Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі N 648 Жарлығы.

      Ескерту. Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 07.11.2024 № 695 Жарлығымен.

      Жеке тұлғаны тәрбиелеуге, оқытуға және оның кәсіптік қалыптасуына аса зор үлес қосқанын, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз еткенін ескере отырып, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 07.11.2024 № 695 Жарлығымен.

      1. Мына жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына;

      1) Әл-Фараби атындағы ұлттық университетіне;

      2) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне;

      3) Қазақ ұлттық аграрлық университетіне;

      4) Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіне;

      5) С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетіне;

      6) Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына;

      7) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына;

      8) Қазақ ұлттық өнер университетіне;

      9) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне;

      10) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясына;

      11) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына;

      12) Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясына;

      13) Қазақ ұлттық хореография академиясына;

      14) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетіне;

      15) Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне;

      16) Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетіне;

      17) Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне ерекше мәртебе берілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2003.09.26 N 1201, 2006.07.08 N 145 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2010.06.12 N 996; 04.05.2015 N 15; 26.08.2015 N 75; 18.02.2016 № 198; 11.04.2016 № 233; 27.04.2016 N 242; 28.02.2018 № 645; 25.12.2018 № 805; 15.01.2020 № 241; 10.06.2023 № 252 (15.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.11.2024 № 695 Жарлықтарымен.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) алып тасталды - ҚР Президентінің 11.04.2016 № 233 Жарлығымен;

      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2006.07.08 N 145 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 04.05.2015 N 15; 18.02.2016 № 198; 11.04.2016 № 233 Жарлықтарымен.

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 9 қаңтардағы N 1059 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады