1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартты іске асыру бойынша құзыретті органдарды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 27 мамырдағы № 559 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Шарттың ережелерін іске асыру бойынша құзыретті органдар болып:

      соттар беретін өтініштер (тапсырмалар), азаматтық істер бойынша сот актілерін тану және орындау туралы өтінішхаттар, сондай-ақ талап қоюларды қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты;

      қылмыстық істер бойынша процестік әрекеттерді орындау; қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге байланысты процестік құжаттарды жіберу және тапсыру, сондай-ақ сот процесінің нәтижелері туралы ақпарат беру; заттай дәлелдемелерді, құжаттарды, қылмыстық жолмен алынған құндылықтарды беру; іс материалдарын жіберу; сұрау салушы тарапқа адамдардың сотталғандығы туралы мәліметтер беру; оларды іздестіру және сәйкестендіру; прокурордың және тергеу судьясының (соттың) санкциясын талап ететін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу; қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе үкімді орындау үшін қылмыс жасаған адамдарды беру; қылмыстық қудалауды қозғау және жүзеге асыру; күдіктілерден, айыпталушылардан, сотталушылардан, куәгерлерден, жәбірленушілерден, сарапшылардан жауап алу; қылмыстық істер бойынша соттардың үкімдерін (шешімдерін) тану және орындау туралы өтінішхаттар, сондай-ақ прокуратура органдарының құзыретіне жататын құжаттар бөлігінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;

      жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды тіркеу; азаматтық хал актілерін тіркеу; әділет органдары мен мекемелері, нотариустар, адвокаттар және сот орындаушылары беретін өтініштер (тапсырмалар) бөлігінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Литва Республикасын Шарттың ережелерін іске асыру бойынша тағайындалған құзыретті органдар, олардың функциялары және байланыс деректері туралы хабардар етсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Об определении компетентных органов по реализации Договора между Республикой Казахстан и Литовской Республикой о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам от 9 августа 1994 года

Указ Президента Республики Казахстан от 27 мая 2024 года № 559.

  Подлежит опубликованию в
Собрании актов Президента и
Правительства Республики
Казахстан

      В соответствии со статьей 4 Договора между Республикой Казахстан и Литовской Республикой о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам от 9 августа 1994 года (далее - Договор) ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Определить компетентными органами по реализации положений Договора:

      Верховный Суд Республики Казахстан в части просьб (поручений), исходящих из судов, ходатайств о признании и исполнении судебных актов по гражданским делам, а также обеспечения исков;

      Генеральную прокуратуру Республики Казахстан в части выполнения процессуальных действий по уголовным делам; пересылки и вручения процессуальных документов, связанных с производством по уголовному делу, а также представления информации о результатах судебного процесса; передачи вещественных доказательств, документов, ценностей, добытых преступным путем; направления материалов дела; предоставления запрашивающей стороне сведений о судимости; розыска и идентификации лиц; проведения оперативно-розыскных мероприятий, требующих санкции прокурора и следственного судьи (суда); выдачи лиц, совершивших преступления, для привлечения их к уголовной ответственности или приведения приговора в исполнение; возбуждения и осуществления уголовного преследования; допроса подозреваемых, обвиняемых, подсудимых, свидетелей, потерпевших, экспертов; ходатайств о признании и исполнении приговоров (решений) судов по уголовным делам, а также документов, относящихся к компетенции органов прокуратуры;

      Министерство юстиции Республики Казахстан в части регистрации прав на недвижимое имущество и юридических лиц; регистрации актов гражданского состояния; просьб (поручений), исходящих из органов и учреждений юстиции, нотариусов, адвокатов и судебных исполнителей.

      2. Министерству иностранных дел Республики Казахстан уведомить Литовскую Республику о назначенных компетентных органах по реализации положений Договора, их функциях и контактных данных.

      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент
Республики Казахстан
К. Токаев