"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 19 ақпандағы № 483 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
  Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
  жинағында жариялануға тиiс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік күзет қызметі республикалық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның нақты және шартты атаулары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері, мөртабандары, белгіленген үлгідегі мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі бланкілері, өзінің рәмізі мен айырым белгілері, туы, жалауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 30.";

      16-тармақта:

      1) тармақшасының отыз екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "заңды және жеке тұлғалардың күзет іс-шараларын өткізу орындарында белгіленген тәртіпті сақтауын талап ету;";

      2) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президентін және өзге де күзетiлетiн адамдарды байланыспен қамтамасыз етуді, президенттік байланыс жүйелерінің қауіпсіздігін, сондай-ақ олардың ақпараттан оқшау қалуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуді ұйымдастыру.

      Президенттік байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимылды ұйымдастыру тәртібі Мемлекеттік күзет қызметінің және мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

      Мемлекеттік күзет қызметін және өзге де ұйымдарды президенттік байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимылды ұйымдастыру тәртібі келісімдерде (шарттарда) айқындалады;";

      17-тармақтың 33) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "33) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шараларды орындау тәртібін айқындайды;";

      21-тармақта:

      35) тармақша алып тасталсын;

      43) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "43) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлеріне сыныптық біліктілік беру, Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің сыныптық біліктілігін көтеру, растау, сақтау, төмендету және алу тәртібін айқындайды;";

      74) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "74) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкеріне жоғары офицерлік құрам атқаруға тиісті бос (тағайындалмаған) лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеу тәртібін айқындайды;";

      78) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "78) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін көтермелеуді қолдану тәртібін айқындайды;";

      мынадай мазмұндағы 93-1), 93-2), 93-3) және 93-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "93-1) Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің жекелеген санаттарының қызмет өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша олардың азық-түлік үлесінің нормаларын айқындайды;

      93-2) Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің жекелеген санаттарын тамақпен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;

      93-3) азық-түлік үлесінің белгіленген нормалары бойынша тамақпен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің жекелеген санаттарына ақшалай өтемақы төлеу тәртібін айқындайды;

      93-4) тамақтандыруды ұйымдастыру туралы шарттың мерзімі шегінде ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру тәртібін айқындайды;".

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 4 мая 2014 года № 814 "Об утверждении Положения о Службе государственной охраны Республики Казахстан"

Указ Президента Республики Казахстан от 19 февраля 2024 года № 483.

  Подлежит опубликованию
в Собрании актов Президента и
Правительства Республики
Казахстан

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 4 мая 2014 года № 814 "Об утверждении Положения о Службе государственной охраны Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:

      в Положении о Службе государственной охраны Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Служба государственной охраны является юридическим лицом в организационно-правовой форме республиканского государственного учреждения, имеет действительное и условное наименования, печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан, штампы, бланки на государственном и русском языках установленного образца, свою символику и знаки отличия, флаг, знамя, а также счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Местонахождение юридического лица: 010000, Республика Казахстан, город Астана, район "Есиль", проспект Мәңгілік Ел, 30.";

      в пункте 16:

      абзац тридцать второй подпункта 1) изложить в следующей редакции:

      "требовать от физических и юридических лиц соблюдения установленного порядка в местах проведения охранных мероприятий;";

      абзац девятый подпункта 2) изложить в следующей редакции:

      "организовывать обеспечение связью Президента Республики Казахстан и иных охраняемых лиц, безопасность систем президентской связи, а также проведение комплекса мероприятий по недопущению их информационной изоляции.

      Порядок организации взаимодействия по обеспечению президентской связью определяется совместными нормативными правовыми актами Службы государственной охраны и государственных органов.

      Порядок организации взаимодействия по обеспечению президентской связью Службы государственной охраны и иных организаций определяется соглашениями (договорами);";

      подпункт 33) пункта 17 изложить в следующей редакции:

      "33) определяет порядок выполнения мероприятий по организации и проведению аттестации сотрудников Службы государственной охраны;";

      в пункте 21:

      подпункт 35) исключить;

      подпункт 43) изложить в следующей редакции:

      "43) определяет порядок присвоения классной квалификации сотрудникам Службы государственной охраны, повышения, подтверждения, сохранения, снижения и снятия классной квалификации сотрудников Службы государственной охраны;";

      подпункт 74) изложить в следующей редакции:

      "74) определяет порядок возложения на сотрудника Службы государственной охраны временного исполнения обязанностей по вакантной (незанятой) должности, подлежащей замещению высшим офицерским составом;";

      подпункт 78) изложить в следующей редакции:

      "78) определяет порядок применения поощрений сотрудников Службы государственной охраны;";

      дополнить подпунктами 93-1), 93-2), 93-3) и 93-4) следующего содержания:

      "93-1) определяет по согласованию с центральным уполномоченным органом по бюджетному планированию нормы продовольственного пайка отдельных категорий сотрудников Службы государственной охраны с учетом особенностей прохождения службы;

      93-2) определяет порядок обеспечения питанием отдельных категорий сотрудников Службы государственной охраны;

      93-3) определяет порядок выплаты денежной компенсации при отсутствии возможности обеспечения питанием по установленным нормам продовольственного пайка отдельным категориям сотрудников Службы государственной охраны;

      93-4) определяет порядок безвозмездной временной передачи зданий, помещений столовых и находящегося в них имущества в имущественный наем (аренду) в пределах срока договора об организации питания;".

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Президент Республики Казахстан К. Токаев