Лисаков арнайы экономикалық аймағы туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 23 тамыз N 3094. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999.03.31. N 104 жарлығымен. ~U990104

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық-аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Z962823_ Заң күшi бар Жарлығына сәйкес қаулы етемiн:
      1. Қостанай облысындағы Лисаков қаласының әкiмшiлiк-аумақтық

шекарасы шегiнде 2010 жылға дейiнгi кезеңде Лисаков арнайы
экономикалық аймағы құрылсын.
     Лисаков арнайы экономикалық аймағының әкiмшiлiк кеңесi Лисаков
еркiн экономикалық аймағы әкiмшiлiк кеңесiнiң құқығын иеленушi болып
табылады деп белгiленсiн.
     2. Лисаков арнайы экономикалық аймағы туралы Ереже (қоса берiлiп
отыр) бекiтiлсiн.
     3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
             Президентi 

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Президентiнiң
                                       1996 жылғы 23 тамыздағы
                                          N 3094 Жарлығымен
                                             бекiтiлген

           Лисаков арнайы экономикалық аймағы туралы
                             ЕРЕЖЕ



      Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Заң күшi бар Жарлығы талаптарының негiзiнде әзiрлендi және Лисаков арнайы экономикалық аймағы аумағында шаруашылық қызметтi жүзеге асырудың құқықтық және экономикалық негiздерiн, Лисаков арнайы экономикалық аймағының Әкiмшiлiк кеңесiнiң өкiлеттiгiн айқындайды, оның аумағында тiркелген меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдарға қолданылады.

                        I. Жалпы ережелер

      1. Лисаков арнайы экономикалық аймағы (Бұдан былай - Лисаков АЭА) Қостанай облысындағы Лисаков қаласының әкiмшiлiк -аумақтық шекарасының шегiнде орналасқан. Лисаков АЭА-ның жалпы көлемi 26152 га. Лисаков АЭА-ның аумағы Қазақстан Республикасы аумағының бөлiгi болып табылады.
      2. Лисаков АЭА:
      аймақтың өндiрiстiк күштерiн интенсивтi дамыту, кәсiпкерлiк қызметтi жандандыру арқылы ғылым мен техниканың осы заманғы жетiстiктерiн меңгеру және өндiрiске енгiзу, отандық және шетелдiк капиталды, технологиялар мен басқару тәжiрибесiн тарту, шет елдермен ғылыми-техникалық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты үдете түсу;
      табиғи ресурстарды тиiмдiлiкпен кешендi игеру, аймақтың және республиканың экспорттық мүмкiндiктерiн арттыру, импортты алмастыратын өнiмдер өндiрудi дамыту;
      осы заманғы өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылым жасау;
      халықтың ал-ауқаты мен тұрмыс сапасын көтеру негiзiнде қала мен аймақты әлеуметтiк-экономикалық дамыту мiндеттерiн шешу мақсатында құрылды.

               II. Лисаков АЭА-ның басқару органдары

      3. Лисаков АЭА-ның аумағындағы басқару органы Әкiмшiлiк кеңес болып табылады, оны Кеңестiң Төрағасы республикалық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар, АЭА аумағында тiркелген заңды тұлғалар өкiлдерiнен құрады.
      4. АЭА-ның Әкiмшiлiк кеңесi заңды тұлға болып табылады, оқшау мүлiктi иемденедi, өз атынан мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды ала алады, өзiне жауапкершiлiк алады, сотта қуынушы және жауапкер болады, сондай-ақ өзiнiң атауы жазылған елтаңбалы мөрi мен басқа да қажеттi деректемелерi болады.
      5. Әкiмшiлiк кеңестi осымен бiр мезетте Лисаков қаласының әкiмi болып отырған төраға басқарады.
      6. Әкiмшiлiк кеңесiнiң отырысын кемiнде айына бiр рет оның төрағасы өткiзедi.
      Әкiмшiлiк кеңесiнiң қаулылары оның мүшелерiнiң көпшiлiгiнiң ашық дауыс беруi арқылы қабылданады және оны АЭА аумағында орналасқан (тұратын) және жұмыс iстейтiн барлық заңды және жеке тұлғалар орындауға мiндеттi.
      7. Әкiмшiлiк кеңестiң төрағасы сенiмхатсыз-ақ Әкiмшiлiк Кеңес атынан өкiлдiк етедi, мемлекеттiк органдарда, отандық және шетелдiк кәсiпорындарда, фирмалар мен ұйымдарда оның мүддесiн бiлдiредi. Әкiмшiлiк кеңестiң мүлкi мен ақшалай қаражатына иелiк етедi, шарттар, соның iшiнде еңбек шарттарын жасасады, банктерде есеп айырысу, валюталық және басқа шоттар ашады, өз құзыретi шегiнде сенiмхаттар бередi, өкiмдер шығарады.
      8. Әкiмшiлiк кеңестiң орналасқан жерi Қостанай облысының Лисаков қаласы, Қазақстан Республикасы.

                III. Әкiмшiлiк кеңестiң өкiлеттiктерi

      9. Лисаков АЭА-ның Әкiмшiлiк кеңесi:
      АЭА-ның даму бағдарламасын әзiрлеп, iске асырады;
      АЭА-ның бюджетiн қалыптастырады, бюджет қаражатын пайдалану бағытын айқындайды;
      АЭА-ны дамыту үшiн және оны құру мақсатына қол жеткiзу үшiн отандық және шетелдiк инвестициялар мен кредит қаражатын тартуды жүзеге асырады;
      АЭА-ның аумағында қызметiн жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мемлекеттiк органдармен өзара қарым-қатынасын реттеуге жәрдемдеседi;
      АЭА-ден сырт жерлерде оның Әкiмшiлiк кеңесiнiң өкiлдiктерiн ашу туралы шешiмдер қабылдайды;
      жердi пайдалану, АЭА-ның аумағында орналасқан үйлер мен

ғимараттарды жалдау, сондай-ақ инфрақұрылым объектiлерiн жеңiлдiкпен
пайдалану мәселелерi жөнiнде шешiмдер қабылдайды;
     заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын әрi
АЭА-ның аумағынан келу және АЭА-ның аумағынан кету жөнiнде рұқсат беру 
функцияларын атқаратын органдардың қызметi үшiн қажеттi жағдай 
туғызады;
     Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де
өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

                            IV. Қаржы

     10. Лисаков АЭА-ның бюджетi сонымен бiрге Лисаков қаласының
бюджетi болып табылады.


      АЭА-ның бюджетiн оның Әкiмшiлiк кеңесi қалыптастырады. АЭА-ның бюджетi кiрiсiне АЭА-ның аумағында салық төлеушiлер ретiнде тiркелген заңды және жеке тұлғалар төлейтiн жалпымемлекеттiк және жергiлiктi салықтар мен алымдар есептеледi.
      АЭА-ның Әкiмшiлiк кеңесi бюджеттiк теңгермелi атқарылуына жауап бередi және түскен кiрiстер шегiнде республикалық бюджетте бекiтiлетiн нормалар бойынша шығыстарды жүзеге асырады.
      Лисаков АЭА-ның бюджетiнiң облыстық бюджетпен өзара қарым-қатынасы оның 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған даму бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ететiн АЭА-ның бюджетiне келiп түскен қаражаттан жасалатын аударымдардың ұзақ мерзiмдi тұрақты нормативтерi арқылы белгiленедi. 1996 жылға - 20%, 1997 жылға - 25%, 1998 жылдың бiрiншi жарты жылдығына - 30%, екiншi жарты жылдығына - 50%, 1999-2000 жылдарға - 50% мөлшерiнде аударымдар жасау нормативтерi белгiленедi. <*>
      1996 жылға арналған аударым нормативi Лисаков АЭА туралы Ереже бекiтiлген сәттен енгiзiледi.
      <*>
      Жоғары тұрған бюджетке аударым ай сайын, келесi есеп беру кезеңiнен кейiнгi айдың 10-нан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
      Қолданылып жүрген заңдарда көзделген арнаулы қорларға төлемдер АЭА-ның бюджетiн қалыптастырудың көзi болып табылмайды.
      1999 жылдың 1 шiлдесiнен бастап облыстық бюджетке ақша аударымдары күн сайын жасалады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгертiлдi және толықтырылды - ҚР
               Президентiнiң 1998.06.30. N 3989 жарлығымен. U983989_

      11. Лисаков АЭА-ның Әкiмшiлiк кеңесi Лисаков АЭА-ның Экономикалық және әлеуметтiк даму қорын құрады.
      Лисаков АЭА-ның экономикалық және әлеуметтiк даму қоры еркiн бюджеттiк қаражаты, салықтық емес сипаттағы аударымдар мен алымдар, саудаластық, аймақтық лотереялар, заемдар өткiзуден түскен кiрiстер, заңды және жеке тұлғалардың ерiктi жарналары мен қайырымдылық пұлы есебiнен құралады. Бұған қоса экономикалық және әлеуметтiк даму қорына жаңа өндiрiс орындарын дайындау және жұмыс iстеп тұрған өндiрiс орындарын кеңейту жөнiндегi шығындарды қаржыландыруға арнап, Қазақстан Республикасының Үкiметi берген жеңiлдiктi кредит енгiзiлуi мүмкiн.
      АЭА-ның экономикалық және әлеуметтiк даму қорының қаражаты Лисаков АЭА-ның дамыту бағдарламасында көзделген iс-шараларды қаржыландыруға, қызметi аймақтың әлеуметтiк экономикалық дамуына бағытталған шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi жеңiлдiктi кредиттер беруге; халық тұтынатын тауарларды өндiру жөнiндегi қуаттарды құру мен кеңейту және халыққа қызмет көрсетуге, кадрлар даярлауға және АЭА-ның қызмет iстеуi мен дамуына қатысты басқа да мақсаттарға бағытталады.
      Экономикалық және әлеуметтiк даму қорының iс-шараларды жеңiлдiкпен кредиттеуге арналған қаражаты Лисаков АЭА-ның даму бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Лисаков бөлiмшесiнiң депозиттiк есеп-шотына салынады, ол бұларды АЭА-ның Әкiмшiлiк кеңесi белгiлеген шартпен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi кредиттеу үшiн кредиттiк ресурстар ретiнде екiншi деңгейдегi банктерге бередi.

     Жеңiлдiктi кредиттердiң уақтылы әрi нысаналы пайдаланылуы мен
қайтарылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң
Лисаков бөлiмшесi мен екiншi деңгейдегi банктер жүзеге асырады.
     Экономикалық және әлеуметтiк даму қоры мемлекеттiк кәсiпорын
нысанында құрылған заңды тұлға болып табылады.
     Қорға иелiк етушi Лисаков АЭА-ның Әкiмшiлiк кеңесiнiң төрағасы
болып табылады.

                            V. Кредит жүйесi

     12. Лисаков АЭА-ның аумағында банк-кредит жүйесiн өз қызметiн
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге
асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бөлiмшесi мен екiншi
деңгейдегi банктер мен олардың бөлiмшелерi құрайды.

                            VI. Салық салу

     13. Лисаков АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан
Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
     14. АЭА-ның аумағында тiркелген шаруашылық жүргiзушi
субъектiлерге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеңiлдiктi
салық салу режимi қолданылады.

                     VII. Кедендiк реттеу

     15. Лисаков АЭА-ның аумағы Қазақстан Республикасының кедендiк
аумағынан тыс тұрған аумақ ретiнде қарастырылады, онда еркiн кедендiк
аймақ режимi қолданылады. Қазақстан Республикасының кеден органдары
Лисаков АЭА-ның аумағындағы тауарларға кедендiк бақылауды жүзеге
асырады.


      16. Шетелдiк және қазақстандық тауарларды Лисаковск АЭА-ның аумағына әкелгенде кеден бажы мен салық алынбайды және экономикалық саясат шаралары қолданылмайды. <*>
      ЕСКЕРТУ. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң
               1997.02.24. N 3360 жарлығымен. U973360_

      17. Лисаков АЭА аумағында толығымен өндiрiлген немесе кеден заңдарымен белгiленген өлшемдерге сәйкес қажеттi түрде қайта ұқсатуға түскен тауарларды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттаған кезде бұлар кеден бажын алу мен экономикалық саясат шаралары қолданудан босатылады.
      18. Тауарларды Лисаков АЭА-ның аумағынан Қазақстан Республикасының кеден аумағының қалған бөлiгiне және Лисаков АЭА-ның аумағынан Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тасымалдау кезiнде тауарлардың шығу негiзiне қарай кедендiк баж салығы мен салықтар алынады және экономикалық саясат шаралары қолданылады.
      Тауарларды Лисаков АЭА-ның аумағынан Қазақстан Республикасының кеден аумағының қалған бөлiгiне әкелген кезде Ресейде, Беларусьта және Қырғызстанда шығарылған тауарларын, тауардың СТ-1 нысан бойынша шығарылғаны туралы сертификаттары болса, сондай-ақ толығымен Лисаков АЭА аумағында өндiрiлген немесе Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен белгiленген өлшемдерге сәйкес қажеттi түрде қайта ұқсатуға түскен тауарлармен кедендiк бажы алынбайды.
      19. Лисаков АЭА аумағына әкелiнетiн және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттауға арналған тауарларды кедендiк ресiмдеу экспорттау режимiне сәйкес кеден iсi жөнiндегi нормативтiк актiлерде белгiленген тәртiппен кеден бажы мен салық алынбай және экономикалық саясат шаралары қолданылмай жүзеге асырылады.
      20. Лисаков АЭА-ның аумағынан Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттауға жататын тауарлар Қазақстан Республикасының кедендiк аумағының қалған бөлiгiне қайтарылған кезде немесе белгiленген мерзiм iшiнде iс жүзiнде экспорттау жасалынбаған жағдайда кеден бажы мен салық, сондай-ақ олардан қайта қаржыландырудың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейтiн ресми проценттiк ставкасы бойынша проценттер төленедi.
      21. Лисаков АЭА аумағынан тауарларды әкелу мен әкету Лисаков АЭА-ның Әкiмшiлiк-аумақтық шекарасында орналасқан арнаулы кеден бекеттерi арқылы жүргiзiледi.
      22. Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен, сондай-ақ осы Ережемен белгiленген тәртiптi бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының кеден заңдарында көзделген жауапкершiлiк шаралары қолданылады.

          VIII. Лисаков АЭА-ның аумағында шаруашылық жүргiзушi
                          субъектiлердi тiркеу

      23. Лисаков АЭА аумағында құрылатын заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Тiркейтiн органды қаржыландыру тәртiбiн Әкiмшiлiк кеңесi белгiлейдi.
      24. АЭА аумағында орналасқан барлық заңды тұлғалар олардың меншiк нысандарына қарамастан мемлекеттiк тiркеуге жатады.
      Заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi, оларға заңды тұлға құқығы берiлмей-ақ, есептiк тiркеуге жатады.
      25. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнiң (жалпы бөлiм) "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының және Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi мемлекеттiк тiркеу мәселелерiн реттейтiн басқа да нормативтiк актiлердiң нормаларына сәйкес жүргiзiледi.

           IХ. Шетел азаматтарының Лисаков АЭА-да болу тәртiбi

      26. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың көлiк құралдарының келуiн, кетуiн, транзитiн және болуын ресiмдеу жөнiндегi қызметтi орындау мақсатымен орталық атқарушы органдар АЭА-ның аумағында тиiстi мемлекеттiк органдардың жекелеген бөлiмшелерiн құрады. Аталған бөлiмшелердi қаржыландыру тәртiбiн Әкiмшiлiк кеңесi белгiлейдi.

                        Х. Қорытынды ережелер

      27. Лисаков қаласына 2010 жылға дейiнгi кезеңге АЭА мәртебесi берiлген.
      28. Лисаков АЭА-ы құрылған мерзiмi бiткеннен кейiн таратылады.
      Лисаков АЭА-ы таратылатын кезде, оның Әкiмшiлiк кеңесi Қазақстан Республикасының Президентiне және Үкiметiне өзiнiң қызметi туралы есебiн, ал тиiмдi деп тапса - қосымша мерзiмге АЭА-ның мәртебесiн ұзарту туралы негiздi өтiнiш жолдайды.
      29. Лисаков АЭА-ның қызмет ету мерзiмi бiткеннен кейiн Әкiмшiлiк кеңесiнiң төрағасы заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiзiлiмiне Лисаков АЭА-сы таратылу процесiнде екенi туралы мәлiметтер енгiзу үшiн Әкiмшiлiк кеңестi мемлекеттiк тiркеуден өткiзген әдiлет органына оның таратылатыны туралы жазбаша хабарлайды.
      Әкiмшiлiк кеңесiнiң төрағасы сонымен бiрге жергiлiктi және орталық баспасөз органдарында Лисаков АЭА-ның таратылатыны туралы, оның кредиторларының шағымдарын мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмi туралы хабарлама жариялайды.
      Заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiзiлiмiне бұл туралы жазба енгiзiлгеннен кейiн ғана Лисаков АЭА-сын тарату аяқталған болып есептеледi. АЭА-ны тарату оның жұмыс iстеу мерзiмi бiткен күннен бастап алты айдан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
      Қазақстан Республикасының Президентi Лисаков АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда тарату ретi осы Ереженiң 29-тармағында көзделген тәртiппен жүргiзiледi.

О Лисаковской специальной экономической зоне

Указ Президента Республики Казахстан от 23 августа 1996 г. N 3094. Утратил силу - Указом Президента РК от 31 марта 1999 г. N 104 ~U990104.

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона, от 26 января 1996 г. N 2823 "О специальных экономических зонах в Республике Казахстан" постановляю:
      1. Создать Лисаковскую специальную экономическую зону в пределах административно-территориальной границы города Лисаковска Кустанайской области на период до 2010 года.
      Установить, что Административный совет Лисаковской специальной экономической зоны является правопреемником Административного совета Лисаковской свободной экономической зоны.
      2. Утвердить Положение о Лисаковской специальной экономической зоне (прилагается).
      3. Настоящий Указ вступает в силу со дня опубликования.
 

 
Утверждено          
Указом Президента      
Республики Казахстан    
от 23 августа 1996 г. N 3094
 

 
П О Л О Ж Е Н И Е
о Лисаковской специальной экономической зоне
 

 

      Настоящее Положение разработано на основе требований Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, от 26 января 1996 г. N 2823 "О специальных экономических зонах в Республике Казахстан", определяет правовые и экономические основы осуществления хозяйственной деятельности на территории Лисаковской специальной экономической зоны, полномочия Административного совета Лисаковской специальной экономической зоны, распространяется на организации всех форм собственности, зарегистрированные на ее территории.
 
                           I. Общие Положения
 
      1. Лисаковская специальная экономическая зона (в дальнейшем Лисаковская СЭЗ) расположена в пределах административно-территориальной границы города Лисаковска Кустанайской области. Общая площадь Лисаковской СЭЗ составляет 26152 га. Территория Лисаковской СЭЗ является неотъемлемой частью территории Республики Казахстан.
      2. Лисаковская СЭЗ создана в целях:
      интенсивного развития производственных сил региона, освоения и внедрения в производство современных достижений науки и техники путем активизации предпринимательской деятельности, привлечения отечественного и иностранного капитала, технологий и управленческого опыта, интенсификации научно-технического и торгово-экономического сотрудничества с зарубежными странами;
      рационального комплексного освоения природных ресурсов, увеличения экспортных возможностей региона и республики, развития производства импортозамещающей продукции;
      создания современной производственной и социальной инфраструктуры;
      решения задач социально-экономического развития города и региона на основе повышения благосостояния и качества жизни населения.
 
                 II. Органы управления Лисаковской СЭЗ
 
      3. Органом управления на территории Лисаковской СЭЗ является Административный совет, образуемый его председателем из представителей республиканских и местных государственных органов, юридических лиц, зарегистрированных на территории СЭЗ.
      4. Административный совет СЭЗ является юридическим лицом, обладает обособленным имуществом, может от своего имени приобретать имущественные и личные неимущественные права, нести обязанности, быть истцом и ответчиком в суде, а также имеет гербовую печать со своим наименованием и другие необходимые реквизиты.
      5. Административный совет возглавляется председателем, одновременно являющимся акимом города Лисаковска.
      6. Заседания Административного совета проводятся его председателем не реже 1 раза в месяц.
      Постановления Административного совета принимаются большинством голосов его членов открытым голосованием и обязательны для исполнения всеми юридическими и физическими лицами, расположенными (проживающими) и действующими на территории СЭЗ.
      7. Председатель Административного совета без доверенности действует от имени Административного совета, представляет его интересы в государственных органах, отечественных и иностранных предприятиях, фирмах и организациях, распоряжается имуществом и денежными средствами Административного совета, заключает договоры, в том числе трудовые, открывает в банках расчетный, валютный и другие счета, выдает доверенности, издает распоряжения в пределах своей компетенции.
      8. Местонахождение Административного совета: г. Лисаковск, Кустанайской области, Республика Казахстан.
 
                III. Полномочия Административного совета
 
      9. Административный совет Лисаковской СЭЗ:
      осуществляет разработку и реализацию программы развития СЭЗ;
      формирует бюджет СЭЗ, определяет направления использования бюджетных средств;
      осуществляет привлечение отечественных и иностранных инвестиций и кредитных средств для развития СЭЗ и достижения целей ее создания;
      содействует урегулированию взаимоотношений хозяйствующих субъектов, осуществляющих деятельность на территории СЭЗ, с государственными органами;
      принимает решения об открытии представительств Административного совета СЭЗ за ее пределами;
      принимает решения по вопросам землепользования, найма находящихся на территории СЭЗ зданий и сооружений, а также льготного пользования объектами инфраструктуры;
      создает необходимые условия для деятельности органов, осуществляющих государственную регистрацию юридических лиц и выполняющих разрешительные функции по въезду на территорию СЭЗ и выезду с территории СЭЗ;
      осуществляет иные полномочия, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.
 
                             IV. Финансы
 

 
      10. Бюджет Лисаковской СЭЗ одновременно является и бюджетом города Лисаковска.
      Бюджет СЭЗ формируется ее Административным советом. В доход бюджета СЭЗ зачисляются общегосударственные и местные налоги и сборы, уплачиваемые юридическими и физическими лицами, зарегистрированными на территории СЭЗ в качестве налогоплательщиков.
      Административный совет СЭЗ несет ответственность за сбалансированное исполнение бюджета и осуществляет расходы по нормам, утверждаемым республиканским бюджетом, в пределах поступивших доходов.
      Взаимоотношения бюджета Лисаковской СЭЗ с областным бюджетом определяются через долговременные стабильные нормативы отчислений от общей суммы поступлений в бюджет СЭЗ, обеспечивающие выполнение программы ее развития на период до 2010 года. На 1996 год устанавливается норматив отчислений в размере 20%, на 1997 год - 25%, на первое полугодие 1998 года - 30%, на второе полугодие - 50%, на 1999-2000 годы - 50%.
      Норматив отчислений на 1996 год вводится с момента утверждения Положения о Лисаковской СЭЗ.
      Отчисления в вышестоящий бюджет производятся ежемесячно не позднее 10 числа месяца, следующего за отчетным периодом.
      С 1 июля 1999 года отчисления в областной бюджет производятся ежедневно.
      Платежи в специальные фонды, предусмотренные действующим законодательством, не являются источником формирования бюджета СЭЗ.<*>
      Сноска. В пункт 10 внесены изменения - Указом Президента РК от 30 июня 1998 г. N 3989 .
      11. Административный совет Лисаковской СЭЗ учреждает Фонд экономического и социального развития Лисаковской СЭЗ.
      Фонд экономического и социального развития Лисаковской СЭЗ образуется за счет свободных бюджетных средств, отчислений и сборов неналогового характера, доходов от проведения торгов, зональных лотерей, займов, добровольных взносов и пожертвований юридических и физических лиц. Кроме того, в фонд экономического и социального развития может быть зачислен льготный кредит, предоставленный Правительством Республики Казахстан, направленный на финансирование затрат по подготовке новых и расширению действующих производств.
      Средства фонда экономического и социального развития СЭЗ направляются на финансирование мероприятий, предусмотренных программой развития Лисаковской СЭЗ; на предоставление долгосрочных и краткосрочных льготных кредитов хозяйствующим субъектам, деятельность которых направлена на социально-экономическое развитие региона; на создание и расширение мощностей по производству товаров народного потребления и оказанию услуг населению; на подготовку кадров и другие цели, обусловленные существованием и развитием СЭЗ.
      Средства фонда экономического и социального развития, направленные для льготного кредитования мероприятий согласно Программе развития Лисаковской СЭЗ, размещаются в Лисаковском отделении Национального Банка Республики Казахстан на депозитном счете, которое передает их банкам второго уровня в качестве кредитных ресурсов для кредитования хозяйствующих субъектов на условиях, установленных Административным советом СЭЗ.
      Контроль за своевременным целевым использованием и возвратом льготных кредитов осуществляет Лисаковское отделение Национального Банка Республики Казахстан и банки второго уровня.
      Фонд экономического и социального развития является юридическим лицом, созданным в форме государственного предприятия.
      Распорядителем фонда является председатель Административного совета Лисаковской СЭЗ.
 
                         V. Кредитная система
 

 
      12. Банковско-кредитную систему на территории Лисаковской СЭЗ составляют отделение Национального Банка Республики Казахстан, банки второго уровня и их подразделения, осуществляющие свою деятельность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
 
                         VI. Налогообложение
 

 
      13. Налогообложение на территории Лисаковской СЭЗ осуществляется в соответствии с налоговым законодательством Республики Казахстан.
      14. На хозяйствующие субъекты, зарегистрированные на территории СЭЗ, распространяется льготный режим налогообложения в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
 
                    VII. Таможенное регулирование
 

      15. Территория Лисаковской СЭЗ рассматривается как находящаяся вне таможенной территории Республики Казахстан, на которой действует режим свободной таможенной зоны. Таможенные органы Республики Казахстан осуществляют таможенный контроль за товарами, находящимися на территории Лисаковской СЭЗ.
      16. При ввозе иностранных и казахстанских товаров на территорию Лисаковской СЭЗ таможенные пошлины и налоги не взимаются и меры экономической политики не применяются.<*>
      Сноска. Пункт 16 - в редакции Указа Президента РК от 24 февраля 1997 г. N 3360 .
      17. Товары, полностью произведенные на территории Лисаковской СЭЗ или подвергнутые достаточной переработке в соответствии с критериями, установленными таможенным законодательством, при их экспорте за пределы Республики Казахстан освобождаются от таможенных пошлин и применения мер экономической политики.
      18. При вывозе товаров с территории Лисаковской СЭЗ на остальную часть таможенной территории Республики Казахстан и при вывозе товаров с территории Лисаковской СЭЗ за пределы Республики Казахстан таможенные пошлины и налоги взимаются и меры экономической политики применяются в зависимости от происхождения товара.
      При ввозе товаров с территории Лисаковской СЭЗ на остальную часть таможенной территории Республики Казахстан не облагаются таможенной пошлиной товары российского, беларусского и кыргызского происхождения при наличии сертификата о происхождении товара по форме СТ-1, а также товары, полностью произведенные на территории Лисаковской СЭЗ или подвергнутые достаточной переработке в соответствии с критериями, установленными таможенным законодательством Республики Казахстан.
      19. Таможенное оформление товаров, ввозимых на территорию Лисаковской СЭЗ и предназначенных для экспорта за пределы Республики Казахстан в соответствии с режимом экспорта, осуществляется без взимания таможенных пошлин и налогов и применения мер экономической политики в порядке, определяемом нормативными актами по таможенному делу.
      20. При возвращении товаров, подлежащих экспорту за пределы Республики Казахстан с территории Лисаковской СЭЗ на остальную часть таможенной территории Республики Казахстан, либо при неосуществлении фактического экспорта в течение установленных сроков уплачиваются таможенные пошлины и налоги, а также проценты с них по офицальной процентной ставке рефинансирования, устанавливаемой Национальным Банком Республики Казахстан.
      21. Ввоз и вывоз товаров с территории Лисаковской СЭЗ должен производиться через специальные таможенные посты, находящиеся на административно-территориальной границе Лисаковской СЭЗ.
      22. Нарушение порядка, установленного таможенным законодательством Республики Казахстан, а также настоящим Положением, ведет к применению мер ответственности, предусмотренных таможенным законодательством Республики Казахстан.
 
               VIII. Регистрация хозяйствующих субъектов
                     на территории Лисаковской СЭЗ
 
      23. Государственная регистрация юридических лиц, создаваемых на территории Лисаковской СЭЗ, а также учетная регистрация их филиалов и представительств осуществляется в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан.
      Порядок финансирования регистрирующего органа определяется Административным советом.
      24. Государственной регистрации подлежат все юридические лица, расположенные на территории СЭЗ, независимо от их форм собственности.
      Филиалы и представительства юридических лиц подлежат учетной регистрации без приобретения ими права юридического лица.
      25. Государственная регистрация хозяйствующих субъектов производится в соответствии с нормами Гражданского кодекса Республики Казахстан (общая часть), Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, "О государственной регистрации юридических лиц" и других нормативных актов, регламентирующих вопросы государственной регистрации хозяйствующих субъектов.
 
                  IХ. Порядок пребывания иностранных
                      граждан в Лисаковской СЭЗ
 

 
      26. Центральными исполнительными органами на территории СЭЗ создаются отдельные подразделения соответствующих государственных органов с целью выполнения функций по оформлению въезда, выезда, транзита и пребывания иностранных граждан и лиц без гражданства, а также их транспортных средств. Порядок финансирования указанных подразделений определяется Административным советом.
 
                     Х. Заключительные положения
 
      27. Статус СЭЗ придан городу Лисаковску на период до 2010 года.
      28. Лисаковская СЭЗ упраздняется по истечении срока, на который она была создана.
      При упразднении Лисаковской СЭЗ ее Административный совет направляет в Правительство и Президенту Республики Казахстан отчет о своей деятельности, а в случае целесообразности - и обоснованную просьбу о продлении статуса СЭЗ на дополнительный срок.
      29. По истечении срока функционирования Лисаковской СЭЗ председатель Административного совета письменно сообщает об ее упразднении органу юстиции, проводившему государственную регистрацию Административного совета, для внесения в государственный регистр юридических лиц сведений о том, что Лисаковская СЭЗ находится в процессе ликвидации.
      Одновременно председатель Административного совета помещает в местных и центральных органах печати публикацию об упразднении Лисаковской СЭЗ, о порядке и сроке заявлений претензий ее кредиторами.
      Упразднение Лисаковской СЭЗ считается завершенным после внесения об этом записи в государственный регистр юридических лиц. Упразднение СЭЗ производится не позднее шести месяцев со дня истечения срока ее функционирования.
      30. В случае принятия Президентом Республики Казахстан решения о досрочном упразднении Лисаковской СЭЗ процедура упразднения производится в порядке, предусмотренном пунктом 29 настоящего Положения.