---------------Қаулыдан үзінді-------------------
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгінiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын...
Төраға
Күшi жойылды деп танылған
нормативтiк құқықтык актiлердiң тiзбесi
11. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Өтімді бағалы қағаздардың жекелеген түрлерiн шығару кезінде ақпарат беру туралы" 2000 жылғы 12 қаңтардағы N 56 қаулысы "Қазақстан Республикасының нормативтiк құқтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тізілімінде N 1057 тiркелген, "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында жарияланған, 2000 жыл, N 3)...
___________________________________
Қазақстан Республикасы ұйымдарының эмиссиялық белсендiлiктерi туралы ақпаратты жинау және талдау жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755
U973755_
жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) туралы ереженiң 4-тармағының 3) тармақшасының негiзiнде Ұлттық комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы Қаулының 2-тармағында көрсетiлген өтiмдi бағалы қағаздардың жекелеген түрлерiн шығару кезiнде, оларды орналастыру аяқталғаннан кейiн 15 күн iшiнде олардың эмиссиясының проспектiлерi және еркiн нысанда жасалған және шығарылым елiнiң, шығарылым валютасы, шығарылым сомасы, шығарылым андеррайтерлерi (менеджерлерi) және орналастырылу сәтiне шығарылған бағалы қағаздардың бағасы туралы ақпарат енгiзiлген оларды шығарудың және орналастырудың қорытындылары туралы есептiң Ұлттық комиссияға беру керектiгi белгiленсiн.
2. Осы Қаулының 1-тармағымен айқындалған норманың базалық активтерi Қазақстан Республикасының ашық акционерлiк қоғамдары болып табылатын, "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның ресми тiзiмiне енгiзiлген өтiмдi бағалы қағаздардың мынадай түрлерiне қолданылатындығы белгiленсiн:
1) американың депозитарлық акциялары (Амеriсаn Dероsitаrу Shаrеs);
2) американың депозитарлық сенiмхаттары (Амеriсаn Dероsitаrу Rесеiрts);
3) ауқымды депозитарлық акциялар (Glоbаl Dероsitаrу Shаrеs),
4) ауқымды депозитарлық сенiмхаттар (Glоbаl Dероsitаrу Rесеiрts).
3. Осы Қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес ұсынылуға жататын ақпаратты Ұлттық комиссияға:
1) демеушiлiк жасалған өтiмдi бағалы қағаздарды шығару кезiнде (осы акционерлiк қоғамның бастамасы бойынша және/немесе қолдаған кезде) акцияларына өтiмдi бағалы қағаздар шығарылған акционерлiк қоғамдардың;
2) осындай бағалы қағаздардың демеушiлiк жасалмаған шығарылымы кезiнде (акцияларына осы өтiмдi бағалы қағаздар шығарылған акционерлiк қоғамның бастамасынсыз және қолдауынсыз) Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногының өтiмдi бағалы қағаздар шығаруға және орналастыруға қатысқан кәсiби қатысушыларының беретiндiктерi белгiленсiн.
4. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енгiзiлетiндiгi белгiленсiн.
5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып) және "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның назарына жеткізсін.
6. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы осы Қаулыны бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметін жүзеге асыратын және "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның және бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымдарының мүшелері болып табылмайтын ұйымдардың назарына жеткізсін.
7. Осы Қаулының орындалысына бақылау жасау Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтік қаржылар басқармасына жүктелсін.
Комиссияның Төрағасы
Комиссияның мүшелері