1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Адам құқығы жөнiндегi комиссия туралы ереже (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Адам құқығы жөнiндегi комиссияның құрамы (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
3. "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Адам құқығы жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы N 3009 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 26, 212-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1997 жылғы 22 сәуiрдегi
N 3470 Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы
Адам құқығы жөнiндегi комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Адам құқығы жөнiндегi комиссия (бұдан былай - Комиссия) Мемлекет басшысының жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
Комиссия қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы жүзеге асырады.
2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасының Президентiне адамның және азаматтың құқығы мен бостандықтарының кепiлi ретiндегi өзiнiң конституциялық мәртебесiн iске асыруына;
2) адамның және азаматтың құқығы мен бостандықтарының қамтамасыз етiлуi мен қорғалуы тетiгiн жетiлдiруге жәрдемдесу болып табылады.
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституция мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының өкiмдерiн және осы Ереженi басшылыққа алады.
4. Комиссияның құзыретi:
1) адамның және азаматтың құқығы мен бостандықтары жөнiнде Мемлекет басшысына және тiкелей Комиссияға жолданған өтiнiштердi қарайды;
2) адам құқығының сақталуы туралы жыл сайынғы әрi арнаулы баяндамалар әзiрлейдi;
3) адамның және азаматтың құқығы мен бостандықтарының қамтамасыз етiлуi және қорғалуы тетiгiн жетiлдiру туралы ұсыныстар әзiрлейдi;
4) Қазақстан Республикасының мүдделерiн қозғайтын адам құқығы саласындағы халықаралық-құқықтық актiлер жөнiнде талдау материалдарын, сараптау-ұсынымдық қорытындылар мен ұсыныстар даярлайды;
5) адам құқығы жөнiндегi халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады.
5. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында:
1) органдар мен лауазымды адамдардан қажеттi мәлiметтердi, құжаттар мен материалдарды сұратып алдыруға;
2) өз отырыстарында адамның және азаматтың құқығы мен бостандықтарын қамтамасыз етуге және қорғауға байланысты мәселелер жөнiнде тиiстi лауазымды адамдардың хабарламасын тыңдауға;
3) жекелеген жұмыстарды жүзеге асыру үшiн белгiленген тәртiппен ғалымдар мен мамандарды тартуға хақылы.
6. Комиссияның отырыстарында қабылданатын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң назарына жеткiзiлетiн ұсынымдар мен қорытындылар Комиссияның шешiмдерi болып табылады.
Комиссияның ұсынымдары мен шешiмдерi Комиссияның отырысына қатысқан мүшелерi санының жай көпшiлiк даусымен қабылданады.
7. Комиссия Мемлекеттiк хатшының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Комиссия төрағасынан, хатшысы мен мүшелерiнен тұрады.
Комиссия төрағасы мен мүшелерi Комиссия жұмысына қоғамдық негiзде қатысады.
Ескерту. 7-тармақтың 3-абзацы алынып тасталды - ҚР Президентінің 1999.03.24. N 89
жарлығымен.
8. Комиссия қызметін ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз етуді оның Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрамына кіретін хатшылығы жүзеге асырады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 1999.03.24. N 89
жарлығымен.
9. Комиссия қызметiн ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз етудi Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын Адам құқығы жөнiндегi комиссия хатшылығы жүзеге асырады.
Комиссия хатшылығы сол сияқты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының әкiмдерi аппараттарының қарауында адам құқығы мәселелерi болатын лауазымды адамдарына ұйымдық-әдiстемелiк, ақпараттық және өзге де көмек көрсетедi.
Комиссия хатшылығы қызметкерлерiнiң қызметтiк мiндеттерi Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы бекiтетiн ол туралы Ережемен айқындалады.
10. Комиссияның отырыстарын оның төрағасы қажеттiлiкке қарай, тоқсан сайын кемiнде бiр рет шақырады. Комиссия отырыстары Комиссия мүшелерi жалпы санының үштен екiсi қатысқан жағдайда құқылы болады.
Комиссия төрағасы орнында болмаған уақытта оның отырыстарында
Комиссия хатшысы төрағалық етедi.
11. Сараптамалық-талдау зерттеулерiн жүргiзу үшiн Комиссия
жанынан ғылыми мекемелер мен үкiметтiк емес ұйымдар өкiлдерiнен
қоғамдық негiзде жұмыс iстейтiн Сарапшылық кеңес құрылады.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1997 жылғы 22 сәуiрдегi
N 3470 Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы
Адам құқығы жөнiндегi комиссияның құрамы
Әбдiлдин Жабайхан - Қазақстан Республикасы Парламентi
Мүбәракұлы Сенатының Халықаралық iстер, қорғаныс
және қауiпсiздiк жөнiндегi комитетiнiң
төрағасы (келiсiм бойынша)
Байқадамов Болат - - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Кенжекешұлы жанындағы Адам құқығы жөнiндегi
комиссия Хатшылығының меңгерушiсi
Әбусейтов - Қазақстан Республикасының
Қайрат Қуатұлы Сыртқы істер вице-министрі
Бодин - Астана округі шіркеулерінің тақуасы
Сергей Анатольевич (келісім бойынша)
(Иеромонах Агафангел)
Тасмағамбетов - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сағитжан Досымұлы Соты әскери сот алқасының
төрағасы
Цой Геральд - Қазақ аймақтық "Тесен"
Владимирович әлеуметтiк-құқықтық қорғау
комитетiнiң төрағасы
Мартынов - Қазақстан Кәсiподақтар федерациясы
Леонид Николаевич төрағасының орынбасары
Байменов - Қазақстан Республикасының
Әлихан Мұхамедияұлы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Дербісәлі Әбсаттар - Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары
Діни басқармасының төрағасы
(келісім бойынша)
Жүкенов Әбдірашит - Қазақстан Республикасы
Төлегенұлы Бас прокурорының орынбасары
Отто - Қазақстан Республикасының
Иван Иванович Ішкі істер вице-министрі
Өтеулина - "Юридическая газетаның"
Ирина Кимовна Бас редакторы (келісім бойынша)
Рогов - Қазақстан Республикасының
Игорь Иванович Әділет министрі
ЕСКЕРТУ. Құрам өзгертiлдi - ҚР Президентiнiң 1998.06.06. N
3976
жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. Құрам өзгердi - ҚР Президентiнiң 2000.03.18. N 363
жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. Құрам өзгердi - ҚР Президентiнiң 2001.10.24. N 714
жарлығымен.