ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке тұлғаны тәрбиелеуге, оқытуға және оның кәсіптік қалыптасуына аса зор үлес қосқанын, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз еткенін ескере отырып, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мына жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына;";
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетіне;";
16) тармақшадағы "университетіне ерекше мәртебе берілсін." деген сөздер "университетіне;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
"17) Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне ерекше мәртебе берілсін.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |