Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң орнынан түсуi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 11 наурыздағы N 2078

      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң орнынан түсуi туралы өтiнiшiн қарай келiп, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 1995 жылғы 6 наурыздағы қаулысын еске алып, Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 85-бабына және "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң орнынан

түсуi қабылдансын.
     2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жаңа
құрамы анықталғанға дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметi өз
мiндеттерiн атқаруды жалғастыратын болсын.
     3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
           Президентi

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады