Қаулы етемiн: 1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентiмен және Қазақстан Республикасы Парламентiнiң мәжiлiсiне Үкiмет енгiзетiн заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен келiсу тәртiбi туралы Ереже (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 19 маусымдағы N 3044 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентiмен және Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне Үкiмет енгiзетiн заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен келiсу тәртiбi туралы Ереже I. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентiмен келiсу тәртiбi
1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығының Z952688_ 12-бабының 2-тармағына сәйкес Үкiметтiң заң жобалары жұмыстарының жоспарлары Қазақстан Республикасының Президентiне келiсуге берiледi.
2. Үкiметтiң заң жобалары жұмыстары жоспарының жобасы Мемлекет басшысына Премьер-Министрдiң қол қоюымен берiледi. Бұл орайда жоспардың жобасы, заң жобаларының тiзбесiн қоспағанда, заң жобаларын Парламенттiң Мәжiлiсiне енгiзудiң негiздемесi мен мерзiмi көрсетiлген тиiстi түсiнiктеме жазбаны қамтуға тиiс.
3. Ұсынылған жоспар жобасы Мемлекет басшысының көмекшiлерi мен кеңесшiлерiнiң, Президент Әкiмшiлiгiнiң өзге де мүдделi құрылымдық бөлiмшелерiнiң қатысуымен пысықтау үшiн президент Әкiмшiлiгiнiң Заң және құқықтық сараптама мәселелерi жөнiндегi бөлiмiне берiледi.
4. Пысықталғаннан және тиiстi қорытынды әзiрленгеннен кейiн жоспар жобасы Мемлекет басшысына берiледi.
Жоспар жобасын Республика Президентiмен келiсу Мемлекет басшысының тиiстi бұрыштама қоюы жолымен жүзеге асырылады. Келiсiлген жоспар жобасы тиiстi ұсыныстармен және ескертулерiмен (бұлар болған жағдайда) қорытынды түрiнде Мемлекет басшысының ескертулерi мен ұсыныстарын ескере отырып, оны одан әрi қарап, бекiту үшiн Үкiметке қайтарылады.
5. Үкiмет Аппараты Президенттiң құқықтық мәселелер жөнiндегi көмекшiсi мен Президент Әкiмшiлiгiнiң Заң және құқықтық сараптама мәселелерi жөнiндегi бөлiмiн Үкiметтегi заң жобалары жұмысының жай-күйi туралы ай сайын хабардар етiп отырады.
II. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне
енгiзiлетiн заң жобаларын Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен келiсу тәртiбi
6. Әзiрленген және тиiсiнше ресiмделген заң жобасы Мемлекет басшысының көмекшiлерi мен кеңесшiлерiнiң, Президент Әкiмшiлiгi құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының сұратулары бойынша Үкiмет Аппараты басшысының қол қоюмен Президент Әкiмшiлiгiне берiледi. Бұл орайда құжаттар пакеттерiнде заң жобасымен бiрге заң жобасын жан-жақты қарау үшiн барлық қажеттi материалдар (құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық және қаржылық негiздемелер, сараптамалар қорытындылары және т.б.) болуға тиiс.
7. Заң жобасы Президент Әкiмшiлiгiне берiлгеннен кейiн ол Заң және құқықтық сараптама мәселелерi жөнiндегi бөлiмiнде пысықталады, оны Мемлекет басшысының тиiстi көмекшiлерi, кеңесшiлерi, сондай-ақ Президент Әкiмшiлiгiнiң өзге де мүдделi құрылымдық бөлiмшелерi пысықтайды.
8. Заң жобасы пысықталғаннан және Бөлiмнiң (бөлiмдердiң), Президент көмекшiсiнiң (кеңесшiсiнiң) тиiстi қорытындылары әзiрленгеннен кейiн материалдар Президент Әкiмшiлiгi тиiстi құрылымдық бөлiмшесi басшысының немесе Мемлекет басшысы көмекшiсiнiң (кеңесшiсiнiң) қол қоюымен одан әрi пысықтау, айтылған ескертулер мен ұсыныстарды ескеру үшiн Үкiмет аппаратына жiберiледi. Аталған қорытындылар Президенттiң Республика Парламентiнiң Палаталарындағы өкiлдерiнiң назарына жеткiзiледi.
Заң жобасына Бөлiмнiң (бөлiмдердiң) немесе Президент көмекшiсiнiң (кеңесшiсiнiң) жағымсыз қорытындысы болған жағдайда материалдар осы қорытындысымен бiрге сол бойынша одан әрi түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысына жiберiледi.
9. Заң жобасын Республика Парламентiнiң Мәжiлiсiне енгiзудiң алдында Үкiмет Аппараты Заң және құқықтық сараптама мәселелерi жөнiндегi бөлiм мен Мемлекет басшысының тиiстi көмекшiсiн (кеңесшiсiн) берiлген қорытындылар бойынша қолданылған шаралар туралы хабардар етедi.
10. Мемлекет басшысының атынан шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобалары мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша пысықталып, Парламент Мәжiлiсiне Үкiмет енгiзуге тиiс заң жобалары Президент Әкiмшiлiгiмен мiндеттi түрде алдын ала келiсiлуi керек.