Вильнюсте 1994 жылғы 9 тамызда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шарт және Алматыда 1997 жылғы 7 наурызда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартқа Хаттама бекітілсін.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы ШАРТ
Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы (бұдан әрі "Шарт жасасушы жақтар" деп аталады) Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Шарт принциптерінен шыға отырып, азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету көлеміндегі ынтымақтастықты дамытуға маңызды мән бере отырып,
төмендегілер жөнінде келісті:
БІРІНШІ БӨЛІМ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
I-БАП ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ
1. Шарт жасасушы бір Жақтың азаматтары Шарт жасасушы екінші Жақтың аумағында өздерінің жеке басы мен мүліктік құқықтар жөнінде Шарт жасасушы осы елдің азаматтары пайдаланатын құқықтық қорғаумен пайдаланады.
Бұл, сондай-ақ, Шарт жасасушы бір Жақтың заңына сәйкес құрылған заңды тұлғаларға да қатысты.
2. Шарт жасасушы бір Жақтың азаматтары Шарт жасасушы екінші Жақтың сотына, прокуратурасына, нотариалдық кеңсесіне (бұдан әрі заң мекемелері деп аталады) құзырына азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер жататын басқа да мекемелеріне еркін және еш кедергісіз өтінішпен кіруге, сөз сөйлеуге, іс қозғауға, талап қоюға және сол елдің өз азаматтары жағдайларында басқа да әрекеттерді жасауға құқықты.
2-БАП ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК
1. Шарт жасасушы Жақтардың Заң мекемелері азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша осы Шарттың ережелеріне сәйкес өзара құқықтық көмек көрсетеді.
2. Заң мекемелері 1-тармақта көрсетілген істер құзырына жататын басқа да мекемелерге құқықтық көмек көрсетеді.
3. 1-тармақта көрсетілген істер құзырына жататын басқа мекемелер құқықтық көмек көрсету жайлы өтініштерін заң мекемелері арқылы жібереді.
3-БАП
Құқықтық көмек көрсетудің көлемі сауал қойылған Шарт жасасушы Жақтың заңдарында қарастырылған барлық іс жүргізу әрекеттерінің орындалуын, соның ішінде, екі Жақтан да, айыпкерлер мен сотталушылардан, куәлардан, сарапшылардан жауап алуды, соттық қарау жүргізуді, айғақтық заттарды беруді, қылмыс жасаған адамды беру, іс қозғау және қылмыстық іс жүргізу үлгісін алуды, азаматтық істер бойынша сот шешімдерін мойындау мен орындауды, құжаттарды қолма-қол тапсыру мен жіберуді, екінші Жақтың өтініші бойынша айыпкердің сотталған сотталмағандығы жөнінде мәлімет беруді қамтиды.
4-бап
Байланысу тәртібі
Құқықтық көмек көрсету кезінде Уағдаласушы Тараптардың мекемелері бірі-бірімен орталық органдары арқылы байланысады. Уағдаласушы Тараптар тағайындалған орталық органдары, олардың функциялары мен байланыс деректері туралы бірі-біріне дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.
Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда – ҚР 01.04.2024 № 69-VIII Заңымен.5-БАП ТІЛ
1. Құқықтық көмек көрсету жөніндегі өтініштер сауал қойған Шарт жасасушы Жақтың тілінде жазылады және оларға Шарт жасасушы: екінші Жақтың немесе орыс тіліндегі аудармасының куәландырылған көшірмесі қоса беріледі.
2. Аударманы ресми түрде аудармашы, не нотариус, не сауал қоюшы ұйымның лауазымды адамы, не дипломатиялық өкіл, не сауал қойған Шарт жасасушы Жақтың консулдық мекемесі куәландырады.
6-БАП ҚҰЖАТТАРДЫ ДАЙЫНДАУ
Заң мекемелері және басқа мекемелердің құқықтық көмек көрсету түрінде жіберген құжаттарына қол қойылған және мемлекеттік елтаңба бар мөрмен куәландырылған болуы керек.
7-БАП ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ӨТІНІШ ФОРМАСЫ
1. Құқықтық көмек көрсету жөніндегі өтініштерде мыналар көрсетілуі тиісті:
1. Сауал қоюшы мекеменің аты;
2. Сауал қойылған мекеменің аты;
3. Құқықтық көмек сұралған істің аты;
4. Жақтардың, (аты мен фамилиясы) айыпкерлердің, жаза кесілгендердің, сотталушылардың, жәбірленушілердің аттары мен фамилиялары, олардың азаматтығы, айналысатын жұмысы мен тұрақты мекен-жайы, туған айы, жылы және жері немесе келген жері, заңды тұлғалардың мекен-жайы мен аты;
5. Олардың өкілеттіктерінің фамилиясы мен мекен-жайы;
6. өтініштің мазмұны, ал қылмыстық істер бойынша жасалған қылмыстың негізгі жағдайларының баяндамасы және оның заңды жазалану жолдары жазылады.
8-БАП ОРЫНДАЛУ ТӘРТІБІ
1. Құқықтық көмек жөніндегі өтінішті орындау кезінде өтініш жасалған заң мекемесі өз мемлекетінің заңдарын қолданады.
Дегенмен өтініш жасаған мекеменің тілегі бойынша, ол өтініш жасаған Шарт жасасушы Жақтың іс жүргізу нормасын пайдалана алады.
2. Егер өтініш жасалған заң мекемесі өтінішті орындау құзыреті жетпейтін болса, ол өтінішті орындауға құзыретті заң органына жібереді және ол туралы өтініш жасаған мекемені хабарландырады.
3. Өтініш жіберілген заң мекемесі тиісті өтінішті алған жағдайда, өтініш жіберген мекемеге өтініштің орындалу уақыты мен орны туралы хабарлайды.
4. Өтініш жіберілген мекемеге өтінішті орындап болған соң, өтінішті жіберген мекемеге қайта жібереді; егер құқықтық көмек көрсетіле алынбаса, мекеме өтінішті қайтарады және оны орындауға кедергі болған жағдайлар туралы хабарлайды.
9-БАП ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ TӘРTIБI
1. Сауал қойылған мекеме құжаттарды тапсыруды сол мемлекетте қолданылып жүрген ережелерге сәйкес жүргізеді, егер тапсырылатын құжаттар сол тілде жазылған болса немесе куәландырылған аудармамен қамтамасыз етілген болса. Құжаттар сауал қойылған Шарт жасасушы Жақтың тілінде жазылмаған немесе аудармамен қамтамасыз етілмеген жағдайларда, олар алушыға тапсырылады, егер ол құжаттарды өз еркімен қабылдауға келіссе.
2. Тапсыру туралы өтініште алушының нақты мекен-жайы және тапсырылатын құжаттың аты көрсетілуі керек. Егер тапсыру туралы өтініште көрсетілген мекен-жай толық немесе дәл болмай шықса, сауал қойылған мекеме нақты мекен-жайды анықтау үшін өз заңдарына сәйкес шаралар қолданады.
10-БАП ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТАПСЫРЫЛҒАНДЫҒЫН РАСТАУ
Құжаттардың тапсырылғандығын растау сауал қойылған Шарт жасасушы Жақтың аумағында қолданылатын ережелерге сәйкес құрастырылады. Растауда құжаттың тапсырылған уақыты мен орны, сондай-ақ, құжат тапсырылған адам көрсетілуі керек.
11-БАП ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЬІ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ӨКІЛДІКТЕР НЕМЕСЕ КОНСУЛДЫҚ МЕКЕМЕЛЕР АРҚЫЛЫ ТЕРГЕУ
Шарт жасасушы Жақтар өз азаматтарына құжатты өздерінің дипломатиялық өкілдіктері немесе консулдық мекемелері арқылы тапсыруға және өз азаматтарын өздерінің дипломатиялық өкілдіктері немесе консулдық мекемелері арқылы тергеуге құқығы бар. Бұл жағдайларда ықтиярсыздық түрдегі шаралар қолданылмайды.
12-БАП КУӘ МЕН САРАПШЫНЫ ШЕТ ЕЛГЕ ШАҚЫРУ
1. Егер Шарт жасасушы Жақтардың бірінің аумағында алдын-ала тергеу жүргізу немесе соттық қарау кезінде Шарт жасасушы екінші Жақтың аумағындағы куәнің, жәбірленушінің, азаматтық талап қоюшының және жауапкердің, олардың өкілдерінің немесе сарапшысының өзінің келу қажеттігі болатын болса, онда оларға шақыру қағазын тапсыру туралы сол жақтың тиісті органына сауал қою керек.
2. Шақыру қағазында шақырылған адам келмесе, жазалау шаралары қолданылады деген ескерту жазылмайды.
3. Осы баптың 1-тармағыңда көрсетілген, олардың қай елдің азаматы екендігіне қарамастан, шақыру бойынша Шарт жасасушы екінші Жақтың тиісті органына келген адамдар, осы Жақтың аумағында қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды, тұтқынға алынбайды немесе оның мемлекеттік шекарасынан өткенге дейін жасаған қандай да болмасын әрекетіне байланысты жауапқа тартылмайды.
Мұндай адамдар, сондай-ақ олардың берген айғақтарына байланысты немесе сарапшы ретіндегі қорытындыға, не соттық қараудың тақырыбы болған әрекетіне байланысты қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартылмайды.
4. Егер оның қатысуы қажет емес деп мәлімдеген сәттен бастап, 15 күн ішінде сауал қойылған Шарт жасасушы Жақтың аумағынан кетпеген куә немесе сарапшы бұл жеңілдікті пайдаланбайды. Бұл мерзім ішіне куә немесе сарапшы өз қолдарынан келмейтін жағдайларға байланысты сауал қойылған Шарт жасасушы Жақтың аумағынан кете алмай қалған уақыт есептелмейді.
5. Шарт жасасушы екінші Жақтың аумағына шақыру бойынша келген куәлар мен сарапшылар, оларды шақырған органдар арқылы жол шығынына және шет елге келуіне байланысты қаражаттарды өндіріп алуға, сондай-ақ жұмыстан қол үзген күндері үшін алынбаған еңбек ақысын өндіріп алуға құқықты, сарапшылардың бұдан басқа да сарап жасағаны үшін сыйлық алуға құқығы бар. Шақыру қағазында шақырылған адамдардың ақы төлеудің қай түріне құқықты екендігі көрсетіледі, олардың өтініші бойынша, шақырылған Шарт жасасушы Жақ тиісті шығындарды жабу үшін аванс төлейді.
13-БАП ҚҰЖАТТАРДЫҢ РАСТЫҒЫ
1. Шарт жасасушы жақтың біреуінің аумағында сот немесе ресми адамдардың (тұрақты аудармашы, сарапшы және басқалар) өз құзыретінің деңгейінде және белгіленген формада жасалған немесе расталған және елтаңбалы мөрмен куәландырылған құжаттар Шарт жасасушы екінші жақтың аумағында басқа ешқандай да куәліксіз қабылданады.
2. Шарт жасасушы бір Жақтың аумағында ресми деп қаралатын құжаттар Шарт жасасушы екінші Жақтың аумағында да ресми құжаттардың дәлелді күшін сақтайды.
14-БАП ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫНДАР
1. Өтініш жіберілген Шарт жасасушы Жақ құқықтық көмек көрсетуге жұмсалған шығындарды өтеуді талап етпейді. Шарт жасасушы Жақтар өз аумағында құқықтық көмек көрсету кезінде шыққан барлық шығындарды өздері көтереді.
2. Өтініш жіберілген заң мекемесі өтініш түскен мекемеге шығын сомасын хабарлайды. Егер өтініш түскен мекеме бұл шығынды өтеуге міндетті адамнан өндіріп алса, өндіріп алынған ақша оларды өндіріп алған Шарт жасасушы Жақтың пайдасына түседі.
15-БАП ХАБАРЛАМА БЕРІП ОТЫРУ
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Бас прокуратурасы және Литва Республикасының Әділет министрлігі мен Бас прокуроры өтініш бойынша олардың мемлекетінде қолданылып жүрген немесе қолданылған заңдары мен заң мекемелерінде олардың қолданылу мәселелері туралы бір-біріне хабарлама беріп отырады.
16–БАП ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАНУ
Шарт жасасушы бір Жақтың адамына Шарт жасасушы екінші Жақтың соттарында және басқа мекемелерінде сол елдің өз азаматтары негіздерінде тегін құқықтық көмек көрсетіледі және тегін сот ісін жүргізумен қамтамасыз етіледі.
17-БАП АЗАМАТТЫҚ ХАЛ ТУРАЛЫ КУӘЛІКТЕРДІ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚҰЖАТТАРДЫ ЖІБЕРУ
Шарт жасасушы Жақтар өтініш бойынша дипломатиялық тәртіпте азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлік пен Шарт жасасушы екінші Жақтың азаматтарының жеке құқықтары мен мүліктік мүдделеріне қатысты басқа да құжаттарды (білімі туралы, қызметі туралы т.б.) .бір-біріне ақша аударымынсыз және тегін жіберіп отыруға міндеттенеді.
18-БАП ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУДЕН БАС ТАРТУ
Егер құқықтық көмек көрсету сауал қойылған Шарт жасасушы Жақтың егемендігіне залал келтіретін болса, не олардың заңдарына қайшы келетін болса, құқықтық көмек көрсетілмейді.
ЕКІНШІ БӨЛІМ АРНАУЛЫ ЕРЕЖЕЛЕР
I-ТАРАУ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
19-БАП СОТ ШЫҒЫНДАРЫНАН БОСАТУ
Шарт жасасушы бір Жақтың азаматтарына Шарт жасасушы екінші Жақтың аумағында сол мемлекеттің азаматтары сияқты, сол негізде және сол көлемде сот шығындарын төлеуден босату беріледі.
20-БАП ЖЕКЕ БАСЫ, ОТБАСЫЛЫҚ ЖӘHE МҮЛІКТІК ЖАҒДАЙЛАРЫ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТАР БЕРУ
1. Сот шығындарын төлеуден босатуға рұқсат алуға қажетті жеке басы, отбасы және мүліктік жағдайлары жөніндегі құжатты аумағында шағым етуші - тұрғылықты мекен-жайы немесе келген жері бас Шарт жасасушы Жақтың құзыретті органы береді.
2. Егер Шарт жасасушы Жақтың аумағында шағым етушінің тұрғылықты мекен-жайы немесе келген жері болмаса, онда оның мемлекетіндегі дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме берген немесе куәландырған құжаты жеткілікті.
3. Сот шығындарын төлеуден босату туралы өтініш бойынша шешім шығарушы сот, құжатты берген органға қосымша түсініктеме беру туралы сауал қояды.
21-БАП СОТТАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ
1. Егер осы Шарт басқадай тәртіп белгілемесе, Шарт жасасушы әр Жақтың соты, егер оның аумағында жауапкердің тұрғылықты мекен-жайы болса, азаматтық және отбасылық істерін қарауға құзыретті. Заңды тұлғаларға жасалған талап бойынша оларға құзыретті, егер осы Жақтың аумағында заңды тұлғаның басқару органы, өкілдігі немесе филиалы болса.
2. Шарт жасасушы Жақтардың соттары және басқа жағдайларда іс қарайды, егер ол туралы екі жақтың жазбаша келісімі болса. Мұндай келісім болған жағдайда сот жауапкердің өтініші бойынша іс жүргізуді тоқтатады, егер мұндай өтініш қойылған талап мәселесі бойынша қарсы пікір жасалған болса.
Соттардың ерекше құзыреттілігін екі жақтың келісімі өзгертпейді.
3. Сол екі жақтың арасындағы іс бойынша, Шарт жасасушы екі Жақтың құзыретті соттарындағы бір мәселе туралы және сол негізде сот ісі қозғалған болса, осы Шартқа сәйкес. істі кейінірек қозғаған сот ісін тоқтатады.
22-БАП ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІК ЖӘНЕ ӘРЕКЕТ ҚАБЫЛЕТТІГІ
1. Адамның әрекет қабілеттілігін ол қай Жақтың азаматы болып табылса, Шарт жасасушы сол Жақтың заңдары анықтайды.
2. Заңды тұлғаның құқықтық мәртебесін, ол қай аумақта құрылса, Шарт жасасушы сол Жақтың заңы анықтайды.
23-БАП ӘРЕКЕТ ҚАБЫЛЕТТІЛІГІНЕН АЙЫРУ
1. Әрекет қабілеттілігінен айырған жағдайда әрекет қабілеті жоқ деп танылатын адам қай елдің азаматы болса, Шарт жасасушы сол Жақтың заңы қолданылады.
2. Егер Шарт жасасушы бір Жақтың мекемесі тұрғылықты мекен-жайы мен келген жері Шарт жасасушы екінші Жақтың аумағындағы Шарт жасасушы осы Жақтың азаматын әрекет қабілеттілігінен айыруға негіздер бар деп тапса, онда Шарт жасасушы екінші Жақтың мекемесіне бұл туралы хабар береді. Егер осындай жолмен хабарланған мекеме аталған адамның тұрғылықты мекен-жайындағы немесе келген жеріндегі мекемеге әрекеттерін одан әрі орындауға құқық беретінін мәлімдесе, не үш ай мерзім ішінде пікір айтпаса, онда бұл адамның тұрғылықты мекен-жайындағы немесе келген жеріндегі мекеме оны өз әрекет қабілеттілігінен айыру туралы істі өз мемлекетінің заңдарына сәйкес жүргізеді, егер бұл адам азаматы болып саналатын Шарт жасасушы сол Жақтың заңдарында да әрекет қабілеттілігінен айырудың себептері қаралатын болса, әрекет қабілеттілігінен айыру туралы шешім Шарт жасасушы екінші Жақтың тиісті мекемесіне жіберілуі тиіс.
3. Осы баптағы 1 және 2-тармақтардың ережелері әрекет қабілеттілігінен айыруды жояр кезде де қолданылады.
4. Кезек күттіруге төзбейтін жағдайларда әрекет қабілеттілігінен айыруға жататын және Шарт жасасушы екінші Жақтың азаматы болып табылатын адамның тұрғылықты мекен-жайындағы немесе келген жеріндегі мекеме бұл адамды немесе оның мүлкін қорғауға қажетті шараларды өзі қолдана алады. Осы шараларға байланысты қабылданған Өкімдер сол адам азаматы болып табылатын Шарт жасасушы Жақтың тиісті мекемесіне жіберілуге тиісті, егер Шарт жасасушы бұл мәселені басқаша қойса, бұл Өкім жойылуға жатады.
24-БАП ХАБАРСЫЗ-ОШАРСЫЗ КЕТТІ ДЕП ТАНУ, ҚАЙТЫС БОЛҒАНДЫҒЫН ХАБАРЛАУ ЖӘНЕ ҚАЙТЫС БОЛУ ФАКТІСІН АНЫҚТАУ
1. Хабарсыз-ошарсыз кетті деп тану туралы және қайтыс болды деп хабарлау немесе қайтыс болу фактісін анықтау жөніндегі істер бойынша адам соңғы мәліметтер бойынша тірі кезінде азаматы болған Шарт жасасушы сол Жақтың мекемелері құзыретті.
2. Шарт жасасушы бір Жақтың мекемелері Шарт жасасушы екінші Жақтың азаматын оның аумағында тұратын адамдардың өтініші бойынша хабар-ошарсыз кетті немесе қайтыс болды деп таниды, сондай-ақ оның қайтыс болу фактісін анықтайды, егер олардың құқықтары мен мүдделері Шарт жасасушы осы Жақтың заңына негізделсе.
Осы баптың 1 және 2-тармақтарында қарастырылған жағдайларда Шарт жасасушы Жақтардың мекемелері өз мемлекетінің заңын қолданады.
25-БАП НЕКЕГЕ ОТЫРУ (ТҰРУ)
1. Некеге отыру (тұру) шарттарын некеге отырушы (тұрушы) адамдардың әрқайсысы үшін азаматы болып табылатын Шарт жасасушы Жақтың заңы белгілейді. Бұдан басқа, аумағында неке қиылып жатқан Шарт жасасушы Жақтың неке қиылуға кедергі жасамау жөніндегі заң талаптары сақталуы қажет.
2. Некеге отыру (тұру) түрін аумағында неке қиылып жатқан Шарт жасасушы Жақтың заңы белгілейді.
26-БАП ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ЖӘНЕ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
1. Ерлі-зайыптылардың жеке және құқық қатынастарын олардың Шарт жасасушы қай Жақтың аумағында тұрғылықты мекен-жайы болса, сол Жақтың заңы белгілейді.
2. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі Шарт жасасушы бір Жақтың аумағында, екіншісі Шарт жасасушы екінші Жақтың аумағында тұратын болса және сонымен бірге ерлі-зайыптылардың екеуінің де азаматтығы бірдей болса, олардың жеке және мүліктік құқық қатынастарын олар азаматы болып саналатын Шарт жасасушы Жақтың заңы белгілейді.
3. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі Шарт жасасушы бір Жақтың ал екіншісі Шарт жасасушы екінші Жақтың азаматы болатын болса, және олардың біреуі Шарт жасасушы бір Жақтың аумағында, ал екіншісі - екінші жақтың аумағында тұратын болса, олардың жеке және мүліктік құқық қатынастарын соңғы тұрақты тұрғылықты мекен-жайы қай аумақта болса, Шарт жасасушы сол Жақтың заңы белгілейді.
4. Егер осы баптың 3-тармағында көрсетілген адамдардың Шарт жасасушы Жақтардың аумағында тұрақты тұрғылықты мекен-жайы болмаған болса, Шарт жасасушы қай Жақтың мекемесі істі қараса, сол Жақтың заңы қолданылады.
27-БАП НЕКЕНІ БҰЗУ ЖӘНЕ НЕКЕНІ ЖАРАМСЫЗ ДЕП ТАНУ
1. Некені бұзу туралы істерде, өтініш берген сәтте ерлі-зайыптылар Шарт жасасушы қай Жақтың азаматы болса, сол Жақтың заңы қолданылады. Егер ерлі-зайыптылардың Шарт жасасушы екінші Жақтың аумағында тұрғылықты мекен-жайы болатын болса, Шарт жасасушы осы Жақтың мекемесі де құзыретті.
2. Егер некені бұзу туралы өтініш берген сәтте ерлі-зайыптылардың біреуі Шарт жасасушы бір жақтың азаматы, ал екіншісі Шарт жасасушы екінші Жақтың азаматы болса және олардың біреуі Шарт жасасушы бір Жақтың аумағында, ал екіншісі - екіншісінің аумағында тұратын болса, Шарт жасасушы екі Жақтың мекемесі де құзыретті. Бұл жағдайда олар өз мемлекетінің заңын қолданады.
3. Некені жарамсыз деп тану туралы істерде некеге отырған (тұрған) кезде қолданылған 25-бапқа сәйкес, Шарт жасасушы Жақтың заңы қолданылады.
АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР 28-БАП
Әкелікті анықтау мен даулау және баланың осы некеден туғандығы туралы істер бала туғанда Шарт жасасушы қай Жақтың азаматы болса, сол Жақтың заңына сәйкес шешіледі.
29-БАП
1. Ата-аналар мен балалардың арасындағы құқықтық қатынастарды Шарт жасасушы қай Жақтың аумағында олардың тұрғылықты мекен-жайы болса, сол Жақтың заңы белгілейді.
2. Егер ата-аналардың біреуінің және балалардың тұрғылықты мекен-жайы Шарт жасасушы екінші Жақтың аумағында болса, онда олардың құқықтық қатынастарын бала азаматы болып саналатын Шарт жасасушы Жақтың заңы белгілейді.
30-БАП
Некеден тыс туған бала мен оның анасының және әкесінің арасындағы құқықтық қатынастарды бала азаматы болып табылатын Шарт жасасушы Жақтың заңы белгілейді.
31-БАП
28-30-баптарда көрсетілген құқықтық қатынастар бойынша шешімдер шығаруға осы жағдайларда заңдары қолданылатын Шарт жасасушы Жақтың соттары құзыретті.
Егер талап қоюшы мен жауапкер Шарт жасасушы бір Жақтың аумағында тұратын болса, онда 28-30-баптардың ережелерін сақтай отырып, олардың арасындағы құқықтық қатынастар бойынша шешім шығаруға Шарт жасасушы осы Жақтың соттары да құзыретті.
БАЛА АСЫРАП АЛУ 32-БАП
1. Баланы асырап алған кезде асырап алынатын бала азаматы болып табылатын Шарт жасасушы Жақтың заңы қолданылады.
2. Егер бала асырап алушы жұбайлардың біреуі Шарт жасасушы бip Жақтың, ал екіншісі - екінші Жақтың азаматы болса, баланы асырап алу Шарт жасасушы екі Жақтың аумағында қолданылып жүрген заң талаптарына жауап беруге тиісті.
3. Егер бала Шарт жасасушы бір Жақтың азаматы, ал бала асыpaп алушы - екінші Жақтың азаматы болса, онда баланы асырап алу немесе қайтару кезінде баланың келісімін алу керек, егер оны бала азаматы болып саналатын Шарт жасасушы Жақтың заңы, оның заңды өкілі мен Шарт жасасушы осы Жақтың компетентті мемлекеттік органы талап етсе.
33-БАП
1. Бала асырап алу туралы шешім шығаруға асырап алынатын бала азаматы болып табылатын Шарт жасасушы Жақтың мекемесі құзыретті, ал 32-баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайда, Шарт жасасушы Жақтың аумағында ерлі-зайыптылардың бірге тұрған соңғы тұрғылықты мекен-жайы немесе келген жері не болған мекемесі құзыретті.
ҚОРҒАНШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ 34-БАП
1. Шарт жасасушы Жақтың азаматын қорғаншылыққа және қамқоршылыққа алу туралы шешім шығаруға, егер Шартта басқа ешкім қарастырылмаса, қорғаншылыққа алынған адам немесе қамқоршылықтағы адам азаматы болып табылатын Шарт жасасушы Жақтың қорғаншылық пен қамқоршылық жөніндегі органы құзыретті. Мұндай жағдайда Шарт жасасушы осы Жақтың заңдары қолданылады.
2. Қорғаншылар мен қамқоршылардың және қорғаншылық пен қамқоршылықта тұрған адамның арасындағы құқықтық қатынастарды қорғаншы органы қорғаншы немесе қамқоршы тағайындаған Шарт жасасушы Жақтың заңдары белгілейді.
35-БАП
1. Егер қорғаншылық пен қамқоршылық жөніндегі шаралар тұрғылықты мекен-жайы немесе келген жері, я мүлкі Шарт жасасушы екінші Жақтың аумағындағы қорғаншылыққа алынушы адамның немесе қамқоршылықтағы адамның мүддесі үшін қажет болса, онда Шарт жасасушы осы Жақтың қорғаншылық немесе қамқоршылық органы 34-баптың 1-тармағына сәйкес Шарт жасасушы Жақтың құзыретті қорғаншылық органына дереу хабарлауы тиіс.
2. Кезек күттірмейтін жағдайларда Шарт жасасушы Жақтың қорғаншылық пен қамқоршылық органы өзі қажетті шара қолданады, бірақ ол алдын-ала қолданылған шаралар туралы 34-баптың 1-тармағына сәйкес қорғаншылық пен қамқоршылық құзыретті органдарына дереу хабарлауы тиіс. Егер орган басқа шешім қабылдамаса, қолданылған шаралар күшін сақтайды.
36-БАП
1. Қорғаншылық пен қамқоршылық органы қорғаншылық пен қамқоршылықты 34-баптың 1-тармағына сәйкес Шарт жасасушы екінші Жақтың тиісті қорғаншылық пен қамқоршылық органдарына беруге құқықты, егер қорғашлыққа алынған немесе қамқоршылықтағы адамның тұрғылықты мекен-жайы немесе келген жері, не мүлкі осы мемлекетте болса. Егер сауал қойылған орган қорғаншылық пен қамқоршылықты қабылдауға келісім берген және ол туралы сауал қойған органға хабар берілген жағдайда ғана беруге болады.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қорғаншылық пен қамқоршылықты қабылдаған орган оларды өз мемлекетінің заңдарына сәйкес жүргізеді. Бірақ ол қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықта тұрған адамның жеке мәртебесіне қатысты мәселелер бойынша шешім шығаруға құқықты емес, бірақ бұл адам азаматы болып табылатын Шарт жасасушы Жақтың заңдары бойынша некеге тұруға қажетті рұқсат береді.
МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
37-БАП МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
1. Қозғалмайтын мүліктерге меншік құқығы аумағында мүлік тұрған Шарт жасасушы Жақтың заңдары бойынша анықталады.
2. Мемлекеттік тізімге енгізілуге жататын көліктерге меншік құқығын көлікті тіркеу жүргізген орган аумағында тұрған Шарт жасасушы Жақтың заңдары белгілейді.
3. Меншік құқығының пайда болуы мен тоқтатылуы немесе басқа мүлікке заттық құқық мұндай құқықтың пайда болуына немесе тоқтатылуына негіз болған әрекет немесе басқа жағдай туған сәттегі мүлік тұрған Жақтың заңы белгілейді. Меншік құқығының пайда болуы мен тоқтатылуы немесе келісім тақырыбы болып табылған мүлікке басқа да заттық құқық, егер келісімде басқа жағдай қарастырылмаса, келісім жасалған жердің заңдары бойынша белгіленеді.
38-БАП КЕЛІСІМ ТҮРІ
1. Келісім түрін ол жасалған жердің заңы белгілейді.
2. Қозғалмайтын заттар жөніндегі келісім түрін және оған құқықты мұндай мүлік аумағында тұрған Шарт жасасушы Жақтың заңы белгілейді.
39-БАП ЗИЯННЫҢ ОРНЫН ТОЛТЫРУ
1. Шарттардан және басқа заңды әрекеттерден туындайтын зияннан басқа зиянның орнын толтыру туралы міндеттемелерді аумағында зиянның орнын толтыру жөніндегі талап қою үшін негіз болған әрекет немесе жағдай болған Шарт жасасушы Жақтың заңы белгілейді.
2. Егер зиян келтіруші мен зәбірленуші Шарт жасасушы бір Жақтың азаматтары болса, сотына арыз берілген Шарт жасасушы Жақтың заңы қолданылады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында айтылған істер бойынша шешім шығаруға аумағында зиянның орнын толтыру туралы талап қою үшін негіз болған әрекет пен басқа жағдай болған Шарт жасасушы Жақтың соты құзыретті. Зәбірленуші, сондай-ақ аумағында жауапкердің тұрғылықты мекен-жайы бар Шарт жасасушы Жақтың сотына талап қоя алады.
МҰРАГЕРЛІК
40-БАП МҰРАГЕРЛІК ҚҰҚЫҚТАРЫНДАҒЫ ТЕҢДІК ПРИНЦИПІ
Шарт жасасушы бір Жақтың азаматтары мүлікке өсиет жазып қалдыру немесе бұзу қабілеттілігі жағынан немесе сол жақта жүзеге асырылған құқық жағынан, сондай-ақ мұрагерлік бойынша мүлкін алу қабілеттілігіне құқығы жағынан Шарт жасасушы екінші Жақтың аумағында тұратын азаматтардың құқықтарына теңестіріледі. Мүлік немесе құқық оларға Шарт жасасушы Жақтың аумағында тұратын сол елдің өз азаматтарына белгіленген жағдайларда ауысады.
41-БАП МҰРАГЕРЛІК ҚҰҚЫҒЫ
1. Қозғалмалы мүлікке мұрагерлік құқығын мұрагерлік етушінің тұрғылықты мекен-жайы соңғы рет аумағында болған Шарт жасасушы Жақтың заңдары реттестіреді.
2. Қозғалмалы мүлікке мұрагерлік құқығын мүлік аумағында тұрған Шарт жасасушы Жақтың заңдары реттестіреді.
42-БАП ИЕСІЗ ҚАЛҒАН ДҮНИЕ
Егер Шарт жасасушы Жақтардың заңдары бойынша мұралық мүліктер иесіз қалған ретінде (заң бойынша мемлекет иелік етуші) мемлекет меншігіне ауысатын болса, онда қозғалмалы дүние мұрагерлік етуші қайтыс болар сәтте азаматы болған мемлекетке беріледі, ал қозғалмайтын дүниелер аумағында тұрған мемлекеттің меншігіне беріледі.
43-БАП ӨСИЕТ ТҮРІ
Өсиет түрін мұра қалдырушы өсиет жасалған сәтте азаматы болған Шарт жасасушы Жақтың заңдары белгілейді. Бірақ, өсиет аумағында жасалған Шарт жасасушы Жақтың заңдары сақталуы жеткілікті. Бұл жағдай өсиетті жояр кезде де қолданылады.
44-БАП МҰРАГЕРЛІК ТУРАЛЫ IСТЕР БОЙЫНША ІC ЖҮРГІЗУ
1. Қозғалмалы мүліктерге, осы баптың 2-тармағында қарастырылғаннан басқа, мұрагер болу туралы істер бойынша істі аумағында мұрагердің соңғы тұрғылықты мекен-жайы болған Шарт жасасушы Жақтың мекемелері жүргізеді.
2. Егер барлық қозғалмайтын мұралық дүниелер мұрагердің соңғы тұрақты тұрғылықты мекен-жайы болмаған Шарт жасасушы Жақтың аумағында тұрған болса, онда мұрагердің немесе мұрагерліктен бас тартушының өтініші бойынша, егер мұнымен барлық мұрагерлер келіссе, мұрагерлік туралы істер бойынша істі Шарт жасасушы осы Жақтың мекемелері жүргізеді.
3. Қозғалмалы мүліктерге мұрагер болу туралы істер бойынша істі мүлік аумағында тұрған Шарт жасасушы Жақтың мекемелері жүргізеді.
4. Осы баптың ережелері мұрагерлік туралы істер бойынша дауға сәйкес те қолданылады.
45-БАП МҰРАГЕРЛІКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР
1. Шарт жасасушы бір Жақтың органдары өз заңдарына сәйкес, өз аумағында тұрған, Шарт жасасушы екінші Жақтың азаматы қалдырған мұралық дүниені қорғау қажетті шараларды қолданады.
2. Мұрагерлікті қорғау жөніндегі шара қолдануға жауапты органдар, Шарт жасасушы екінші Жақтың азаматы қайтыс болғаннан кейін Шарт жасасушы осы Жақтың консулдық мекемесіне мұра қалдырушының өлімі туралы және мұрагерлікке құқығы барлығын білдірген адамдар туралы, мұрагерлікке құқығы бар адамдарға қатысты өздеріне белгілі жағдайлар туралы және олардың келген жері туралы, өсиет қағаздың барлығы туралы, мұралық дүниенің мөлшері мен бағасы туралы, сондай-ақ мұралық дүниені қорғау жөнінде қандай шаралар қолданылғандығы туралы дереу хабарлауға міндетті.
3. Дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің талабы бойынша оған қайтыс болған адамның мұралық қозғалмалы дүниесі мен құжаттары беріледі.
сулдық мекемесі мұрагерлік мәселелері бойынша Шарт жасасушы екінші Жақтың азаматтарының мүддесін Шарт жасасушы келесі Жақтың органдары алдына ерекше сенім қағазынсыз қоюға құқықты, егер бұл азаматтардың жоқтығынан немесе басқа да себептермен өз құқықтары мен мүдделерін дер кезінде қорғай алмайтын болса және өкілеттік тағайындалмаса.
47-БАП
Егер Шарт жасасушы бір Жақтың азаматы тұрақты тұрғылықты мекен-жайы болмаған Шарт жасасушы екінші Жақтың аумағында жүрген кезде қайтыс болса, онда болған ақша, заттар ешқандай кедергісіз қайтыс болған адам азаматы болған Шарт жасасушы Жақтың дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдық мекемесіне береді.
48–БАП МҰРАГЕРЛІКТІ БЕРУ
1. Егер қозғалмалы мұралық мүлік немесе қозғалымсыз және қозғалмалы мұралық дүниені сатқаннан түскен ақшалай қаржы, мұрагерлік іс біткеннен кейін тұрғылықты мекен-жайы немесе келген жері Шарт жасасушы екінші Жақтың аумағындағы мұрагерлерге берілуге жататын болса, онда мұралық дүние немесе сатудан түскен ақшалай қаржы Шарт жасасушы осы Жақтың дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдық мекемесіне беріледі.
2. Мұрагерлік туралы істер жөнінде құзырлы мекеме мұралық дүниені дипломатиялық немесе консулдық мекемеге беру туралы өкім береді.
3. Бұл дүние мұрагерлерге беріледі, егер:
1) мұра қалдырушының кредиторларының дер кезінде қойған, .мұралық мүлік тұрған Шарт жасасушы Жақтың заңдарымен белгіленген барлық талаптары төленген немесе қамтамасыз етілген болса;
2) мұралық етуге байланысты барлық ақша жиыны төленген немесе қамтамасыз етілген болса;
3) егер бұл қажет болса, мұралық дүниені алып кетуге құзырлы мекемелер рұқсат берген болса;
4) ақшалай қаржыны аудару Шарт жасасушы Жақтың аумағында қолданылатын заңдарға сәйкес жүргізіледі.
ШЕШІМДЕРДІ МОЙЫНДАУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ
49-БАП Азаматтық және отбасылық істер бойынша, сондай-ақ қылмыстық істер, соған қоса зиянның орнын толтыру бойынша шешімдерді мойындау және орындау
Шарт жасасушы Жақтар заң мекемелерінің азаматтық және отбасылық істері, сондай-ақ оған қоса қылмыстық жолмен келтірілген зиянның орнын толтыру бойынша заңды күшіне енген үкімдерді өзара мойындайды және орындайды.
Шарт жасасушы Жақтарды. аумақтарында қорғаншылық пен қамқоршылық органдарының, АХАЖ органдары мен басқа да мекемелердің мәні жөнінен орындауды талап етпейтін басқа да мекемелердің шешімдерін арнайы іс жүргізусіз-ақ мойындайды.
ШЕШІМДЕРДІ ОРЫНДАУҒА РҰҚСАТ СҰРАУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУ 50-БАП
1. Шешімдерді орындауға рұқсат сұрау туралы өтініштерді қарауға орындау аумағында жүзеге асырылуға тиісті Шарт жасасушы Жақтың соттары құзыретті.
2. Орындауға рұқсат сұрау туралы өтініш іс бойынша бірінші инстанцияда шешім шығарған сотқа беріледі. Іс бойынша бірінші инстанцияда шешім шығарған сотқа берілген өтініш сол өтініш бойынша шешім шығарушы құзыретті сотқа жолданады.
3. Өтініштің реквизиттерін орындау аумағында жүзеге асырылуға тиісті Шарт жасасушы Жақтың заңдары белгілейді.
4. Өтінішке осы Шарттағы 5-баптың 2-тармағына сәйкес куәландырылған аудармасы қоса беріледі.
51-БАП
Орындауға рұқсат сұрау туралы өтінішке мыналар қоса берілуі қажет:
1) Шешімнің сот куәландырған көшірмесі;
2) Шешімнің заңды күшіне енгендігі туралы ресми құжат, егер бұл шешімнің өз тексінен шықпаса;
3) процеске қатыспаған жауапкерге ең кемі бір рет уақытында және тиісті түрде сотқа шақыру туралы шақыру қағаз тапсырылғандығын білдіретін құжат;
4) осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген құжаттардың куәландырылған аудармасы.
52-БАП
Егер орындауға рұқсат берген кезде сотта күмән туған болса, ол орындауға рұқсат сұрау туралы өтініш қозғаған адамнан түсініктеме, сондай-ақ борышқордан өтініштің мәні-мазмұны жөнінде сұрай алады және қажет болған жағдайда шешімді шығарған соттан түсінік беруін талап ете алады.
ШЕШІМДІ ШЫҒАРУДЫҢ ТӘРТІБІ
53-БАП
Орындау тәртібі аумағында орындау жүзеге асырылуға тиісті Шарт жасасушы Жақтың заңдарымен реттестіріледі.
54-БАІІ
Орындауға байланысты шыққан сот шығындарына шешім аумағында орындалуға тиісті Шарт жасасушы Жақтың заңдары қолданылады.
55-БАП СОТ ШЕШІМДЕРІН МОЙЫНДАУДАН ЖӘНЕ ОРЫНДАУДАН БАС ТАРТУ
Сот шешімдерін мойындаудан немесе орындауға рұқсат беруден мынадай жағдайларда бас тартылуы мүмкін;
1) егер өтінішті қозғаған адам немесе жауапкер іске байланысты процеске оған, не ол өкілеттік берген адамға сотқа шақыру қағазы дер кезінде және тиісті тәртіпте тапсырылмауы салдарынан қатыспаған болса;
2) егер бір құқықтық дау бойынша, сол екі жақ арасында Шарт жасасушы Жақтың шешім мойындалуға және орындалуға тиісті аумағында заңды күшіне енген шешім бұрын шығарылған болса, немесе егер Шарт жасасушы осы Жақтың мекемесі осы іс бойынша бұрын іс жүргізуді қозғаған болса;
3) егер осы Шарттың ережелеріне сәйкес осы Шартта қарастырылмаған жағдайларда, аумағында шешім мойындалуға және орындалуға тиісті Шарт жасасушы Жақтың заңдарына сәйкес іс оның мекемелерінің құзырына жататын болса:
56-БАП
Осы Шарттың 49-55 баптарындағы сот шешімдері туралы ережелері сот бекіткен әлемдік келісімдерге де қолданылады.
57-БАП ЗАТТАРДЫ АЛЫП ШЫҒУ ЖӘНЕ АҚША АУДАРУ
Осы Шарттың шешімдерді орындау туралы ережелері Шарт жасасушы Жақтың орындау нәтижесінде алынған ақша аудару және заттарды алып шығу заңдарына кедергі жасалмайды.
ІІ-БӨЛІМ ҚЫЛМЫСТЫҚ IСTEP БОЙЫНША ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК ҚЫЛМЫСТЫҚ ТЕРГЕУ ЖҮРГІЗУ
58-БАП ҚЫЛМЫСТЫҚ ТЕРГЕУ ҚОЗҒАУДЫҢ МІНДЕТІ
1. Шарт жасасушы әр Жақ Шарт жасасушы бір Жақтың өтініші бойынша Шарт жасасушы басқа Жақтың аумағында қылмыс жасады деп күмән тудырған өз азаматтарына қатысты қылмыстық тергеуді өз заңдарына сәйкес қозғайды немесе қабылдайды.
2. Шарт жасасушы бір Жақтың заңдарына сәйкес қылмыстық тергеу жүргізу туралы оның құзырлы мекемесіне жәбірленушінің тиісті мерзімде берген арызы, Шарт жасасушы екінші Жақтың аумағында да қолданылады.
59-БАП ҚЫЛМЫСТЫҚ ТЕРГЕУ ІСІН ҚОЗҒАУ НЕМЕСЕ ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ
1. Қылмыстық тергеу ісін қозғау немесе қабылдау туралы өтініш жазбаша түрде құрастырылуы тиіс және мынадай мазмұнда болуы керек:
1. сауал қоюшы мекеменің аты;
2. қылмыстық тергеу ісін қозғау немесе қабылдау туралы өтініш жасауға мәжбүр еткен қылмыстық әрекеттің түрі;
3. қылмыстың жасалған уақыты мен орнын дәлірек көрсету;
4. соның негізінде әрекет қылмыс деп табылатын сауал қоюшы Шарт жасасушы Жақтың заңының тексі;
5. күдікті адамның фамилиясы мен аты, оның азаматтығы туралы, тұрған жері немесе келген жері туралы мәлімет пен оның жеке басы туралы, сондай-ақ, мүмкіндігінше, бұл адамның сыртқы пішінін бейнелеп жазу, оның суреті мен саусақтарының ізі;
6. қылмыстық іс бойынша, зәбірленушінің арызы бойынша қозғалған қылмыстық іс және егер ол болса, материалдық шығынның орнын толтыру туралы жәбірленушінің арызы;
7. келтірілген материалдық зиянның мөлшері туралы қолда бар мәлімет, өтініште сауал қоюшы Шарт жасасушы Жақтың өкіміндегі алдын-ала жүргізілген тергеу мен айғақтық материалдар қоса тіркеледі. Қылмыс құрамы болып табылатын заттарды немесе қолда бар қылмыстық іздерді берген кезде, немесе қылмыстық жолмен тапқан басқа да заттарды берген кезде 72-баптың 3-тармағындағы ережені ескеру керек.
2. Егер адам қылмыстық тергеу қозғау немесе қабылдау туралы өтініш жіберілген сәтте мұндай тергеу қозғау туралы өтініш жіберіп отырған Шарт жасасушы Жақтың аумағында 58-баптың 1-тармағына сәйкес қамауда отырған болса, ол Шарт жасасушы екінші Жақтың аумағына алып келінеді. Басқа Жақтың аумағында қамауда отырған адамды екінші жаққа жеткізуге істің тергелу барысын қадағалаушы лауазымды адам рұқсат етеді. Мұндай адамды ұстап беру осы Шарттың 70-бабындағы 1-тармаққа сәйкес жүзеге асырылады.
ҰСТАП БЕРУ
60-БАП ҰСТАП БЕРУГЕ СОҚТЫРАТЫН ҚЫЛМЫСТАР
1. Шарт жасасушы Жақтар осы Шарттың ережелеріне сәйкес қылмыстық жауапқа тарту үшін немесе үкімді орындау үшін олардың аумағында тұрған адамды өтініш бойынша бір-біріне ұстап беруге міндеттенеді.
2. Ұстап беру Шарт жасасушы екі Жақтың заңдарына сәйкес қылмыс болып табылатын әрекеттері үшін және жасалған қылмысы үшін бір жылдан жоғары бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе бұдан да ауыр жаза қарастырылғанда ұстап беру жүргізіледі. Үкімді орындау үшін ұстап беру 6 айдан жоғары мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім кесілген немесе бұдан да ауыр жаза кесілген жағдайда ұстап беру жүргізіледі.
61-БАП ҰСТАП БЕРУДЕН БАС ТАРТУ
Ұстап беруге жол жоқ, егер:
1) ұстап беру туралы өтініш жіберілген адам сауал қойылған Шарт жасасушы Жақтың азаматы болса немесе осы мемлекеттен баспана құқығы берілген азамат болса;
2) қылмыстың тергеу ісі Шарт жасасушы екі Жақтың заңдарына сәйкес тек жәбірленушінің шағымы бойынша қозғалатын болса;
3) өтініш алынған сәтте сауал қойылған Шарт жасасушы Жақтың заңдарына сәйкес өтініш алынған сәтте мерзімінің әлдеқашан өтіп кетуі салдарынан немесе басқа да заңды негіздер бойынша қылмыстық тергеу ісі қозғалмайтын болса немесе үкім орындалмайтын болса;
4) ұстап берілуі туралы өтініш жіберілген адамға сауал қойылған Шарт жасасушы Жақтың аумағында жасаған осы қылмысы үшін үкім шығарылған болса немесе іс бойынша тергеуді тоқтату туралы заңды күшіне енген қаулы шығарылған болса;
Ұстап беруден бас тартылады, егер ұстап беру туралы өтініш жасалған қылмыс сауал қойылған Шарт жасасушы Жақтың аумағында жасалса;
Ұстап беруден бас тартқанда сауал қойылған Жақ, сауал қоюшы Жаққа бас тартудың себептерін хабарлайды.
62-БАП ҰСТАП БЕРУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ
Егер ұстап берілуі туралы өтініш жіберілген адам сауал қойылған Шарт жасасушы Жақтың аумағында қылмыстық жауапқа тартылған болса, немесе басқа қылмысы үшін жазасын өтеп жүрсе, қылмыстық тергеу, жазасын өтеу біткенше, немесе кез-келген заңды негізде босатылғанша ол адамды ұстап беру кейінге қалдырылады.
Кейінге қалдыру баспана құқығын беру туралы мәселе қаралып жатқан адамға да беріледі.
63-БАП УАҚЫТША ҰСТАП БЕРУ
Егер, 62-бапта қарастырылған ұстап беруді кейінге қалдыру қылмыстық тергеу мерзімінің өтіп кетуіне соқтыратын болса, немесе қылмыстық тексеруді айтарлықтай қиындататын болса, тергеу ісін жүргізу үшін ұстап берілген адам, іс жүргізу әрекеттері біткеннен соң, ұстап берілген күннен бастап үш айдан кешіктірмей дереу қайтарылатын жағдайда, дәлелді өтініш бойынша уақытша беріледі.
64-БАП БІРНЕШЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨТІНІШІ БОЙЫНША ҰСТАП БЕРУ
Егер сол бір ғана адамды ұстап беру туралы өтініш бірнеше мемлекеттен алынған болса, онда олардың қайсысын қанағаттандыруға жататындығы туралы мәселені жасалған қылмыстың ауыр-жеңілдігін ескере отырып, сауал қойылған Шарт жасасушы Жақ шешеді.
65-БАП ҰСТАП БЕРІЛГЕН АДАМДЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ТЕКСЕРУДІҢ ШЕГІ
1. Ұстап берілген адам сауал қойылған Шарт жасасушы Жақтың келісімінсіз қылмыстық жауапқа немесе ұстап беруге негіз болғаннан басқа жасаған қылмысына байланысты жазаға тартылмайды.
2. Ол, сондай-ақ, сауал қойылған Шарт .жасасушы Жақтың келісімінсіз үшінші мемлекетке берілмейді.
3. Егер ұстап берілген адам қылмыстық тексеру, жазасын өтеу мерзімі біткеннен кейін (15 күн ішінде) немесе кез келген заңды негізде босатылғаннан кейін 15 күн ішінде сауал қоюшы Шарт жасасушы Жақтың аумағынан кетпесе немесе кеткеннен кейін ол онда өз еркімен қайтып оралған болса, сауал қойылған Шарт жасасушы Жақтың келісімі қажет етілмейді. Ұстап берілген кісінің сауал қоюшы Шарт жасасушы Жақтың аумағынан қолынан келмеген жағдайлар бойынша кете алмаған уақыты бұл мерзім ішіне есептелмейді.
66-БАП ҰСТАП БЕРУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ
1. Ұстап беру туралы өтініш жазбаша түрде құрастырылып, мынадай мағынада болуы керек:
1) сауал қоюшы мекеменің аты;
2) сауал қоюшы Шарт жасасушы Жақтың әрекетті қылмыс деп танитын заңының тексі;
3) Ұстап берілуі туралы өтініш жіберілген адамның фамилиясы мен аты, азаматтығы, тұрғылықты мекен-жайы немесе келген жері оның жеке-басы туралы және басқа мәліметтер, сондай-ақ мүмкіндігінше ол адамның сыртқы пішінін бейнелеп көрсету, оның суреті мен саусақтарының таңбасы;
4) келтірілген материалдың шығын мөлшерін көрсету.
2. Қылмыстық тергеуді жүргізу үшін ұстап беру туралы өтінішке тұтқынға алынғандығы жайлы, істің барлық мән-жайы тізіліп жазылған қаулының куәландырылған көшірмесі қоса берілуі керек.
Үкімді орындау үшін ұстап беру туралы өтінішке үкімнің заңды күшіне енгендігі туралы оның куәландырылған көшірмесі мен анықтама және адам сотталып отырған қылмыстық заңның тексі қоса берілуі қажет. Егер сотталушы берілген жазаның бір бөлігін өтеген болса, бұл туралы да мәлімет беріледі.
67-БАП ҰСТАП БЕРУ ҮШІН ТҰТҚЫНҒА АЛУ
Ұстап беру туралы өтініш алынысымен сауал қойылған Шарт жасасушы Жақ ұстап берілуі туралы өтініш жіберілген адамды, осы Шарттағы ережелерге сәйкес ұстап беруге рұқсат етілмейтін жағдайлардан басқа дереу тұтқынға алу шараларын қолданады.
68-БАП ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР
1. Егер ұстап беру туралы өтініште 66-бапта көрсетілген қажетті мәліметтер жетіспейтін болса, сауал қойылған Шарт жасасушы Жақ қосымша мәліметтер талап етеді. Шарт жасасушы екінші Жақ бұл өтінішке бір айдан асырмай, мезгілінде жауап беруге тиісті, бұл мерзім дәлелді себептер болса 15 күнге ұзартылады.
2. Егер сауал қоюшы Шарт жасасушы Жақ көрсетілген мерзімде қосымша мәлімет бермесе, сауал қойылған Шарт жасасушы Жақ 67-бапқа сәйкес тұтқынға алынған кісіні босатады.
69-БАП ҰСТАП БЕРУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ АЛЫНҒАНҒА ДЕЙІН ТҰТҚЫНҒА АЛУ
1. Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда, сауал қойылған Шарт жасасушы Жақ сауал қоюшы Шарт жасасушы Жақтың өтініші бойынша 66-бапта көрсетілген ұстап беру туралы өтініш алынғанша да адамды тұтқынға ала алады. Өтініште тұтқынға алу туралы қаулыға немесе осы адамға қатысты заңды күшіне енген үкімге сілтеме жасалуға және ұстап беру туралы өтініш жедел түрде жіберілетіндігі көрсетілуге тиісті.
Өтінішті почтамен, телеграфпен немесе басқа да кез келген әдіспен жіберуге болады.
2. Егер адам Шарт жасасушы екінші Жақтың аумағында ұстап беруге соқтыратын қылмыс жасады деп есептеуге негіз болатын болса, осы баптың бірінші тармағында көрсетілген өтініш түспей-ақ ол тұтқынға алынады.
3. 1 немесе 2-тармақтарға сәйкес тұтқынға алынғандығы туралы немесе осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтініштің қанағаттандырылмаған себептері туралы Шарт жасасушы екінші Жаққа дереу хабар берілу керек.
4. Егер тұтқынға алынғандығы туралы хабар алынған күннен бастап бір ай ішінде Шарт жасасушы екінші Жақтан ұстап беру туралы өтініш түспесе, осы баптың 1 немесе 2-тармақтарына сәйкес тұтқынға алынған адам босатылады. Бұл мерзім сауал қоюшы Шарт жасасушы Жақтың өтініші бойынша 15 күнге ұзартылады.
70-БАП ҰСТАП БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
1. Сауал қойылған Шарт жасасушы Жақ сауал қоюшы Шарт жасасушы Жаққа ұстап берудің орны мен уақытын көрсете отырып, ұстап беру туралы өз шешімін хабарлайды.
2. Егер сауал қоюшы Шарт жасасушы Жақ белгіленген уақытта 15 күн өткен соң ұстап беруге жататын адамды қабылдап алмаса, бұл адам тұтқыннан босатылады. Сауал қоюшы Шарт жасасушы Жақтың өтініші бойынша көрсетілген мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ ол 15 күннен аспайды.
71-БАП ЕКІНШІ PET ҰСТАП БЕРУ
Егер ұстап берілген адам қылмыстық тексеруден немесе жазасын өтеуден бас тартса және сауал қойылған Шарт жасасушы Жақтың аумағына қайтып оралса, сауал қоюшы Шарт жасасушы Жақтың өтініші бойынша ол қайтадан ұстап беріледі. Бұл жағдайда өтінішке 66-бапта көрсетілген құжаттардың қоса берілуі қажет етілмейді.
72-БАП ЗАТТАРДЫ БЕРУ
1. Ұстап беру туралы сауал қойған Шарт жасасушы Жақ сауал қоюшы Жаққа Шарттың 60-бабына сәйкес кісіні ұстап беруге соқтырған қылмыс қарулары болып табылатын заттарды, сондай-ақ қылмыс iздерi бар заттарды немесе қылмыстық жолмен тапқан заттарды береді. Бұл заттар ол адамның қайтыс болуы салдарынан немесе басқа себептер бойынша оны ұстап беруге болмайтын жағдайда да беріледі.
2. Сауал қойылған Шарт жасасушы Жақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген заттарды беруді егер олар ол Жаққа басқа қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізуге қажет болса, уақытша тоқтата тұрады.
3. Сауал қоюшы Шарт жасасушы Жаққа берілген заттарға үшінші тұлғаның құқығы күшін сақтайды. Іс бойынша тергеу біткеннен соң бұл заттар оны берген Шарт жасасушы Жаққа қайтарылады.
73-БАП ТРАНЗИТПЕН ЖЕТКІЗУ
1. Шарт жасасушы әр Жақ Шарт жасасушы екінші Жақтың өтініші бойынша Шарт жасасушы келесі Жаққа үшінші мемлекет ұстап берген адамдарды өз аумағынан алып өтуге рұқсат береді. Шарт жасасушы Жақтар осы Шарт ережелеріне сәйкес ұстап беру рұқсат етілмейтін адамдарды алып өтуге рұқсат беруге міндетті емес.
2. Алып өтуге рұқсат сұрау туралы өтініш ұстап беру туралы өтініш дайындалған тәртіпте дайындалады және жіберіледі.
3. Шарт жасасушы Жақтардың құзырлы мекемелері транзиттің әдісі, бағыты және басқа шарттары туралы бөлек-бөлек келіседі.
4. Транзитпен алып өтуге байланысты шығындарды сауал қоюшы Шарт жасасушы Жақ көтереді.
74-БАП Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету кезінде Шарт жасасушы Жақ өкілдерінің қатысуы
Шарт жасасушы Жақтардың бірінің өкілі Шарт жасасушы екінші Жақтың келісімімен Шарт жасасушы басқа Жақ қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы өтінішті орындау кезінде қатыса алады.
75-БАП СОТТАЛҒАН-СОТТАЛМАҒАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Шарт жасасушы Жақтар өтініш бойынша адамдардың сотталған сотталмағандығы туралы бір-біріне мәлімет береді, егер бұл адамдар сауал қоюшы Шарт жасасушы Жақтың аумағында қылмыстық жауапқа тартылатын болса.
76-БАП ҚЫЛМЫСЫҚ ТЕРГЕУДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Шарт жасасушы Жақтар қылмыстық тергеу қозғау туралы өтініш жіберілген адамға, сондай-ақ ұстап берілген адамға қатысты тергеудің нәтижелері туралы бір-біріне мәлімет береді. Өтініш бойынша заңды күшіне енген үкімнің көшірмесі немесе басқа үзілді-кесілді шешімнің көшірмесі жіберіледі.
77-БАП ҮКІМДЕР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
Шарт жасасушы Жақтар Шарт жасасушы бір Жақтың азаматына байланысты Шарт жасасушы екінші Жақтың соттары шығарған заңды күшіне енген үкімдері туралы бір-біріне жыл сайын хабарлап отыратын болады.
ҮШІНШІ БӨЛІМ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
78-БАП ШАРТТЫҢ КҮШІНЕ ЕНУІ
Осы Шарт бекітуге жатады және __________________ қаласында өтетін бекіту грамоталарымен алмасқаннан соң 30 күн ішінде күшіне енеді.
79-БАП ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНУ МЕРЗІМІ
1. Осы Шарт күшіне енген күннен бастап бес жыл бойы қолданылатын болады.
2. Егер Шарт жасасушы екі Жақтың ешқайсысы осы Шарттың мерзімінің бітуіне алты ай қалғанда Шарт жасасушы екінші Жаққа Шартты бұзатындығы туралы нотамен мәлімдеп бұзбаса, Шарт келесі бес жылдық кезеңге қалдырылады.
1994 жылы әр қайсысы қазақ және литва тілдерінде 2 данадан жасалды және екі текстің күші бірдей.
Шарт жасасушы әр Жақта осы Шарттың бір данасы мен орыс тіліндегі текстің ресми аудармасы қалады.
Осы Шарт тексінің мазмұны бойынша әр түрлі пікір туындаған жағдайларда, Шарт жасасушы Жақтар орыс тіліндегі тексті басшылыққа алады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЛИТВА РЕСПУБЛИКАСЫ
ҮШІН ҮШІН