Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 2542 Жарлығына толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 6 қарашадағы N 3741. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 1696 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 1696 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3)-тармақшасына сәйкес қаулы етемiн:
      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 2542 U952542_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 33, 410-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      1-тармақ "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарлары" сөздерiнен кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы".
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады