Бiлiктi офицер кадрларын даярлау жүйесiн жетiлдiру мен әскери ғылымның дамуы үшiн жағдай жасау мақсатында қаулы етемiн:
1. И.С.Конев атындағы Алматы жоғары әскери училищесi Қазақстан Республикасы қарулы Күштерiнiң Әскери академиясы болып қайта құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Әскери академиясының негiзгi мiндеттерi:
1) жоғары әскери, жоғары әскери-арнаулы бiлiмi бар офицер кадрларын даярлау;
2) офицер құрамын қайта даярлау мен жетiлдiру;
3) әскери ғылыми-педагог кадрларын даярлау болып белгiленсiн.
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2002.02.27. N 815 жарлығымен.3. Қазақстан Республикасының Үкiметi екi ай мерзiм iшiнде:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери академиясының Жарғысы мен ол туралы Ереженi әзiрлеп, бекiтетiн болсын;
2) 1997 жылға арналған Республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi бойынша көзделген қаражат шегiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Әскери академиясының қызметiн қаржыландыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолданатын болсын;
3) Үкiметтiң қаулыларын осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының | |
Президентi |