-----------Бұйрықтан үзінді----------
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрлігінің
2005 жылғы 2 маусымдағы
N 75 бұйрығына қосымша
Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 14 наурыздағы N 118 (тіркелген N 1096) "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 4 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 137 "Қазақстан Республикасында өндiрілетiн және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акцизделетiн тауарларға және құмар ойын бизнесiне арналған акциз ставкалары туралы" қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715
V991058
"2000 жылға арналған Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы бекiту туралы" бұйрығына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасында:
бюджет кiрiстерiнiң сыныптамасында:
"105229 Газ конденсатын қосқанда шикi мұнай" деген жолдан кейiн
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"105230 Мұнай өңдейтiн зауыттарда сатылатын бензин
105231 Бөлшек саудада сатылатын бензин
105232 Мұнай өңдейтiн зауыттарда сатылатын дизель отыны
105233 Бөлшек саудада сатылатын дизель отыны".
2. Осы бұйрық 2000 жылғы 1 сәуiрден бастап күшiне енедi.
Министр