"Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Конституциялық заң күші бар N 2694 Жарлығының 15-бабының 1-тармағына, 10-бабының 1-тармағына сәйкес және Республиканың әкімшілік аумақтық құрылысындағы өзгерістерге байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :
1. Мына соттар:
1) Ақтөбе облысы бойынша:
Әйтеке би, Ақтөбе, Мұғаджар аудандық соттары;
2) Батыс Қазақстан облысы бойынша:
Жалпақтал, Приуралье аудандық соттары;
3) Қызылорда облысы бойынша:
Сырдария аудандық соты;
4) Қостанай облысы бойынша:
Амантоғай, Арқалық, Октябрь аудандық соттары;
5) Жамбыл облысы бойынша:
Жаңатас, Қаратау қалалық соттары таратылсын.
2. Мына соттар:
1) Ақтөбе облысы бойынша:
Бөгеткөл аудандық соты Әйтеке би аудандық соты;
Ленин аудандық соты Қарғалы аудандық соты;
Октябрь аудандық соты Мұғалжар аудандық соты болып;
2) Жамбыл облысы бойынша:
Жамбыл қалалық соты Тараз қалалық соты болып;
3) Қостанай облысы бойынша:
Камышнин аудандық соты Қамысты аудандық соты;
Комсомол аудандық соты Қарабалық аудандық соты;
Кустанай облыстық соты Қостанай облыстық соты;
Кустанай қалалық соты Қостанай қалалық соты;
Кустанай аудандық соты Қостанай аудандық соты;
Ленин аудандық соты Ұзынкөл аудандық соты;
Орджоникидзе аудандық соты Денисов аудандық соты;
Семиозер аудандық соты Әулиекөл аудандық соты;
Урицкий аудандық соты Сарыкөл аудандық соты болып;
4) Қызыолорда облысы бойынша:
Кзыл-Орда облыстық соты Қызылорда облысы соты;
Кзыл-Орда қалалық соты Қызылорда қалалық соты болып қайта аталсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев