"Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 5 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 313 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. "Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 5 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы туралы ережеде:

      13-тармақта:

      1) тармақша мынадай мазмұндағы он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің және оның Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша, мемлекеттік органдардың, тексеру комиссияларының, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша, сондай-ақ құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша жергілікті бюджеттің қаражатына аудит жүргізу.

      Мемлекеттік органдардың, тексеру комиссияларының, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша, сондай-ақ құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша жергілікті бюджеттің қаражатына аудит жүргізу туралы шешім кейіннен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін хабардар ете отырып, Жоғары аудиторлық палатаның отырысында көпшілік дауыспен қабылданады;

      заңды күшіне енген сот актілері бар аудит материалдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің және оның Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның шешімі бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары аудитінің қорытындыларын қайта қарау;";

      2) тармақшада:

      он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын қоспағанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорға орналастыру;";

      мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Жоғары аудиторлық палатаның жұмысы туралы ұсынылатын тоқсан сайынғы ақпарат шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары аудитінің қорытындыларына қайта қарауды жүргізу туралы хабарлау.";

      14-тармақта:

      2) тармақшаның тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен немесе оның тапсырмасы бойынша ғана Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі активтерінің пайдаланылуына, зейнетақы активтерінің сенімгерлік басқарылуына;";

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) тексеру комиссиялары, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган және ішкі аудит қызметтері жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін тану үшін олардың мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтауына бақылау жүргізу;";

      20-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) тексеру комиссияларының, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және ішкі аудит қызметтерінің мемлекеттік аудит нәтижелерін тану үшін олардың мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтауына бақылау жүргізуді ұйымдастырады;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 26 ноября 2022 года № 5 "О некоторых вопросах Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан"

Указ Президента Республики Казахстан от 31 августа 2023 года № 313

  Подлежит опубликованию
в Собрании актов Президента и
Правительства Республики
Казахстан

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 26 ноября 2022 года № 5 "О некоторых вопросах Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:

      в Положении о Высшей аудиторской палате Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:

      в пункте 13:

      подпункт 1) дополнить абзацами семнадцатым, восемнадцатым и девятнадцатым следующего содержания:

      "проводить аудит средств местного бюджета по поручению Президента Республики Казахстан и его Администрации, по обращениям государственных органов, ревизионных комиссий, физических и юридических лиц, а также по информации правоохранительных органов.

      Решение о проведении аудита средств местного бюджета по обращениям государственных органов, ревизионных комиссий, физических и юридических лиц, а также по информации правоохранительных органов принимается на заседании Высшей аудиторской палаты большинством голосов с последующим уведомлением Администрации Президента Республики Казахстан;

      пересматривать по поручению Президента Республики Казахстан и его Администрации, а также по решению Высшей аудиторской палаты итоги аудита органов государственного аудита и финансового контроля, за исключением материалов аудита, по которым имеются вступившие в законную силу судебные акты;";

      в подпункте 2):

      абзац двенадцатый изложить в следующей редакции:

      "размещать в единой базе данных по государственному аудиту и финансовому контролю материалы государственного аудита и финансового контроля, за исключением материалов государственного аудита и финансового контроля уполномоченного органа по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций, содержащих охраняемую законом тайну, в сроки, установленные законодательством Республики Казахстан;";

      дополнить абзацем тринадцатым следующего содержания:

      "информировать Администрацию Президента Республики Казахстан в рамках предоставляемой ежеквартальной информации о работе Высшей аудиторской палаты о проведении пересмотра итогов аудита органов государственного аудита и финансового контроля.";

      в пункте 14:

      абзац девятый подпункта 2) изложить в следующей редакции:

      "использования активов Национального Банка Республики Казахстан, доверительного управления пенсионными активами только с согласия или по поручению Президента Республики Казахстан;";

      подпункт 17) изложить в следующей редакции:

      "17) проведение контроля за соблюдением стандартов государственного аудита и финансового контроля ревизионными комиссиями, уполномоченным органом по внутреннему государственному аудиту и службами внутреннего аудита для признания результатов проведенного ими государственного аудита;";

      подпункт 12) пункта 20 изложить в следующей редакции:

      "12) для признания результатов государственного аудита ревизионных комиссий, уполномоченного органа по внутреннему государственному аудиту и служб внутреннего аудита организуют проведение контроля за соблюдением ими стандартов государственного аудита и финансового контроля;".

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент Республики Казахстан К. Токаев