Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс |
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларында:
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Егер Президент актісінің жобасында кемшіліктер анықталса немесе ол бойынша жұмыс тәртібімен жойылатын қарсылықтар болса, егер Президент Әкімшілігінің Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, Президент Кеңсесінің бастығы, Президенттің көмекшісі немесе кеңесшісі өзгеше мерзім белгілемесе, жоба Президент Әкімшілігінде бес жұмыс күнінің ішінде барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен пысықталуы мүмкін.";
24-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Президенттің қол қоюына енгізілгенге дейін актінің жобасына Президент Әкімшілігінің Басшысы, сондай-ақ міндеттер бөлінісіне сәйкес Президент Әкімшілігінің жауапты бөліміне жетекшілік ететін Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, Президент Кеңсесінің бастығы, Президенттің көмекшісі немесе кеңесшісі және Президент Әкімшілігі Жалпы бөлімінің басшысы қағаздағы түрінде виза қояды.";
33-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Президент тапсырмаларының жобасы Мемлекеттік құқық бөлімімен, Президент Әкімшілігінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен, оларға тиісінше жетекшілік ететін Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысымен, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарымен, Президент Кеңсесінің бастығымен, Президенттің көмекшілерімен және кеңесшілерімен электрондық түрде ғана келісіледі. Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының, тиісті жетекшілік ететін басшы лауазымды адамның, Жалпы бөлім басшысының визалары тапсырмалар жобасына электрондық түрде де, қағаз жеткізгішіне де қойылады.";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Президент жолдауын арнағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі Президент Әкімшілігінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын қалыптастырады және оны жұмыс тәртібімен Үкімет Аппаратына жібереді.
Үкімет Аппараты екі жұмыс күні ішінде жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен, ұйымдармен жұмыс тәртібімен пысықтайды және Президент Әкімшілігіне жібереді.";
мынадай мазмұндағы 40-1-тармақпен толықтырылсын:
"40-1. Үкімет Аппараты жалпыұлттық жоспар бекітілгеннен кейін жиырма жұмыс күні ішінде жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде жалпыұлттық жоспардың іс-шараларын іске асыру жөніндегі жол карталарының қалыптастырылуын және толтырылуын қамтамасыз етеді.
Жалпыұлттық жоспардың іс-шараларын іске асыру жөніндегі жол карталарының орындалуына жедел мониторинг жобалық басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Тапсырмалардың уақтылы орындалмау тәуекелдері және тапсырмаларды орындамаудың өзге де елеулі проблемалары болған кезде Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Президент Әкімшілігінің Басшысына хабарлайды және тиісті ұсыныстар енгізеді.";
46-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Президент және Президент Әкімшілігі басшылығының заңнамалық түзетулер қабылдау мәселелері бойынша тапсырмасы келіп түскен күннен бастап екі апта ішінде жауапты мемлекеттік орган Президент Әкімшілігіне және Үкімет Аппаратына Әділет министрлігімен келісілген орындау процесі мен оның кезеңдерінің пайымын енгізеді.";
62 және 63-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"62. Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларының іске асырылуын бақылау олардың мониторингі арқылы да жүзеге асырылады, ол мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес есепті жылдың қорытындылары бойынша жалпыұлттық жоспардың іске асырылуы туралы ақпаратты мемлекеттік және стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға жібереді;
2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей Үкімет Аппаратына есепті жылдың қорытындылары бойынша жалпыұлттық жоспардың іске асырылуы туралы ақпаратты, сондай-ақ Мемлекет басшысының атына жалпыұлттық жоспардың іске асырылуы жөніндегі баяндаманың жобасына ұсыныстарды енгізеді;
3) есепті жылдан кейін жылдың 5 ақпанынан кешіктірмей Үкімет Аппараты Президент Әкімшілігіне жыл қорытындысы бойынша жалпыұлттық жоспардың іске асырылуы туралы ақпаратты және Мемлекет басшысының атына баяндаманың жобасын, ал стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган – жалпыұлттық жоспардың іске асырылуын тәуелсіз бағалауды енгізеді;
4) Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері Үкімет Аппаратының есептік ақпаратын бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарап, кейіннен қорытындыны Президент Әкімшілігінің жинақтауға жауапты құрылымдық бөлімшесіне жібереді. Қорытындыда жалпыұлттық жоспарды іске асырудағы ықтимал тәуекелдер, сондай-ақ оны одан әрі іске асыру жөніндегі ұсыныстар көрсетіледі;
5) Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей Президент Әкімшілігі Басшысының жыл қорытындылары бойынша жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларының орындалу барысы туралы Президентке баяндамасының жобасын қалыптастырады.
63. Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларының іске асырылуына мынадай тәртіппен аралық мониторинг жүргізіледі:
1) жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар есепті жылдың жартыжылдығының қорытындылары бойынша 5 шілдеден кешіктірмей осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жалпыұлттық жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты стратегиялық және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға жібереді;
2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган 15 шілдеден кешіктірмей Үкімет Аппаратына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес есепті жартыжылдықтың қорытындылары бойынша жалпыұлттық жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты енгізеді;
3) 25 шілдеден кешіктірмей Үкімет Аппараты Президент Әкімшілігіне есепті жартыжылдықтың қорытындылары бойынша жалпыұлттық жоспардың іске асырылуы туралы ақпаратты, ал стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган – жалпыұлттық жоспардың іске асырылу барысын тәуелсіз бағалауды енгізеді;
4) Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері есепті жартыжылдықтың қорытындылары бойынша жалпыұлттық жоспардың іске асырылуы туралы ақпаратты Президент Әкімшілігіне келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.
Тапсырмалардың уақтылы, сапалы, толық орындалмау тәуекелдері және тапсырмаларды орындамаудың өзге де елеулі проблемалары анықталған кезде Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Президент Әкімшілігінің Басшысына хабарлайды және тиісті ұсыныстар енгізеді.
Қажет болған жағдайда жалпыұлттық жоспардың іске асырылуы жөніндегі жартыжылдық қорытындылар Президент Әкімшілігі Басшысының аппараттық кеңестерінде тыңдалады.";
66-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Үкімет Аппаратының халықаралық іс-шаралар қорытындылары бойынша Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиынтық есептерін қоспағанда, мемлекеттік органдардың енгізілген аралық есептілігі жетекшілік ету бағыттарына қарай Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарының, Президент Кеңсесі бастығының, Президент көмекшісінің немесе кеңесшісінің қарауына жатады.";
67-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарына, Президент Кеңсесінің бастығына, Президенттің көмекшілері мен кеңесшілеріне жолданған Президенттің актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы аралық есептік ақпарат Үкімет Аппараты Басшысы орынбасарларының, мемлекеттік органның бірінші басшысы орынбасарларының және алқалы органдар мүшелерінің қолы қойылып енгізілуі мүмкін.";
69-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"Тапсырмалардың орындау мерзімін ұзартуға (алғашқы ұзарту) Президенттің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша кінәлі лауазымды адамдардың тәртіптік жауаптылығы туралы мәселені қарай отырып жол беріледі.".
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 520 Жарлығы;
2) "Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 812 Жарлығы.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |