Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.
Қазақстандық патриотизм мен кәсiптiк мақтанышты, сондай-ақ жалпы адамзаттық ынтымақтастықты тәрбиелеу мақсатында қаулы етемiн:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелердiң тiзбесi бекiтiлсiн.
Ескерту. Тақырыбына, 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2003.11.15 N 1226 жарлығымен.2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы N 3827 Жарлығымен бекiтiлген |
Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелердің
тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.10.2011 N 164 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2012.08.28 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 01.03.2013 N 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.11.2013 N 698 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.12.2013 N 716 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 04.05.2014 N 814; 29.08.2014 N 900; 14.01.2016 N 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
1. | Алғыс айту күні | - | 1 наурыз |
1-1. | Геолог күні | - | сәуірдің бірінші жексенбісі |
2. | Ғылым қызметкерлері күні | - | 12 сәуір |
2-1. | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күні | - | 21 сәуір |
3. | Алып тасталды - ҚР Президентінің 01.03.2013 N 511 Жарлығымен. | ||
3-1. | Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні | - | 21 мамыр |
4. | Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні | - | 31 мамыр |
5. | Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні | - | мамырдың соңғы жексенбісі |
6. | Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні | - | 4 маусым |
7. | Эколог күні | - | 5 маусым |
8. | Алып тасталды - ҚР Президентінің 29.08.2014 N 900 Жарлығымен. | ||
9. | Полиция күні | - | 23 маусым |
9-1. | Мемлекеттік қызметші күні | - | 23 маусым |
10. | Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні | - | маусымның екінші жексенбісі |
11. | Медицина қызметкері күні | - | маусымның үшінші жексенбісі |
12. | Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні | - | 28 маусым |
13. | Дипломатиялық қызмет күні | - | 2 шілде |
14. | Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің күні | - | 13 шілде |
15. | Металлург күні | - | шілденің үшінші жексенбісі |
16. | Көлік қызметкерлері күні | - | тамыздың бірінші жексенбісі |
17. | Құрылысшы күні | - | тамыздың екінші жексенбісі |
17-1 | Шекарашылар күні | - | 18 тамыз |
18. | Спорт күні | - | тамыздың үшінші жексенбісі |
19. | Шахтер күні | - | тамыздың соңғы жексенбісі |
20. | Білім күні | - | 1 қыркүйек |
21. | Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні | - | қыркүйектің бірінші жексенбісі |
21-1. | Отбасы күні | - | қыркүйектің екінші жексенбісі |
22. | Қазақстан халқы тілдерінің күні | - | қыркүйектің үшінші жексенбісі |
23. | Атом саласының қызметкерлерінің күні | - | 28 қыркүйек |
24. | Әділет органдары қызметкерлерінің күні | - | 30 қыркүйек |
25. | Алып тасталды - ҚР Президентінің 22.11.2013 N 698 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен. | ||
26. | Машина жасаушы күні | - | қыркүйектің соңғы жексенбісі |
26-1. | Еңбек күні | - | қыркүйектің соңғы жексенбісі |
27. | Мұғалім күні | - | қазанның бірінші жексенбісі |
28. | Құтқарушы күні | - | 19 қазан |
29. | Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні | - | қазанның соңғы жексенбісі |
30. | Статистика күні | - | 8 қараша |
31. | Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі | - | 15 қараша |
32. | Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні | - | қарашаның үшінші жексенбісі |
33. | Прокуратура күні | - | 6 желтоқсан |
34. | Алып тасталды - ҚР Президентінің 29.08.2014 N 900 Жарлығымен. | ||
35. | Энергетик күні | - | желтоқсанның үшінші жексенбісі |