1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң "Шымкент қорғасын зауыты" акционерлiк қоғамы, Ащысай полиметалл комбинаты, Текелi қорғасын комбинаты және Жәйрем кен-байыту комбинаты, "Оңшахтақұрылыс" тресi (Кентау қаласы) негiзiнде "Ақсұңқар" мемлекеттiк акционерлiк холдинг компаниясын құру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi "Ақсұңқар" мемлекеттiк акционерлiк холдинг компаниясының қызметiн ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын және қорғасын-мырыш өнеркәсiбiнiң шикiзат базасының дамытылуын қамтамасыз ету, түстi металлургияның шығарылатын өнiмi мен тұтыну тауарларының көлемiн ұлғайту мен сапасын жақсарту, шетелдiк инвесторларды қатыстыру, өндiрiстi жан-жақты дамыту мен коммерцияландыру мақсатымен экономиканың негiзгi салаларында мемлекеттiң қатысуымен холдинг үлгiсiндегi басқару құрылымдарын одан әрi қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Ақсұңқар" мемлекеттiк акционерлiк холдинг компаниясының негiзгi құрылтайшыларының бiрi болсын.
Компанияның жарғылық капиталын қалыптастыру үшiн қажеттi мемлекеттiк мүлiк оған белгiленген тәртiп бойынша берiлсiн.
Қазақстан Республикасының Президентi