Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Адам құқығы жөнiндегi комиссия туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 3 маусым N 3009. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінiң 1997.04.22. N 3470 жарлығымен. ~U973470

      Қаулы етемiн:
      1. Мыналар бекiтiлсiн:
      1) Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Адам құқығы

жөнiндегi комиссия туралы ереже (қоса берiлiп отыр);
     2) Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Адам құқығы
жөнiндегi комиссияның құрамы (қоса берiлiп отыр).
     2. "Адам құқығы жөнiндегi республикалық комиссия құру туралы"
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 12 ақпандағы N 1567
Жарлығының күшi жойылған деп танылсын (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 9, 89-құжат).
     3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
             Президентi 

                                       Қазақстан Республикасы
                                           Президентiнiң
                                      1996 жылғы 3 маусымдағы
                                          N 3009 Жарлығымен
                                           Бекiтiлген

            Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Адам
                     құқығы жөнiндегi комиссия туралы
                                 ЕРЕЖЕ 

     I. Жалпы ережелер



      1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Адам құқығы жөнiндегi комиссия (бұдан былай - Комиссия) Мемлекет басшысының жанындағы косультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      1) Қазақстан Республикасының Президентiне адамның және азаматтың құқығы мен бостандықтарының сақталуының кепiлi ретiндегi өзiнiң конституциялық мәртебесiн қамтамасыз етуiне жәрдемдесу;
      2) адамның және азаматтың құқығы мен бостандығының қамтамасыз етiлуi және сақталуы саласында заңдар мен құқық қолдану практикасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      3) Қазақстан Республикасының аумағынан сырт жерлерде жүрген өзiнiң азаматтарына қатысты қамқоршылығын, олардың құқығы мен бостандығының қорғалуын қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      4) Қазақстан Республикасының мүдделерiн қозғайтын адам құқығы саласындағы халықаралық-құқықтық актiлер жөнiнде талдау және сараптау-ұсыныстық қорытындылар мен ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
      3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi туралы ереженi және осы Ереженi басшылыққа алады.

      II. Комиссияның құзыретi

      4. Комиссия:
      1) адам құқығы мен бостандығының бұзылғаны туралы Қазақстан Республикасының Президентiне немесе тiкелей Комиссияға азаматтар мен ұйымдар жолдаған өтiнiштердi қарайды;
      2) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар адам құқығы мен бостандығының сақталуы мәселелерi жөнiндегi азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерi туралы өз атына жолдаған материалдарды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы тиiстi жарияланымдарды зерделейдi;
      3) адам құқығының сақталуы туралы арнаулы әрi жыл сайынғы баяндамалар әзiрлеп, оларды Қазақстан Республикасының Президентiне тапсырады;
      4) ағымдағы заңдарды саралап отырады, оны Қазақстан Республикасы таныған адам құқығы мен бостандығы туралы халықаралық-құқықтық актiлерге сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, адам құқығы мен бостандығы мәселелерiн қозғайтын заң актiлерiн әзiрлеуге қатысады;
      5) адам құқығы жөнiндегi халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;
      6) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы әкiмдерi аппараттарының адам құқығы мәселелерiн қарайтын лауазымды адамдарына ұйымдық-әдiстемелiк, ақпараттық және өзге де көмек көрсетедi.
      5. Осы Ережемен белгiленген құзыретiн жүзеге асыру мақсатында Комиссия органдар мен лауазымды адамдардан Комиссияға жүктелген мiндеттердi орындауға қажет мәлiметтер, құжаттар мен материалдар сұратып алдыруға хақылы.
      6. Комиссияның отырыстарында қабылданып, Қазақстан Республикасы Президентiнiң назарына жеткiзiлетiн ұсыныстар мен қорытындылар Комиссияның шешiмдерi болып табылады.
      Ұсыныстар мен қорытындылар отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады.

      III. Комиссияның құрамы және оның жұмысын ұйымдастыру

      7. Комиссия Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн төрағадан, төрағаның орынбасарларынан, хатшыдан және Комиссия мүшелерiнен тұрады.
      8. Төраға Комиссияға және оның Хатшылығына жалпы басшылықты жүзеге асырады, Комиссия мүшелерiне тапсырмалар бередi Комиссияның шешiмдерi мен құжаттарына қол қояды, оның атына ресми мәлiмдемелер жасайды, адам құқығы мен бостандығына қатысты кеңестерге қатысады, Комиссияның құрамы мен оның жұмысын ұйымдастыру жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентi ұсыныстар енгiзедi.
      9. Комиссияның отырыстарын оның төрағасы тоқсан сайын кемiнде бiр рет шақырады. Комиссияның отырыстары оның мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде жартысынан астамы қатысқанда құқықты болады.
      10. Комиссияның жанынан қоғамдық негiзде ғылыми мекемелер мен құқық қорғау ұйымдары өкiлдерiнен Сараптау кеңесi құрылады. Кеңестiң құрамы Комиссияның отырысында бекiтiледi. Кеңестiң қызметiне басшылықта Комиссия төрағасы орынбасарларының бiрi жүзеге асырады.
      11. Төрағаның бiрiншi орынбасары - Комиссия Хатшылығының меңгерушiсi: азаматтардың өтiнiштерiмен жұмысты; елдегi адам құқығы саласындағы iстердiң жай-күйi туралы Қазақстан Республикасының Президентiне баяндамалар мен жыл сайынғы есептердi әзiрлеудi; Комиссияның қызметiн ұйымдастыратын жоспарлар, бағдарламалар мен басқа да құжаттар дайындауды; мүдделi мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
      Оның мiндетiне сонымен бiрге:
      Комиссияның төрағасы болмаған жағдайда оның мiндеттерiн атқару; Сараптау кеңесi мен облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы әкiмдерi аппараттарының адам құқығы мәселелерiн қарайтын лауазымды адамдарының қызметiне жетекшiлiк ету; Комиссияның Хатшылығына жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн дербес жауапкершiлiк; Комиссия Хатшылығының қызметкерлерi арасында мiндеттер бөлу, тиiстi атқару және еңбек тәртiбiн қамтамасыз ету; Комиссия Хатшылығы қызметкерлерiн қызметке тағайындау мен қызметiнен босату туралы ұсыныстар енгiзу кiредi.
      12. Комиссия төрағасының орынбасары: адам құқығы саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға ықпал ететiн тұжырымдамалар, әдiстемелер әзiрлеудi; адам құқығы саласындағы заң жобаларына және халықаралық құқықтық актiлерге сараптау-талдау жұмысын; қоғамдық құқығы қорғау ұйымдарымен өзара iс-қимылды; халықаралық құқық қорғау институттарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастықты; адам құқығы саласындағы семинарлар, кеңестер, конференциялар мен ағарту қызметi жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асырады.
      13. Комиссия хатшысы - Комиссия Хатшылығы меңгерушiсiнiң орынбасары консультанттармен және сарапшылармен бiрге Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi туралы ережемен және осы Ережемен белгiленген өзiнiң функциялық мiндеттерiне сәйкес Комиссия қызметiнiң бағыттарын iске асырады; Комиссия мен Сараптау кеңесiнiң отырыстарын ұйымдастырады, Комиссия мен Кеңес мүшелерiн қажеттi материалдармен қамтамасыз етедi, Комиссия отырыстарының хаттамалары мен басқа да құжаттамаларын жүргiзедi; Комиссия және Кеңес мүшелерiмен байланыс орнатады, оларды белгiленген шаралар мен

Комиссия төрағасының тапсырмалары туралы хабардар етедi;
мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдар мен лауазымды адамдардың атына
жолданған Комиссия ұсыныстары мен сұрау салуларының қаралуына
бақылауды жүзеге асырады.
     14. Комиссия мүшелерiне белгiленген үлгiдегi қызмет куәлiктерi
берiледi.
     15. Комиссия сараптау-талдау зерттеулерiн жүргiзу үшiн шарттық
негiзде мамандар тартуға хақылы.

                                       Қазақстан Республикасы
                                           Президентiнiң
                                       1996 жылғы 3 маусымдағы
                                          N 3009 Жарлығымен
                                             Бекiтiлген 

            Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Адам құқығы
                            жөнiндегi комиссияның
                                   ҚҰРАМЫ 

     Есiмов Ахметжан Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының
                                 Мемлекеттiк хатшысы, Комиссия
                                 төрағасы

     Бұсырманов Жұмабек        - Комиссия Хатшылығының меңгерушiсi,
     Дүйсешұлы                   Комиссия төрағасының бiрiншi
                                 орынбасары

     Рогов Игорь Иванович      - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
                                 көмекшiсi, Комиссия төрағасының
                                 орынбасары

     Байқадамов Болат          - Комиссия Хатшылығы меңгерушiсiнiң
     Кенжекешұлы                 орынбасары, Комиссия хатшысы

                        Комиссия мүшелерi:

     Гаркавец Александр        - Украин ұлттық-мәдени орталығының
     Николаевич                  жетекшiсi

     Головков Михаил           - Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты
     Николаевич                  (келiсiм бойынша)

     Дедерер Александр         - Қазақстан немiстерi Кеңесiнiң
     Федорович                   төрағасы

     Жұмабаев Ермек            - Парламент Сенатының депутаты
     Жиеншеұлы                   (келiсiм бойынша)

     Кенжетаева Роза           - Қазақстан Республикасының Президентi
     Ахметбекқызы                жанындағы Отбасы, әйелдер
                                 проблемалары және демографиялық
                                 саясат жөнiндегi кеңестiң хатшысы

     Козлов Александр          - "Казахстанская правда" газетi бас
     Федорович                   редакторының орынбасары

     Қозыбаев Манаш            - Қазақстан Республикасы Ғылым
                                 академиясының академигi

     Нұрпейiсов Еркеш          - Қазақстан Республикасы Әдiлет
     Қалиұлы                     министрлiгi Қазақ мемлекеттiк заң
                                 институтының ректоры

     Рамазанов Аманбек         - Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты
     Мырзахметұлы                (келiсiм бойынша)

     Сағдиев Махтай Разаманұлы - Қазақстан Республикасы Ардагерлер
                                 ұйымы орталық кеңесiнiң төрағасы

     Силкина Татьяна Егоровна  - Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты
                                 (келiсiм бойынша)

     Тәтiмов Мақаш Байғалиұлы  - Қазақстанның "Азат" азаматтық
                                 қозғалысының төрағасы

     Уманов Григорий Абрамович - Абай атындағы Алматы мемлекеттiк
                                 университетi педагогика кафедрасының
                                 меңгерушiсi

     Хасанов Бақытжан Хасанұлы - Қазақстан Республикасы Ғылым
                                 министрлiгi - Ғылым академиясы
                                 жанындағы Тiл дамуы стратегиясы
                                 орталығының директоры

     Цой Геральд Владимирович  - Қазақ аймақтық "Тесен"
                                 әлеуметтiк-құқықтық қорғау
                                 комитетiнiң төрағасы 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады