1. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы N 3614 U973614_ Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережеге:
1) 4-тармақтың бесінші абзацы "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі" сөздерінен кейін "Қазақстан Республикасы Президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы" сөздерімен толықтырылсын;
2) 5-тармақтың екінші абзацындағы "оның тиісті орынбасары" сөздері "Қазақстан Республикасы Президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы" сөздерімен алмастырылсын;
3) 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Институт Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің жалпы басшылығымен және Қазақстан Республикасы Президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының жедел басшылығымен жұмыс істейді". 2.Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А.