"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған 2010 жылғы 10 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына катысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартына өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. 2010 жылғы 10 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартына өзгерістер енгізу туралы хаттамаға Қазақстан Республикасының атынан қол қойылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 667 Жарлығымен МАҚҰЛДАНҒАН |
|
Жоба |
2010 жылғы 10 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартына өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2010 жылғы 10 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартына (бұдан әрі - Шарт) қатысушы мемлекеттер трансұлттық қылмыскерлікке қарсы күрестің міндеттерін шешу кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды нығайтудың қажеттілігін мойындай отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап
Шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. 1-бап мынадай мазмұндағы "з" тармақпен толықтырылсын:
"з) құжаттың электрондық көшірмесі (үлгі) - қағаз жеткізгіштегі құжаттың сканерлеу (фотосуретке түсіру) құралдары арқылы электрондық нысанға көшірілген көшірмесі."
2. 5-баптың 2-тармағынын "б" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"б) кейіннен түпнұсқасын жолдай отырып (қажет болған жағдайда), ведомстволық электрондық пошта сервистері арқылы құжаттың электрондық көшірмесі (үлгі) түрінде;".
2-бап
Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап 20 күн өткен соң уақытша қолданылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы үшінші жазбаша хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Мемлекетішілік рәсімдерді кейінірек орындаған Тараптар үшін осы Хаттама депозитарий тиісті құжаттарды алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Осы Хаттамаға қол қою кезінде Тараптардың кез келгені осы Хаттаманы уақытша қолданбайтыны немесе осы Хаттамада көзделгеннен өзге күннен бастап уақытша қолданатыны туралы мәлімдеуге құқылы.
3-бап
Осы Хаттама күшіне енгеннен кейін Шартқа қатысушы кез келген мемлекеттің депозитарийге қосылу туралы құжат беру арқылы қосылуы үшін ашық.
Қосылушы мемлекет үшін осы Хаттама қосылу туралы құжатты депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
______ ______________ ________ жылғы______________________ қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа дана Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол оның расталған көшірмесін осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке жібереді.
Әзербайжан Республикасы үшін | Ресей Федерациясы үшін |
Армения Республикасы үшін | Тәжікстан Республикасы үшін |
Беларусь Республикасы үшін | Түрікменстан үшін |
Қазақстан Республикасы үшін | Өзбекстан Республикасы үшін |
Қырғыз Республикасы үшін | Украина үшін |
Молдова Республикасы үшін |