Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс |
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларында:
152-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"152-2. Президенттік резервті бекітуді осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысымен келісілген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің (бұдан әрі – Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі) ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы жүзеге асырады.";
152-4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"152-4. Президенттік резервті қалыптастыру тоқсан сайын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және Ұлттық ұланының басшы лауазымдарына орналасу үшін кандидаттарға ағымдағы және перспективадағы қажеттіліктің болжамы ескеріле отырып жүзеге асырылады.";
152-6, 152-7 және 152-8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"152-6. Тоқсан сайын, ағымдағы тоқсанның бірінші айының 10-күніне дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және Ұлттық ұланының кадр бөлімшелері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне мынадай материалдарды қоса бере отырып, Президенттік резервке алу үшін ұсынылған әскери қызметшілердің тізімдерін жібереді:
1) мемлекеттік органның бірінші басшысының:
әскери қызметшінің іскерлік және жеке қасиеттері;
болжанатын лауазымға орналасу үшін көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келетіні;
аттестаттау комиссиясының шешімі;
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің есептері бойынша тексеру нәтижелері көрсетілген ұсынуы;
2) белгіленген нысандағы фотосуреті бар, әскери қызмет өткергені туралы мәліметтер (қызметтік тізім).
Мемлекеттік органның бірінші басшысы іссапармен барған әскери қызметшілерге қатысты сипаттаушы материалдарды тиісті әскери қызметші қызметін өткеріп жатқан органның (ұйымның) басшысынан сұратуға құқылы.
Ұсынылған материалдардың толық еместігі немесе оларда қандай да бір нақты емес мәліметтер көрсетілгені анықталған жағдайда Президенттік резервке алу ұсынылған әскери қызметшілерге қатысты материалдар Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінен кері қайтарылмай, мемлекеттік органдардың кадр бөлімшелерінің жоғарыда аталған кемшіліктерді жоюына болады.
Кандидаттарды Президенттік резервке алуға қатысты материалдарды және лауазымға тағайындауды келісуге арналған ұсынуды бір мезгілде жіберуге жол берілмейді.
152-7. Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі тоқсан сайын:
1) ұсынылған материалдардың анықтығын, толық болуын және Президенттік резервке ұсынылған әскери қызметшілердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексеруді ағымдағы тоқсанның екінші айының 20-күніне дейін жүзеге асырады, қажет болған кезде кандидатураларды алдын ала зерделейді және оларға қосымша тексеру жүргізеді;
2) материалдарды қарау нәтижелері бойынша Президенттік резервке ұсынылған әскери қызметшілердің тізімін ағымдағы тоқсанның соңғы айының 20-күніне дейін қалыптастырады;
3) Президенттік резерв бекітілгеннен кейін он күн ішінде мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына хабарлайды.
152-8. Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі Президенттік резервке кандидаттардың тізімін қалыптастырғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысымен келіседі, одан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының бекітуіне енгізеді.
Президенттік резервке алуға берілген ұсынуларды қарау нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) Президенттік резервке алынсын;
2) Президенттік резервке алудан бас тартылсын.";
152-10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, жоғары тұрған басшы лауазымдарға тағайындау үшін Президенттік резервте болудың ең аз мерзімі кемінде үш ай болуға тиіс.";
152-11 және 152-12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"152-11. Әскери қызметші:
1) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған;
2) қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жауаптылыққа тартылған;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған;
4) оған қызметіне толық сәйкес келмейтіні туралы ескерту, лауазымын бір сатыға төмендету, әскери атағын бір сатыға төмендету түрінде тәртіптік жаза қолданылған;
5) Президенттік резервтен шығару туралы баянат берген;
6) әскери қызметтен шығарылған;
7) осы Қағидалардың 152-10-тармағында көзделген мерзім өткен;
8) арнаулы мемлекеттік органдарға және құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға ауыстырылған;
9) аттестаттаудың нәтижелері бойынша лауазымы төмендетілген не төмен тұрған әскери лауазымға ауыстырылған жағдайларда оны Президенттік резервтен шығару жүргізіледі.
152-12. Осы Қағидалардың 152-11-тармағында көзделген негіздер болғанда мемлекеттік органдардың кадр бөлімшелері Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөліміне ұсынған материалдарға сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы әскери қызметшіні Президенттік резервтен шығару туралы шешім қабылдайды.";
мынадай мазмұндағы 152-14-тармақпен толықтырылсын:
"152-14. Президенттік резервте тұрған және одан әрі қызмет өткеру үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына ауыстырылған құқық қорғау органдарының қызметкерлері, арнаулы мемлекеттік органдардың және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде мемлекеттік органның бірінші басшысының өтінішхаты бойынша Президенттік резервке алынуы мүмкін.";
2) "Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 624 Жарлығында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары, азаматтық қорғау органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары, азаматтық қорғау органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары, азаматтық қорғау органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру қағидалары";
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары, азаматтық қорғау органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, арнаулы мемлекеттік органдардың және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін (бұдан әрі – қызметкерлер) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары, азаматтық қорғау органдары басшылығының президенттік резервіне іріктеудің, алудың, оларды даярлаудың және одан шығарудың ерекше тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары, азаматтық қорғау органдары басшылығының президенттік резерві (бұдан әрі – Президенттік резерв) – құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының, оның ішінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің (бұдан әрі – азаматтық қорғау органдарының) бос тұрған жоғары басшы лауазымдарына ұсыну үшін осы Қағидаларда көзделген іріктеудің ерекше тәртібінен өткен қызметкерлердің тізімі.
3. Президенттік резервті қалыптастыру мақсаты – Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы бос тұрған жоғары басшы лауазымдарға орналастыру үшін қызметкерлерді сапалы іріктеу және оларды даярлау арқылы кәсіби кадрлар құрамын жасақтау.";
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік күзет қызметі) қызметкерлерінің президенттік резервін бекітуді Мемлекеттік күзет қызметі бастығының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің президенттік резервін бекітуді осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысымен келісілген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің (бұдан әрі – Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімі) ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы жүзеге асырады.";
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Президенттік резервті қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру:
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына қатысты – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөліміне (бұдан әрі – Құқық қорғау жүйесі бөлімі);
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына қатысты – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығына;
Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдарына қатысты Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөліміне жүктеледі.
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары басшылығының президенттік резервіне ұсынылған Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің тізімін қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды дайындау Мемлекеттік күзет қызметіне жүктеледі.
7. Осы Қағидалар құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының лауазымдарына, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысының лауазымына қолданылмайды.";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Президенттік резервті қалыптастыру тоқсан сайын, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының, азаматтық қорғау органдарының басшы лауазымдарына орналасу үшін кандидаттарға ағымдағы және перспективадағы қажеттіліктің болжамы ескеріле отырып жүзеге асырылады.";
екінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) болжанатын лауазымға орналасу үшін көзделген, қызмет өтілі, кәсіби даярлық деңгейі жөніндегі талаптарды қамтитын біліктілік талаптарына сәйкес келетін;";
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерлер біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы оларды Президенттік резервке ұсына алады.";
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне іссапарға жіберілген, қойылатын талаптарға сәйкес келетін қызметкерлер Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі басшысының қызметкерді іссапарға жіберген мемлекеттік органның бірінші басшысымен келісілген ұсынуы бойынша Президенттік резервке алынуы мүмкін.";
10, 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Тиісті тоқсанның соңғы айының 1-күніне дейін Президенттік резервке алу үшін ұсынылған құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің тізімдері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне жіберілуге тиіс. Президенттік резервке алу үшін ұсынылған қызметкерлердің тізімдеріне мынадай материалдар қоса берілуге тиіс:
1) құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысының:
әскери қызметшінің іскерлік және жеке қасиеттері;
болжанатын лауазымға орналасу үшін көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келетіні;
аттестаттау комиссиясының шешімі, ал аттестаттауға жатпайтын адамдарға қатысты қызметтік жұмысы нәтижелерінің нақты көрсеткіштері;
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің есептері бойынша тексеру нәтижелері көрсетілген ұсынуы;
2) белгіленген нысандағы фотосуреті бар қызметтік анықтама (қызметтік тізім);
3) қызметкердің міндетті арнаулы тексеруден өткені туралы мәліметтер.
Құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы іссапарға жіберілген қызметкерлерге қатысты сипаттаушы материалдарды тиісті қызметкер қызмет өткеріп жатқан органның (ұйымның) басшысынан сұратуға құқылы.
Ұсынылған материалдардың толық еместігі немесе оларда қандай да бір нақты емес мәліметтер көрсетілгені анықталған жағдайда Президенттік резервке алу үшін ұсынылған қызметкерлерге қатысты материалдар Құқық қорғау жүйесі бөлімінен, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығынан және Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінен кері қайтарылмай, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның кадр бөлімшелері жоғарыда аталған кемшіліктерді жоя алады.
Кандидатты Президенттік резервке алуға қатысты материалдарды және лауазымға тағайындауды келісуге арналған ұсынуды бір мезгілде жіберуге жол берілмейді.
11. Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы, Құқық қорғау жүйесі бөлімі және Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімі тоқсан сайын:
1) ұсынылған материалдардың анықтығын, толық болуын және Президенттік резервке ұсынылған қызметкерлердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексеруді тиісті тоқсанның соңғы айының 15-күніне дейін жүзеге асырады, қажет болған кезде мәліметтерді сұрату арқылы қосымша тексеру іс-шараларын жүргізеді;
2) материалдарды қарау нәтижелері бойынша Президенттік резервке алу үшін ұсынылған қызметкерлердің тізімін тиісті тоқсанның соңғы айының 30-күніне дейін қалыптастырады;
3) Президенттік резерв бекітілгеннен кейін он күн ішінде Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның бірінші басшыларына хабарлайды.";
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
"13-1. Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімі Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының президенттік резервіне кандидаттардың тізімі қалыптастырылғаннан және Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысымен келісілгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының бекітуіне енгізеді.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының президенттік резервіне алуға берілген ұсынуларды қарау нәтижесі бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) Президенттік резервке алынсын;
2) Президенттік резервке алудан бас тартылсын.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның кадр бөлімшелері Президенттік резервтің бекітілген тізімінен үзіндіні алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қызметкерлерді Президенттік резервке алынғаны туралы хабардар етеді.";
15-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, жоғары тұрған басшы лауазымдарға тағайындау үшін Президенттік резервте болудың ең аз мерзімі кемінде үш ай болуға тиіс.";
16, 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органының, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен Президенттік резервке қосымша кандидатураларды ұсынуға құқылы.";
"19. Қызметкер:
1) қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жауаптылыққа тартылған;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған;
3) оған қызметіне толық сәйкес келмейтіні туралы ескерту, атқаратын лауазымынан босату (лауазымын бір сатыға төмендету), арнаулы атағын (әскери атағын бір сатыға төмендету) немесе сыныптық шенін төмендету түрінде тәртіптік жаза қолданылған;
4) Президенттік резервтен шығару туралы баянат берген;
5) осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген мерзім өткен;
6) Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органынан, азаматтық қорғау органынан қызметтен шығарылған;
7) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға ауыстырылған (іссапарға жіберілген);
8) аттестаттаудың нәтижелері бойынша лауазымы төмендетілген не атқарып отырған лауазымынан төмен тұрған лауазымға ауыстырылған жағдайларда оны Президенттік резервтен шығару жүргізіледі.
20. Осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген негіздер болған кезде қызметкерді Президенттік резервтен шығару туралы шешімді:
1) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының кадр бөлімшелері Құқық қорғау жүйесі бөліміне ұсынған материалдарға сәйкес Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты – Комиссия;
2) Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының кадр бөлімшелері Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығына ұсынған материалдарға сәйкес Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне қатысты – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы;
3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның кадр бөлімшесі Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөліміне ұсынған материалдарға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қабылдайды.";
мынадай мазмұндағы 22-тармақпен толықтырылсын:
"22. Президенттік резервте тұрған және одан әрі қызмет өткеру үшін Қазақстан Республикасының басқа құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына, азаматтық қорғау органдарына ауыстырылған (іссапарға жіберілген) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және Ұлттық ұланының қызметкерлері, сондай-ақ әскери қызметшілері біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде көрсетілген мемлекеттік органдардың бірінші басшысының өтінішхаты бойынша қызметке қабылдаған мемлекеттік органның Президенттік резервіне алынуы мүмкін.".
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |