Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентiмен және Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне Үкiмет енгiзетiн заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен келiсу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 19 маусым N 3044 Күші жойылды - ҚР Президентінің 2002.05.17. N 873 жарлығымен. ~U020873


     Қаулы етемiн:
     1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалары жұмыстарының 
жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентiмен және Қазақстан 
Республикасы Парламентiнiң мәжiлiсiне Үкiмет енгiзетiн заң жобаларын 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен келiсу тәртiбi туралы 
Ереже (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн. 
     2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
                                                  Қазақстан Республикасы 
                                                       Президентiнiң 
                                                 1996 жылғы 19 маусымдағы 
                                                     N 3044 Жарлығымен 
                                                        бекiтiлген 
     
             Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалары
           жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының 
         Президентiмен және Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 
           Мәжiлiсiне Үкiмет енгiзетiн заң жобаларын Қазақстан 
       Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен келiсу тәртiбi туралы
                                  Ереже
          I. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалары 
             жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының 
             Президентiмен келiсу тәртiбi 


      1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығының Z952688_ 12-бабының 2-тармағына сәйкес Үкiметтiң заң жобалары жұмыстарының жоспарлары Қазақстан Республикасының Президентiне келiсуге берiледi.
      2. Үкiметтiң заң жобалары жұмыстары жоспарының жобасы Мемлекет басшысына Премьер-Министрдiң қол қоюымен берiледi. Бұл орайда жоспардың жобасы, заң жобаларының тiзбесiн қоспағанда, заң жобаларын Парламенттiң Мәжiлiсiне енгiзудiң негiздемесi мен мерзiмi көрсетiлген тиiстi түсiнiктеме жазбаны қамтуға тиiс.
      3. Ұсынылған жоспар жобасы Мемлекет басшысының көмекшiлерi мен кеңесшiлерiнiң, Президент Әкiмшiлiгiнiң өзге де мүдделi құрылымдық бөлiмшелерiнiң қатысуымен пысықтау үшiн президент Әкiмшiлiгiнiң Заң және құқықтық сараптама мәселелерi жөнiндегi бөлiмiне берiледi.
      4. Пысықталғаннан және тиiстi қорытынды әзiрленгеннен кейiн жоспар жобасы Мемлекет басшысына берiледi.
      Жоспар жобасын Республика Президентiмен келiсу Мемлекет басшысының тиiстi бұрыштама қоюы жолымен жүзеге асырылады. Келiсiлген жоспар жобасы тиiстi ұсыныстармен және ескертулерiмен (бұлар болған жағдайда) қорытынды түрiнде Мемлекет басшысының ескертулерi мен ұсыныстарын ескере отырып, оны одан әрi қарап, бекiту үшiн Үкiметке қайтарылады.
      5. Үкiмет Аппараты Президенттiң құқықтық мәселелер жөнiндегi көмекшiсi мен Президент Әкiмшiлiгiнiң Заң және құқықтық сараптама мәселелерi жөнiндегi бөлiмiн Үкiметтегi заң жобалары жұмысының жай-күйi туралы ай сайын хабардар етiп отырады.

          II. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне
              енгiзiлетiн заң жобаларын Қазақстан Республикасы
              Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен келiсу тәртiбi

      6. Әзiрленген және тиiсiнше ресiмделген заң жобасы Мемлекет басшысының көмекшiлерi мен кеңесшiлерiнiң, Президент Әкiмшiлiгi құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының сұратулары бойынша Үкiмет Аппараты басшысының қол қоюмен Президент Әкiмшiлiгiне берiледi. Бұл орайда құжаттар пакеттерiнде заң жобасымен бiрге заң жобасын жан-жақты қарау үшiн барлық қажеттi материалдар (құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық және қаржылық негiздемелер, сараптамалар қорытындылары және т.б.) болуға тиiс.
      7. Заң жобасы Президент Әкiмшiлiгiне берiлгеннен кейiн ол Заң және құқықтық сараптама мәселелерi жөнiндегi бөлiмiнде пысықталады, оны Мемлекет басшысының тиiстi көмекшiлерi, кеңесшiлерi, сондай-ақ Президент Әкiмшiлiгiнiң өзге де мүдделi құрылымдық бөлiмшелерi пысықтайды.
      8. Заң жобасы пысықталғаннан және Бөлiмнiң (бөлiмдердiң), Президент көмекшiсiнiң (кеңесшiсiнiң) тиiстi қорытындылары әзiрленгеннен кейiн материалдар Президент Әкiмшiлiгi тиiстi құрылымдық бөлiмшесi басшысының немесе Мемлекет басшысы көмекшiсiнiң (кеңесшiсiнiң) қол қоюымен одан әрi пысықтау, айтылған ескертулер мен ұсыныстарды ескеру үшiн Үкiмет аппаратына жiберiледi. Аталған қорытындылар Президенттiң Республика Парламентiнiң Палаталарындағы өкiлдерiнiң назарына жеткiзiледi.
      Заң жобасына Бөлiмнiң (бөлiмдердiң) немесе Президент көмекшiсiнiң (кеңесшiсiнiң) жағымсыз қорытындысы болған жағдайда материалдар осы қорытындысымен бiрге сол бойынша одан әрi түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысына жiберiледi.
      9. Заң жобасын Республика Парламентiнiң Мәжiлiсiне енгiзудiң алдында Үкiмет Аппараты Заң және құқықтық сараптама мәселелерi жөнiндегi бөлiм мен Мемлекет басшысының тиiстi көмекшiсiн (кеңесшiсiн) берiлген қорытындылар бойынша қолданылған шаралар туралы хабардар етедi.
      10. Мемлекет басшысының атынан шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобалары мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша пысықталып, Парламент Мәжiлiсiне Үкiмет енгiзуге тиiс заң жобалары Президент Әкiмшiлiгiмен мiндеттi түрде алдын ала келiсiлуi керек.

Об утверждении Положения о порядке согласования с Президентом Республики Казахстан планов законопроектных работ Правительства Республики Казахстан и с Администрацией Президента Республики Казахстан проектов законов, вносимых Правительством в Мажилис Парламента Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 19 июня 1996 г. N 3044. Утратил силу - Указом Президента РК от 17 мая 2002 г. N 873 ~U020873


     ПОСТАНОВЛЯЮ:
     1. Утвердить Положение о порядке согласования с Президентом
Республики Казахстан планов законопроектных работ Правительства
Республики Казахстан и с Администрацией Президента Республики
Казахстан проектов законов, вносимых Правительством в Мажилис
Парламента Республики Казахстан (прилагается).
     2. Настоящий Указ вступает в силу со дня подписания.
     
     Президент
Республики Казахстан
                                                 Утверждено
                                              Указом Президента
                                             Республики Казахстан
                                             от"19" июня 1996 года
                                                    N 3044
                             ПОЛОЖЕНИЕ
          о порядке согласования с Президентом Республики
        Казахстан планов законопроектных работ Правительства
         Республики Казахстан и с Администрацией Президента
          Республики Казахстан проектов законов, вносимых
           Правительством в Мажилис Парламента Республики
                             Казахстан
          I. Порядок согласования с Президентом Республики
             Казахстан планов законопроектных работ Правительства
             Республики Казахстан.


      1. В соответствии с пунктом 2 статьи 12 Указа Президента, имеющего силу Конституционного закона, Z952688_ "О Правительстве Республики Казахстан" планы законопроектных работ Правительства представляются на согласование Президенту Республики Казахстан.
      2. Проект плана законопроектных работ Правительства представляется Главе государства за подписью Премьер-Министра. При этом проект плана должен включать в себя, кроме перечня законопроектов, соответствующую пояснительную записку с обоснованием и сроками внесения законопроектов в мажилис Парламента.
      3. Представленный проект плана передается для проработки в Отдел по вопросам законодательства и правовой экспертизы Администрации Президента с участием помощников и советников Главы государства, иных заинтересованных структурных подразделений Администрации Президента.
      4. После проработки и подготовки соответствующего заключения проект плана представляется Главе государства.
      Согласование с Президентом Республики проекта плана осуществляется путем наложения Главой государства соответствующей резолюции. Согласованный проект плана с соответствующими предложениями и замечаниями (при наличии таковых) в виде заключения возвращается Правительству для последующего его рассмотрения и утверждения с учетом замечаний и предложений Главы государства.
      5. Аппарат Правительства ежемесячно информирует помощника Президента по правовым вопросам и Отдел по вопросам законодательства и правовой экспертизы Администрации Президента о состоянии законопроектной работы в Правительстве.

           II. Порядок согласования с Администрацией
               Президента Республики Казахстан проектов законов,
               вносимых в Мажилис Парламента Республики Казахстан

      6. Разработанный и надлежащим образом оформленный проект закона представляется за подписью Руководителя Аппарата Правительства в Администрацию Президента по запросам помощников и советников Главы государства, руководителей структурных подразделений Администрации Президента. При этом пакет документов вместе с проектом закона должен содержать все необходимые материалы для всестороннего рассмотрения законопроекта (правовое, социально-экономическое и финансовое обоснование, заключения экспертиз и др.).
      7. После представления законопроекта в Администрацию Президента он прорабатывается в Отделе по вопросам законодательства и правовой экспертизы, соответствующими помощниками, советниками Главы государства, а также иными заинтересованными структурными подразделениями Администрации Президента.
      8. После проработки проекта закона и подготовки соответствующих заключений Отдела (отделов), помощника (советника) Президента, материалы за подписью руководителя соответствующего структурного подразделения Администрации Президента или помощника (советника) Главы государства направляются в Аппарат Правительства для последующей проработки и учета высказанных замечаний и предложений. Названные заключения доводятся до сведения представителей Президента в Палатах Парламента Республики.
      В случае отрицательного заключения Отдела (отделов) или помощника (советника) Президента на проект закона материалы с этим заключением направляются Руководителю Администрации Президента Республики для последующего принятия по нему окончательного решения.
      9. Перед внесением законопроекта в Мажилис Парламента Республики Аппарат Правительства информирует Отдел по вопросам законодательства и правовой экспертизы и соответствующего помощника (советника) Главы государства о принятых решениях по представленным заключениям.
      10. Подлежат обязательному предварительному согласованию с Администрацией Президента законопроекты, которые планируется от имени Главы государства объявить срочными, и законопроекты, разработанные и подлежащие внесению правительством в Мажилис Парламента по поручению Главы государства.