Қазақстан Республикасы
Конституциясының
44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдiң ұсынысы негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мынадай құрылымы белгiленсiн:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарлары;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңесiнiң Басшысы;
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi;
Қазақстан Республикасының Сырты iстер министрлiгi;
Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым
академиясы;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлiгi;
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi;
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгi;
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi;
Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi;
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгi;
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм
министрлiгi.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996.09.14. N
3113
, 1996.11.08. N
3203
, 1996.10.29. N
3168
, 1997.01.14. N
3329
, 1997.03.04. N
3377
, 1997.05.26. N
3531
, 1997.10.10. N
3655
, 1997.11.06. N
3741
жарлықтарымен.
2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi мен Үкiметiнiң қызметiн ұйымдық-құқықтық, ақпараттық, материалдық-техникалық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты жүзеге асырады деп белгiленсiн, оның құрылымы мен санын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi белгiлейдi.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына Президенттiң бұрын шығарылған актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзсiн;
2) Үкiметтiң бұрын шығарылған актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
4. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi