Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 23 тамыздағы N 3094 Жарлығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1998 жылғы 30 маусымдағы N 3989

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Z962823_ Заң күшi бар Жарлығының 16-бабының 1-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 179-құжат) қаулы етемiн:
      1. "Лисаков арнайы экономикалық аймағы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 23 тамыздағы N 3094 U963094_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 34, 316-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Лисаков арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      10-тармақта:
      төртiншi абзацтағы "1998 жылға - 30%, 1999 жылға - 35% және

2000 жылға - 40%" деген сөздер "1998 жылдың бiрiншi жарты жылдығына
- 30%, екiншi жарты жылдығына - 50%, 1999-2000 жылдарға - 50%" деген
сөздермен ауыстырылсын;
     алтыншы абзац алынып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы сегiзiншi абзацпен толықтырылсын:
     "1999 жылдың 1 шiлдесiнен бастап облыстық бюджетке ақша
аударымдары күн сайын жасалады".
     2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
          Президентi


     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады