Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымы, штат саны және Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз ететін органдар мен лауазымды адамдардың тізбесі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 24 наурыз N 89. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002.02.11. N 806 жарлығымен. ~U020806

      Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз ету жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны 325 бірлік мөлшерінде белгіленсін. <*>
      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Министрі - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының қызметін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің штат санын 4 бірлікке ұлғайтсын.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2000.05.12. N 391
               Жарлығымен. U000391_
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2000.10.12. N 471
               Жарлығымен. U000471_
      2. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құрылымы мен Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз ететін лауазымды адамдардың тізбесі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
      3. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат санына осы Жарлықтың 2-тармағымен бекітілген және Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз ететін лауазымды адамдар кіреді деп белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат кестесін бекітсін.
      5. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 4176 U984176_ Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереженің 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Комиссия қызметін ақпараттық-талдау және ұйымдық қамтамасыз

етуді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің тиісті құрылымдық 
бөлімшесі жүзеге асырады". 
     6. "Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз ететін 
органдардың құрылымы, штат саны және лауазымды адамдардың тізбесі туралы" 
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 16 қазандағы N 3691 
 

U973691_

  Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 47, 
427-құжат) 1, 2, 3-тармақтарының күші жойылған деп танылсын. 
     7. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқығы 
жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 
22 сәуірдегі N 3470  

U973470_

  Жарлығымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 
1997 ж., N 16, 128-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті 
жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссия туралы ережеге мынадай өзгерістер 
енгізілсін: 
     7-тармағының үшінші абзацы алынып тасталсын; 
     8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
     "Комиссия қызметін ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз етуді оның 
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрамына кіретін хатшылығы 
жүзеге асырады". 
     8. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
                                  Қазақстан Республикасы Президентінің 
                                     1999 жылғы 24 наурыздағы N 89 
                                           Жарлығына қосымша 
     
            Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің 
             құрылымы мен Қазақстан Республикасы Президентінің 
          қызметін қамтамасыз ететін лауазымды адамдардың тізбесі 
     
              Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін 
              қамтамасыз ететін лауазымды адамдардың тізбесі 
     
     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы 
     Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері 
жөніндегі көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы 
     
                   Қазақстан Республикасының Президенті 
                          Әкімшілігінің құрылымы 
     
     Президент Әкімшілігінің Басшысы мен оның орынбасарлары 
     Президенттің көмекшісі мен кеңесшілері 
     Президенттің Парламенттегі Өкілдігі 
<*>

     Президент Кеңсесі 
     Президенттің Хаттама қызметі 
     Президенттің Баспасөз қызметі 
     Мемлекеттік-құқық бөлімі 
     Ұйымдастыру-бақылау бөлімі
     Қоғамдық-саяси бөлім 
     Жалпы бөлім 
     Кадр жұмысы бөлімі 
     Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі 
     Қауіпсіздік кеңесінің Талдау орталығы 
     Мемлекеттік хатшының хатшылығы 
     Әкімшілік Басшысының хатшылығы 
     Президент көмекшісінің хатшылығы 
     Қауіпсіздік кеңесінің хатшылығы 
     Әскери және әскери-техникалық мәселелер жөніндегі сарапшылар тобы 
     Президент Әкімшілігінің бухгалтериясы 
     Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің 
Экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімі 
<*>

     
     ЕСКЕРТУ. Құрылым өзгерді - ҚР Президентінің 2000.05.12. N 391         
              Жарлығымен.  

U000391_

 
     ЕСКЕРТУ. Құрылым өзгерді - ҚР Президентінің 2001.01.26. N 542         
              Жарлығымен.  

U010542_

 

     Оқығандар:
     Қасымбеков Б.А. 
     Икебаева Ә.Ж. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады