"Ақсұңқар" мемлекеттiк акционерлiк холдинг компаниясы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1152. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.12.08. N 2673 жарлығымен.

      Түстi металлургия кәсiпорындарының қызметiне мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз ету, нарыққа бағдарланған бәсекелiк қабiлетi бар құрылымдар жасақтау және саланың инвестициялануына тиiмдi жағдайлар жасау мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң "Шымкент қорғасын зауыты" акционерлiк қоғамы, Ащысай полиметалл комбинаты, Текелi қорғасын комбинаты және Жәйрем кен-байыту комбинаты, "Оңшахтақұрылыс" тресi (Кентау қаласы) негiзiнде "Ақсұңқар" мемлекеттiк акционерлiк холдинг компаниясын құру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi "Ақсұңқар" мемлекеттiк акционерлiк холдинг компаниясының қызметiн ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын және қорғасын-мырыш өнеркәсiбiнiң шикiзат базасының дамытылуын қамтамасыз ету, түстi металлургияның шығарылатын өнiмi мен тұтыну тауарларының көлемiн ұлғайту мен сапасын жақсарту, шетелдiк инвесторларды қатыстыру, өндiрiстi жан-жақты дамыту мен коммерцияландыру мақсатымен экономиканың негiзгi салаларында мемлекеттiң қатысуымен холдинг үлгiсiндегi басқару құрылымдарын одан әрi қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Ақсұңқар" мемлекеттiк акционерлiк холдинг компаниясының негiзгi құрылтайшыларының бiрi болсын.
      Компанияның жарғылық капиталын қалыптастыру үшiн қажеттi мемлекеттiк мүлiк оған белгiленген тәртiп бойынша берiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Президентi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады