Қазақстан Республикасының кейбір аудандық (қалалық) соттарын тарату, Қызылорда және Қостанай облыстық соттарын, кейбір аудандық (қалалық) соттарын қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 3 шілдедегі N 3580 Жарлығы

      "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Конституциялық заң күші бар N 2694 Жарлығының 15-бабының 1-тармағына, 10-бабының 1-тармағына сәйкес және Республиканың әкімшілік аумақтық құрылысындағы өзгерістерге байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :

      1. Мына соттар:
      1) Ақтөбе облысы бойынша:
      Әйтеке би, Ақтөбе, Мұғаджар аудандық соттары;
 
      2) Батыс Қазақстан облысы бойынша:
      Жалпақтал, Приуралье аудандық соттары;
 
      3) Қызылорда облысы бойынша:
      Сырдария аудандық соты;
 
      4) Қостанай облысы бойынша:
      Амантоғай, Арқалық, Октябрь аудандық соттары;
 
      5) Жамбыл облысы бойынша:
      Жаңатас, Қаратау қалалық соттары таратылсын.

      2. Мына соттар:
      1) Ақтөбе облысы бойынша:
      Бөгеткөл аудандық соты Әйтеке би аудандық соты;
      Ленин аудандық соты Қарғалы аудандық соты;
      Октябрь аудандық соты Мұғалжар аудандық соты болып;

      2) Жамбыл облысы бойынша:
      Жамбыл қалалық соты Тараз қалалық соты болып;
 
      3) Қостанай облысы бойынша:
      Камышнин аудандық соты Қамысты аудандық соты;
      Комсомол аудандық соты Қарабалық аудандық соты;
      Кустанай облыстық соты Қостанай облыстық соты;
      Кустанай қалалық соты Қостанай қалалық соты;
      Кустанай аудандық соты Қостанай аудандық соты;
      Ленин аудандық соты Ұзынкөл аудандық соты;
      Орджоникидзе аудандық соты Денисов аудандық соты;
      Семиозер аудандық соты Әулиекөл аудандық соты;
      Урицкий аудандық соты Сарыкөл аудандық соты болып;

      4) Қызыолорда облысы бойынша:
      Кзыл-Орда облыстық соты Қызылорда облысы соты;
      Кзыл-Орда қалалық соты Қызылорда қалалық соты болып қайта аталсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                   Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады