"Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 173 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1, 1-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелердің тізбесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Алғыс айту күні – 1 наурыз";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Геолог күні – сәуірдің бірінші жексенбісі".

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады