Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң орнынан түсуi
туралы өтiнiшiн қарай келiп, Қазақстан Республикасы Конституциялық
Сотының 1995 жылғы 6 наурыздағы қаулысын еске алып, Қазақстан
Республикасы Конституциясының
K951000_
85-бабына және "Қазақстан
Республикасының Министрлер Кабинетi туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 14-бабына сәйкес қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң орнынан
түсуi қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жаңа
құрамы анықталғанға дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметi өз
мiндеттерiн атқаруды жалғастыратын болсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi