар ден қою мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының құрылымын жетілдіру, құрамын күшейту және инфрақұрылымын дамыту жөніндегі шаралар дәйекті және жоспарлы түрде жүргізілуде.

      Дағдарысты жағдайлар мен ішкі қарулы жанжалдың жолын кесу кезінде, оның ішінде әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың, төтенше және соғыс жағдайының құқықтық режимін қамтамасыз ету кезінде міндеттерді шешу үшін әскерді қолданудың жаңа нысандары мен әрекет ету тәсілдері енгізілуде.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Стратегиялық бағыттарда әскер топтарын (күштерді) тұрақты және үздіксіз қамтамасыз ету үшін Қарулы Күштерді тылдық және техникалық қамтамасыз етудің ұтқыр және стационарлық құрауыштары құрылды.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Мемлекетті жұмылдыра дайындау шеңберінде басқарудың тұрақтылығын арттыру және мемлекет экономикасын соғыс уақытына ұйымдасқан түрде көшіру, мемлекеттің әскери ұйымының және тұрғындардың материалдық резервке қажеттілігін қанағаттандыру, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бірлігінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін шаралар іске асырылуда.";

      "3. Негізгі ережелер" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бөлім. Негізгі ережелер";

      "3.1. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаты мен қағидаттары" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаты мен қағидаттары";

      "3.2. Әскери қауіпсіздікті және қорғанысты қамтамасыз ету салаларындағы Қазақстан Республикасы қызметінің бағыттары" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігі мен қорғанысы саласындағы пайым";

      "5-тарау. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігі мен қорғанысы саласындағы пайым" деген тақырыптан кейін мынадай мазмұндағы

      29-1-тармақпен толықтырылсын:

      "29-1. Қазақстан Республикасы елдегі ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекетке қарсы әскери жанжалдың басталу қатерінің алдын алуға, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуды кеңейтуге, халықаралық терроризмге және экстремизмге қарсы күреске, сондай-ақ мемлекеттің әскери ұйымын Қазақстан Республикасын және оның одақтастарын қарулы қорғауға жоғары әзірлік деңгейінде ұстауға ниеттенеді.

      Әскери-саяси, әскери-стратегиялық және әскери-экономикалық саладағы қызмет бағыттары, жұмылдыру дайындығы, сондай-ақ мемлекеттің әскери ұйымын дамыту шеңберінде тиісті шаралар көзделеді.";

      "3.2.1. Әскери-саяси саладағы қызмет бағыттары" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Әскери-саяси саладағы қызмет бағыттары";

      30-тармақ алып тасталсын.

      32-тармақ мынадай редакция жазылсын:

      32-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      33-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қазақстан Республикасына төнетін әскери қатердің алдын алу және жолын кесу үшін тиімді шараларды қабылдаумен қамтамасыз етілетін болады.";

      34-тармақ 8) тармақшадағы "нығайту болып табылады." деген сөздер "нығайту;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9)жаһандық және өңірлік қауіпсіздік жүйесін жетілдіру мақсатында басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен серіктестікті және ынтымақтастықты нығайту болып табылады.";

      "3.2.2. Әскери-стратегиялық саладағы қызмет бағыттары" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Әскери-стратегиялық саладағы қызмет бағыттары";

      35-тармақ мынадай редакция жазылсын:

      "35. Әскери-стратегиялық саладағы қызмет мемлекеттің әскери ұйымын Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін және қорғанысын қамтамасыз етуге әзірлікте ұстауға бағытталған.";

      37-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерде мемлекеттік және әскери объектілерді күзету;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) диверсияны, террористік актілер мен сепаратистік әрекетті болдырмау және жолын кесу;";

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) бітімгершілік және басқа да операцияларға қатысу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес өзге де міндеттер мен іс-шараларды орындау;";

      мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі шеңберінде халықаралық міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында әскери персоналды даярлау болып табылады.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Қазақстан Республикасының шекаралық кеңістігіндегі шекаралық қарулы жанжалды шешуді Шекара қызметі ҚР ҰҚК Авиация қызметімен, Шекара академиясымен, ұлттық қауіпсіздіктің өзге де органдарымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және Ұлттық ұланының басқару органдарымен, құрамаларымен және әскери бөлімдерімен өзара іс-қимылда жүзеге асырады, қажет болған кезде басқа да мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары қолданылуы мүмкін.";

      "3.2.3. Әскери-экономикалық саладағы қызмет бағыттары" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Әскери-экономикалық саладағы қызмет бағыттары";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Әскери-экономикалық саладағы қызмет мемлекеттің әскери ұйымының қажеттілігін бейбіт және соғыс уақытында жұмыс істеу және одан әрі дамыту үшін жеткілікті көлемде қаржылық, материалдық-техникалық және басқа да ресурспен қанағаттандыруға бағытталған.";

      "3.2.4. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы іс-шарасы Қазақстан Республикасын қарулы қорғау мүддесінде соғыс уақытында мемлекетті тұрақты басқаруды қамтамасыз ету, мемлекет экономикасын бейбіт кезден соғыс жағдайы режиміне ұйымдасқан түрде көшіруді қамтамасыз ету, мемлекеттің әскери ұйымының және ел тұрғындарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету, жауынгерлік іс-қимыл және аумақтық қорғаныс аймақтарында экономика салалары мен әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмыс істеп тұруы мақсатында жүргізіледі.".

      "3.2.5. Қазақстан Республикасының әскери ұйымын дамыту жөніндегі қызмет бағыттары" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-параграф. Қазақстан Республикасының әскери ұйымын дамыту жөніндегі қызмет бағыттары";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Қазақстан Республикасының мемлекеттің әскери ұйымын дамыту жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасына төнетін әскери қатерге, оның ішінде Қазақстан Республикасы тұрған ұжымдық қауіпсіздік ұйымы күштерінің құрамында барабар ден қоюға әзірлікті қамтамасыз етуге бағытталған.";

      "3.3. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдері";

      "3.3.1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жауынгерлік әзірлікте ұстау" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жауынгерлік әзірлікте ұстау";

      53-тармақта:

      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қолдану жағдайын, тәртібі мен тәсілдерін, олардың өзара іс-қимылын және жан-жақты қамтамасыз етілуін нақтылау;

      3) Мемлекеттің қорғаныс жоспарының құжаттарын жыл сайын нақтылау арқылы мемлекеттің әскери қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз ету кезінде мемлекеттің әскери ұйымы құрамына кіретін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың міндеттерін, олар орындайтын іс-шаралар ауқымы мен мазмұнын нақтылау;";

      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) Әскери жоспарлау жүйесін енгізе отырып, Қазақстан Республикасының қорғанысы мен әскери қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жүйелендіру болып табылады.";

      54-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) Арнайы операциялар күштерін бейбіт және соғыс уақытында басқа мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерімен өзара іс-қимылда тиімді әрекет ету үшін дамыту;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) радиолокациялық өрісті ұлғайту және мемлекеттің әуе шабуылы мен зымыранға қарсы қорғанысын жүргізу бойынша әскерлердің әлеуеті мен мүмкіндіктерін арттыру;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) аумақтық әскерлердің әлеуеті мен мүмкіндіктерін өрістету үшін аумақтық қорғаныс жүйесін жетілдіру, инфрақұрылымды құру және материалдық және басқа да құралдардың жеткілікті қорын жасау;";

      55-тармақ 3) тармақшадағы "дамыту болып табылады." деген сөздер "дамыту;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) қазіргі заманғы ғылым, техника мен технологиялар жетістіктерін, оқытудың озық әдістерін енгізу есебінен оның сапалық параметрлерін арттыру болып табылады.";

      56-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Ұлттық қорғанысты басқару орталығының қызметін жетілдіру және қазіргі заманғы байланыс құралдарымен және автоматтандырылған басқару жүйелерімен жарақтандыру;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) әскери мақсаттағы ақпараттық ресурстар мен жүйелер үшін отандық техникалық және бағдарламалық құралдарды енгізу болып табылады.";

      57-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін дамыту;

      "2) зымыран шабуылы туралы ескерту және ғарыш кеңістігін бақылау жүйесінің базалық элементтерін құру болып табылады.";

      58-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық төзімділігін арттыру мүддесінде идеологиялық және тәрбие жұмысына қазіргі заманғы әдістемелерді енгізу;";

      59-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Ақпараттық (кибер) қауіпсіздікті арттыру жөніндегі негізгі шаралар:";

      1), 2), 3), 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ақпараттық (кибер) қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру;

      2) ақпараттық (кибер) қауіпсіздік жүйесінің құрамы мен құрылымын дамыту, сондай-ақ киберкеңістікте әрекет ету нысандары мен тәсілдерін жетілдіру;

      3) киберкеңістікте тиімді әрекет ету және ақпараттық ресурстарды қорғау үшін ақпараттық (кибер) қауіпсіздік бөлімшелерін бағдарламалық, бағдарламалық-аппараттық және техникалық құралдармен және жүйелермен кезең-кезеңімен қамтамасыз ету;

      4) ақпараттық (кибер) қауіпсіздік бөлімшелері үшін жоғары білікті кадрлар даярлау;

      5) ақпараттық (кибер) қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде мемлекеттің әскери ұйымының өзара іс-қимылын ұйымдастыру;";

      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) ақпараттық (кибер) қауіпсіздік саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысты жүргізу болып табылады.";

      61-тармақта:

      3), 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ҚР ҰҚК Шекара және Авиация қызметтерін қазіргі заманғы қару-жарақпен және әскери техникамен, шекараны күзетудің техникалық құралдарымен жарақтандыру;

      4) Мемлекеттік шекараның инфрақұрылымын оның санатталуына және қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келтіру;

      5) Мемлекеттік шекараны, оның ішінде Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы суасты ортасындағы шекараны күзету мәселелерінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдармен және шекара маңындағы аудандардың тұрғындарымен өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру;";

      мынадай мазмұндағы 6), 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) ҚР ҰҚК Шекара қызметі ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілерін интеграциялау;

      7) "ақылды шекара" ұғымын іске асыру және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ұтқыр әрі тиімді ден қою күштерін құру;

      8) жоғары жылдамдықты көліктік ортаны құру, ұлттық қауіпсіздік органдары ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жалға алынған байланыс арналарының өткізу қабілетін ұлғайту және шекараны күзетудің инженерлік инфрақұрылымын дамыту;

      9) шекараның басым учаскелерінде байланыс желілерін қазіргі заманғы байланыс құралдарымен қайта жарақтандыру, қолданыстағы байланыс желілерін жаңғырту болып табылады.";

      62-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Аумақтық қорғаныс жүйесін жетілдіру бойынша негізгі шаралар:";

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) аумақтық қорғаныстың жүйесін дамыту;

      2) аумақтық қорғаныс саласындағы заңнаманы жетілдіру;";

      63-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды байланыс және басқару құралдарымен, қару-жарақпен, техникамен және оқ-дәрімен жарақтандыру мәселесінде, оларды бірлесіп қолдану мүмкіндігін ескере отырып, бірыңғай әскери-техникалық саясатты сақтау;";

      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әскерлердің (күштердің) талаптарына сай келетін қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техника үлгілерімен жарақтандыру;

      3) Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар үшін қажет, оның ішінде қару-жарақ пен әскери техниканы, әскери-техникалық мүлікті шығару (жаңғырту) және қызметтер көрсету үшін жаңа әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу;";

      64-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      65-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдар жанындағы әскери кафедралардың құрамы мен құрылымын оңтайландыру, оларда әскери оқытылған резервтің қажетті санын даярлау;";

      66-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери ғылыми кадрлар санын ұлғайту және оларды даярлау сапасын арттыру есебінен әскери-ғылыми әлеуетті арттыру;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) әскери-ғылыми зерттеулерді орындауға ғылымның басқа да салаларынан жетекші мамандар тарту;";

      мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) әскери-ғылыми зерттеулерді жүргізу және қамтамасыз ету кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік мүмкіндіктерін пайдалану;

      7) Қазақстан Республикасының қорғанысы және әскери қауіпсіздігі саласында ғылыми-техникалық қызметті жетілдіру шеңберінде ғылыми, білім беретін ұйымдар мен мекемелердің әскери-азаматтық интеграциялануын қолдану болып табылады.";

      "3.3.2. Мемлекетті жұмылдыру әзірлігінде ұстау" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Мемлекетті жұмылдыру әзірлігінде ұстау";

      67-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекетте жұмылдыру дайындығын бақылау, оның жай-күйін бағалау және үйлестіру жүйесін жетілдіру;";

      12) тармақшадағы "жетілдіру болып табылады." деген сөздер "жетілдіру;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:

      "13) әскери-патриоттық ұйымдар қызметін кеңейту және рөлін күшейту;

      14) Қазақстан Республикасының қорғанысы мүддесінде көліктің және көлік инфрақұрылымы объектілерінің әзірлігін қамтамасыз ету;

      15) Қазақстан Республикасында резервтегі әскери қызметті енгізу болып табылады.";

      68-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар үшін оқ-дәрінің негізгі түрлері өндірісінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және оны кеңейту;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10)қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізу және Қазақстан Республикасының аумағында перспективалық қарулану жүйесін өндіру бойынша технологиялар трансфертін және бірлескен өндірісті құру үшін шетел компанияларымен өзара тиімді ынтымақтастыққа жағдайлар жасау;";

      "3.3.3. Қазақстан Республикасының халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуын кеңейту" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Қазақстан Республикасының халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуын кеңейту";

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Қазақстан Республикасының халықаралық әскери ынтымақтастығын дамыту халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметті кеңейтуге және мемлекетке төнетін әскери қатерді төмендетуге бағытталған.

      Ынтымақтастық Қазақстан Республикасы үшін практикалық қызығушылық тудыратын барлық мемлекеттермен, мемлекетаралық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен достық, теңқұқықты, болжалды және өзара тиімді қарым-қатынасты дамытуды білдіретін көпвекторлық, прагматизм және проактивтілік қағидаттар негізінде жүзеге асырылады.";

      71-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) жаһандық және өңірлік дағдарысты еңсерудің саяси-дипломатиялық құралдарына сүйеніп, сенім, ашықтық, өзара түсіністік, барлық мемлекет үшін тең және бөлінбейтін қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаттары негізінде барлық мемлекеттің мүддесін ескеріп, жаһандық және өңірлік қауіпсіздік жүйесін дамытуға жәрдемдесу;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) терроризмге, экстремизм мен есірткі бизнесіне қарсы халықаралық күрес жүргізуге белсенді түрде қатысу;";

      мынадай мазмұндағы 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4) шетелде әскери атташе аппараттарының болуын кеңейту арқылы халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әскери дипломатияның рөлін күшейту;

      5) халықаралық оқу-жаттығуларда әскери персоналдың, бітімгершілік бөлімшелердің қатысуын кеңейту;

      6) терроризмге қарсы операцияларды және бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі операцияларды жоспарлау, жүргізу және жан-жақты қамтамасыз ету мәселелерінде тәжірибемен алмасу;

      7) әскери персоналды бітімгершілік операцияларға қатысу үшін БҰҰ өлшемшарттарына сәйкес сапалы даярлауды және іріктеуді жүргізу;

      8) бітімгершілік күш-жігерді қолдау үшін Қазақстан Республикасы қызметінің бағыттарын дамыту;

      9) бітімгершілік даярлық орталығының бітімгершілік саласында мамандар даярлау жөніндегі өңірлік халықаралық орталық ретіндегі рөлін күшейту бойынша қызметті өрістету болып табылады.";

      73-тармақ 7) тармақшадағы "миссияларына жіберу болып табылады." деген сөздер "миссияларына жіберу;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8) бітімгершілік операцияларында (миссияларында) қолдану үшін Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің өнімін ұсыну;

      9) Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік кұқықтық базасын жетілдіру болып табылады.";

      "4. Қорытынды" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бөлім. Қорытынды";

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 29 сентября 2017 года № 554 "Об утверждении Военной доктрины Республики Казахстан"

Указ Президента Республики Казахстан от 12 октября 2022 года № 1045

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 29 сентября 2017 года № 554 "Об утверждении Военной доктрины Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:

      в Военной доктрине Республики Казахстан, утвержденной вышеназванным Указом:

      заголовок "1. Введение" изложить в следующей редакции:

      "Раздел 1. Введение";

      в пункте 5:

      подпункт 2) исключить;

      заголовок "2. Анализ текущей ситуации" изложить в следующей редакции:

      "Раздел 2. Анализ текущей ситуации";

      заголовок "2.1. Основные условия и факторы, влияющие на военную безопасность и военные угрозы Республике Казахстан" изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Основные условия и факторы, влияющие на военную безопасность и военные угрозы Республике Казахстан";

      в пункте 8:

      подпункт 4) изложить в следующей редакции:

      "4) наращивание объемов оружия массового поражения в мире, а также создание оружия массового воздействия, построенного на новых физических принципах;";

      в пункте 9:

      подпункт 5) изложить в следующей редакции:

      "5) осуществление программно-технического воздействия (кибератак) на информационные системы военной организации государства, системы обеспечения жизнедеятельности страны с целью дестабилизации обстановки в государстве, снижения его военного и военно-экономического потенциалов.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Исходя из современных условий и факторов, военную угрозу Республике Казахстан могут представлять:";

      заголовок "2.2. Характер современных военных конфликтов" изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Характер современных военных конфликтов";

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. В целях достижения военно-политических и военно-стратегических целей может осуществляться демонстрация военной силы для втягивания противостоящего государства или государств региона в "гонку вооружений", истощения их ресурсов и возможностей в вооруженном противоборстве.

      До развязывания военного конфликта и в ходе вооруженной борьбы может осуществляться программно-техническое воздействие (кибератаки) на информационные системы военной организации государства, системы обеспечения жизнедеятельности страны с целью дестабилизации обстановки в государстве, снижения его военного и военно-экономического потенциалов.

      Может проводиться усиленное воздействие в информационном пространстве с целью формирования негативного фона вокруг государства на мировой арене.";

      заголовок "2.3. Текущее состояние в области военной безопасности Республики Казахстан" изложить в следующей редакции:

      "Глава 3. Текущее состояние в области военной безопасности Республики Казахстан";

      пункты 18 и 19 изложить в следующей редакции:

      "18. Увеличен боевой потенциал сухопутного, военно-воздушного и военно-морского компонента военной организации государства за счет создания необходимого комплекта войск (сил), вооружения, военной техники и запасов материальных средств на стратегических направлениях.

      В Вооруженных Силах созданы подразделения для организации противодействия информационно-психологическому и программно-техническому (кибер) воздействию в войсках. Ведется работа по наращиванию их потенциалов и возможностей.

      Проводится системная работа по развитию технического и кадрового потенциалов, направленная на формирование современной проактивной системы защиты информации на объектах информатизации военного назначения.

      В рамках интеграции системы территориальной обороны в общую систему обеспечения военной безопасности и обороны государства создан орган управления территориальной обороны в составе Вооруженных Сил. В интересах обеспечения оперативности реагирования на военные угрозы государству предпринимаются меры по усилению воздушно-транспортных возможностей Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований.

      19. В целях повышения мобильности войск и адекватного реагирования на современные угрозы военной безопасности последовательно и планомерно проводятся меры по совершенствованию структуры, усилению состава и развитию инфраструктуры Национальной гвардии Республики Казахстан.

      Внедряются новые формы применения и способы действий войск для решения задач при кризисных ситуациях и пресечении внутреннего вооруженного конфликта, в том числе при обеспечении правовых режимов чрезвычайной ситуации социального характера, чрезвычайного и военного положений.";

      пункт 23 изложить в следующей редакции:

      "23. Для устойчивого и непрерывного обеспечения группировок войск (сил) на стратегических направлениях созданы мобильные и стационарные компоненты тылового и технического обеспечения Вооруженных Сил.";

      пункт 25 изложить в следующей редакции:

      "25. В рамках мобилизационной подготовки государства реализуются меры для повышения устойчивости управления и организованного перевода экономики государства на военное время, удовлетворения потребностей военной организации государства и населения в материальных резервах, обеспечения функционирования административно-территориальных единиц государства в период мобилизации, военного положения и в военное время.";

      заголовок "3. Основные положения" изложить в следующей редакции:

      "Раздел 3. Основные положения";

      заголовок "3.1. Цель и принципы обеспечения военной безопасности Республики Казахстан" изложить в следующей редакции:

      "Глава 4. Цель и принципы обеспечения военной безопасности Республики Казахстан";

      заголовок "3.2. Направления деятельности Республики Казахстан в сферах обеспечения военной безопасности и обороны" изложить в следующей редакции:

      "Глава 5. Видение в области военной безопасности и обороны Республики Казахстан";

      после заголовка "Глава 5. Видение в области военной безопасности и обороны Республики Казахстан" дополнить пунктом 29-1 следующего содержания:

      "29-1. Республика Казахстан нацелена на обеспечение внутренней стабильности в стране, предотвращение угроз развязывания военных конфликтов против государства, расширение участия в обеспечении международной безопасности, борьбе с международным терроризмом и экстремизмом, а также поддержание военной организации государства в высокой степени готовности к вооруженной защите Республики Казахстан и ее союзников.

      Соответствующие меры предусматриваются в рамках направлений деятельности в военно-политической, военно-стратегической и военно-экономической сферах, мобилизационной подготовки, а также развития военной организации государства.";

      заголовок "3.2.1. Направления деятельности в военно-политической сфере" изложить в следующей редакции:

      "Параграф 1. Направления деятельности в военно-политической сфере";

      пункт 30 исключить;

      пункт 32 изложить в следующей редакции:

      "32. Республика Казахстан не рассматривает ни одно из государств в качестве противника.";

      подпункт 6) пункта 33 изложить в следующей редакции:

      "6) принятием эффективных мер для предупреждения и пресечения военных угроз Республике Казахстан.";

      пункт 34 дополнить подпунктом 9) следующего содержания:

      "9) укрепление партнерства и сотрудничества с другими государствами и международными организациями в целях совершенствования системы глобальной и региональной безопасности.";

      заголовок "3.2.2. Направления деятельности в военно-стратегической сфере" изложить в следующей редакции:

      "Параграф 2. Направления деятельности в военно-стратегической сфере";

      пункт 35 изложить в следующей редакции:

      "35. Деятельность в военно-стратегической сфере нацелена на поддержание готовности военной организации государства к обеспечению военной безопасности и обороне Республики Казахстан.";

      в пункте 37:

      подпункт 4) изложить в следующей редакции:

      "4) охрана государственных и военных объектов на территории Республики Казахстан и за ее пределами;";

      подпункт 6) изложить в следующей редакции:

      "6) предотвращение и пресечение диверсий, актов терроризма и сепаратистской деятельности;";

      подпункт 12) изложить в следующей редакции:

      "12) участие в миротворческих и других операциях, а также выполнение иных задач и мероприятий в соответствии с международными договорами, ратифицированными Республикой Казахстан;";

      дополнить подпунктом 13) следующего содержания:

      "13) подготовка военного персонала с целью обеспечения выполнения международных обязательств в рамках миротворческой деятельности Республики Казахстан.";

      пункт 39 изложить в следующей редакции:

      "39. Разрешение пограничного вооруженного конфликта в пограничном пространстве Республики Казахстан осуществляется Пограничной службой совместно с Авиационной службой, Пограничной академией КНБ РК, иными органами национальной безопасности во взаимодействии с органами управления, соединениями и воинскими частями Вооруженных Сил и Национальной гвардии Республики Казахстан, при необходимости, могут применяться силы и средства других центральных государственных и местных исполнительных органов.";

      заголовок "3.2.3. Направления деятельности в военно-экономической сфере" изложить в следующей редакции:

      "Параграф 3. Направления деятельности в военно-экономической сфере";

      пункт 47 изложить в следующей редакции:

      "47. Деятельность в военно-экономической сфере направлена на удовлетворение потребностей военной организации государства финансовыми, материально-техническими и другими ресурсами в достаточных объемах для функционирования в мирное и военное время и дальнейшего развития.";

      заголовок "3.2.4. Мобилизационная подготовка Республики Казахстан" изложить в следующей редакции:

      "Параграф 4. Мобилизационная подготовка Республики Казахстан";

      пункт 49 изложить в следующей редакции:

      "49. Мероприятия мобилизационной подготовки Республики Казахстан проводятся в целях обеспечения устойчивого управления государством в военное время, осуществления организованного перевода экономики государства с мирного на режим военного положения, обеспечения потребностей военной организации государства и населения страны, функционирования отраслей экономики и административно-территориальных единиц в зонах боевых действий и территориальной обороны в интересах вооруженной защиты Республики Казахстан.";

      заголовок "3.2.5. Направления деятельности по развитию военной организации Республики Казахстан" изложить в следующей редакции:

      "Параграф 5. Направления деятельности по развитию военной организации Республики Казахстан";

      пункт 51 изложить в следующей редакции:

      "51. Деятельность Республики Казахстан по развитию военной организации государства нацелена на обеспечение готовности к адекватному реагированию на военные угрозы Республике Казахстан, в том числе в составе сил коллективной безопасности организаций, в которых состоит Республика Казахстан.";

      заголовок "3.3. Меры по обеспечению военной безопасности Республики Казахстан" изложить в следующей редакции:

      "Глава 6. Подходы к обеспечению военной безопасности Республики Казахстан";

      заголовок "3.3.1. Поддержание боевой готовности Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан" изложить в следующей редакции:

      "Параграф 1. Поддержание боевой готовности Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан";

      в пункте 53:

      подпункты 2) и 3) изложить в следующей редакции:

      "2) уточнение случаев, порядка и способов применения Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований, их взаимодействия и всестороннего обеспечения;

      3) уточнение задач, объемов и содержания мероприятий, выполняемых центральными государственными и местными исполнительными органами, организациями, входящими в состав военной организации государства, при обеспечении военной безопасности и обороны государства путем ежегодного уточнения документов Плана обороны государства;";

      дополнить подпунктом 4) следующего содержания:

      "4) систематизация нормативных правовых актов в области обороны и военной безопасности Республики Казахстан с внедрением Системы военного планирования.";

      в пункте 54:

      дополнить подпунктом 2-1) следующего содержания:

      "2-1) развитие Сил специальных операций для эффективных действий в мирное и военное время во взаимодействии с подразделениями специального назначения других государственных органов;";

      подпункт 4) изложить в следующей редакции:

      "4) наращивание радиолокационного поля и повышение потенциала и возможностей войск по ведению противовоздушной и противоракетной обороны государства;";

      подпункт 6) изложить в следующей редакции:

      "6) совершенствование системы территориальной обороны, строительство инфраструктуры и создание достаточных запасов материальных и иных средств для наращивания потенциала и возможностей территориальных войск;";

      пункт 55 дополнить подпунктом 4) следующего содержания:

      "4) повышение ее качественных параметров за счет внедрения достижений современной науки, техники и технологий, передовых методов обучения.";

      в пункте 56:

      подпункт 1) изложить в следующей редакции:

      "1) совершенствование деятельности Национального центра управления обороной и оснащение современными средствами связи и автоматизированными системами управления;";

      подпункт 4) изложить в следующей редакции:

      "4) внедрение отечественных технических и программных средств для информационных ресурсов и систем военного назначения.";

      подпункты 1) и 2) пункта 57 изложить в следующей редакции:

      "1) развитие Единой региональной системы противовоздушной обороны Республики Казахстан и Российской Федерации;

      "2) создание базовых элементов системы предупреждения о ракетном нападении и контроля космического пространства.";

      подпункт 1) пункта 58 изложить в следующей редакции:

      "1) внедрение в идеологическую и воспитательную работу современных методик в интересах повышения морально-психологической устойчивости военнослужащих;";

      в пункте 59:

      абзац первый изложить в следующей редакции:

      "59. Основными мерами по повышению информационной (кибер) безопасности являются:";

      подпункты 1), 2), 3), 4) и 5) изложить в следующей редакции:

      "1) совершенствование нормативных правовых актов в области обеспечения информационной (кибер) безопасности;

      2) развитие состава и структуры системы информационной (кибер) безопасности, а также совершенствование форм и способов действий в киберпространстве;

      3) поэтапное обеспечение подразделений информационной (кибер) безопасности программными, программно-аппаратными и техническими средствами и системами для эффективных действий в киберпространстве и защиты информационных ресурсов;

      4) подготовка высококвалифицированных кадров для подразделений информационной (кибер) безопасности;

      5) организация взаимодействия военной организации государства при обеспечении информационной (кибер) безопасности;";

      дополнить подпунктом 6) следующего содержания:

      "6) проведение научно-исследовательских и опытно-конструкторских работ в области информационной (кибер) безопасности.";

      2) пункте 61:

      подпункты 3), 4) и 5) изложить в следующей редакции:

      "3) оснащение Пограничной и Авиационной служб КНБ РК современным вооружением и военной техникой, техническими средствами охраны границы;

      4) приведение инфраструктуры Государственной границы в соответствие ее категорированию и современным требованиям;

      5) повышение эффективности взаимодействия Пограничной службы КНБ РК с центральными государственными, местными исполнительными органами и населением приграничных районов в вопросах охраны Государственной границы, в том числе в подводной среде казахстанского сектора Каспийского моря;";

      дополнить подпунктами 6), 7), 8) и 9) следующего содержания:

      "6) интеграция объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры Пограничной службы КНБ РК;

      7) реализация концепта "умная граница" и создание мобильных и эффективных сил реагирования Пограничной службы КНБ РК;

      8) создание высокоскоростной транспортной среды, увеличение пропускной способности арендованных каналов связи для обеспечения функционирования информационных систем органов национальной безопасности и развитие инженерной инфраструктуры охраны границы;

      9) переоснащение сетей связи современными средствами связи на приоритетных участках границы, модернизация существующих сетей связи.";

      в пункте 62:

      абзац первый изложить в следующей редакции:

      "62. Основными мерами по совершенствованию территориальной обороны являются:";

      подпункты 1) и 2) изложить в следующей редакции:

      "1) развитие системы управления территориальной обороной;

      2) совершенствование законодательства в сфере территориальной обороны;";

      в пункте 63:

      дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания:

      "1-1) соблюдение единой военно-технической политики в вопросах оснащения Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований средствами связи и управления, вооружением, техникой и боеприпасами с учетом возможности их совместного применения;";

      подпункты 2) и 3) изложить в следующей редакции:

      "2) оснащение образцами вооружения и военной техники, отвечающими требованиям войск (сил);

      3) разработка новых военных национальных стандартов, в том числе для производства (модернизации) вооружения и военной техники, военно-технического имущества и оказания услуг, необходимых для Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований;";

      подпункт 1) пункта 64 исключить;

      подпункт 4) пункта 65 изложить в следующей редакции:

      "4) оптимизация состава и структуры военных кафедр при организациях высшего и (или) послевузовского образования, подготовка в них необходимого количества военно-обученного резерва;";

      в пункте 66:

      подпункт 1) изложить в следующей редакции:

      "1) повышение военно-научного потенциала в Вооруженных Силах, других войсках и воинских формированиях за счет увеличения числа и повышения качества подготовки военных научных кадров;";

      подпункт 5) изложить в следующей редакции:

      "5) привлечение ведущих специалистов из других отраслей науки к выполнению военно-научных исследований;";

      дополнить подпунктами 6) и 7) следующего содержания:

      "6) использование возможностей государственно-частного партнерства при проведении и обеспечении военно-научных исследований;

      7) применение военно-гражданской интеграции научных, образовательных организаций и учреждений в рамках научно-технической деятельности в области обороны и военной безопасности Республики Казахстан.";

      заголовок "3.3.2. Поддержание мобилизационной готовности государства" изложить в следующей редакции:

      "Параграф 2. Поддержание мобилизационной готовности государства";

      в пункте 67:

      подпункт 1) изложить в следующей редакции:

      "1) совершенствование системы контроля, оценки состояния и координации мобилизационной подготовки в государстве;";

      дополнить подпунктами 13), 14) и 15) следующего содержания:

      "13) расширение деятельности и усиление роли военно-патриотических организаций;

      14) обеспечение готовности транспорта и объектов транспортной инфраструктуры в интересах обороны Республики Казахстан;

      15) введение в Республике Казахстан воинской службы в резерве.";

      в пункте 68:

      подпункт 6) изложить в следующей редакции:

      "6) обеспечение устойчивости и расширение производства основных видов боеприпасов для Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований;";

      подпункт 10) изложить в следующей редакции:

      "10) создание условий взаимовыгодного сотрудничества с иностранными компаниями для поставок современного вооружения и военной техники, трансферта технологий и создания совместных производств на территории Республики Казахстан по производству перспективных систем вооружения;";

      заголовок "3.3.3. Расширение участия Республики Казахстан в обеспечении международной безопасности" изложить в следующей редакции:

      "Параграф 3. Расширение участия Республики Казахстан в обеспечении международной безопасности";

      пункт 70 изложить в следующей редакции:

      "70. Развитие международного военного сотрудничества Республики Казахстан направлено на расширение деятельности в сфере обеспечения международной безопасности и снижение военных угроз государству.

      Сотрудничество осуществляется на основе принципов многовекторности, прагматизма и проактивности, означающих развитие дружественных, равноправных, предсказуемых и взаимовыгодных отношений со всеми государствами, межгосударственными объединениями и международными организациями, представляющими практический интерес для Республики Казахстан.";

      в пункте 71:

      дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания:

      "1-1) содействие развитию систем глобальной и региональной безопасности с учетом интересов всех государств на основе принципов доверия, открытости, взаимопонимания, обеспечения равной и неделимой безопасности для всех государств с опорой на политико-дипломатические инструменты преодоления глобальных и региональных кризисов;";

      подпункт 3) изложить в следующей редакции:

      "3) активное участие в ведении международной борьбы с терроризмом, экстремизмом и наркобизнесом;";

      дополнить подпунктами 4), 5), 6), 7), 8) и 9) следующего содержания:

      "4) усиление роли военной дипломатии в обеспечении международной безопасности путем расширения присутствия аппаратов военного атташе за рубежом;

      5) расширение участия военного персонала, миротворческих подразделений в международных учениях;

      6) обмен опытом в вопросах планирования, проведения и всестороннего обеспечения антитеррористических операций и операций по поддержанию мира и безопасности;

      7) проведение качественной подготовки и отбора военного персонала в соответствии с критериями ООН для участия в миротворческих операциях;

      8) развитие направлений деятельности Республики Казахстан для поддержания миротворческих усилий;

      9) наращивание деятельности по усилению роли центра миротворческой подготовки как регионального международного центра по подготовке специалистов в области миротворчества.";

      пункт 73 дополнить подпунктами 8) и 9) следующего содержания:

      "8) предоставление продукции оборонно-промышленного комплекса Республики Казахстан для применения в миротворческих операциях (миссиях);

      9) совершенствование нормативной правовой базы Республики Казахстан в области миротворческой деятельности Республики Казахстан.".

      заголовок "4. Заключение" изложить в следующей редакции:

      "Раздел 4. Заключение".

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент Республики Казахстан К. Токаев